Қолданыстағы ред. 30.10.2003

Аудан әкімінің жанындағы Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесін құру туралы от 30.10.2003 г. № 17-3 (Аудан әкімінің жанындағы Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесін құру туралы)

0

Аудан әкімінің жанындағы Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын , Қазақстан Республикасы Президентінің "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы" 2000 жылдың 20 сәуірдегі Жарлығын орындау мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан әкімі жанындағы Қылмыспен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі төмендегідей құрамда құрылсын:
Марат Кенжетайұлы Унгарбеков - аудан әкімі, үйлестіру
Кеңесінің төрағасы
Қайыр Абзалұлы Қарсақов - аудан прокуроры,
төраға орынбасары
(келісім бойынша)
Жолдыбай Жаңатауұлы Батырниязов - аудан әкімі
аппаратының басшысы,
төраға орынбасары
Орынбек Шатланұлы Мұрадымов - аудан әкімі
аппаратының жалпы
бөлімінің бас маманы-
заңгер, үйлестіру
Кеңесінің хатшысы
Әділ Тауфикұлы Жоламанов - аудандық салық
комитетінің төрағасы
(келісім бойынша)
Хайролла Қарпанұлы Құрматов - аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
(келісім бойынша)
Махмет Мүтиұлы Қажиахметов - аудандық "Қайнар"
газетінің редакторы
(келісім бойынша)
Ерлан Құбиұлы Ибрашев - аудандық қылмыстық
атқару инспекциясының
аға инспекторы
(келісім бойынша).

2

2. Аудан әкімінің жанындағы қылмыспен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы Ереже бекітілсін (N 1 қосымша).

3

3. Аудан әкімінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі N 22 шешімі жойылсын.

4

4. Аудан әкімінің жанындағы қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесін дербес құрамы мәслихат сессиясына бекітуге ұсынылсын.

5. Аудан әкімінің жанындағы қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен Күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ

Аудан әкімиятының
2003 жылғы 30 қазандағы
N 17-3 қаулысына N 1 қосымша
Аудан әкімінің жанындағы қылмыспен және сыбайлас
жемқорлықпен Күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1.1

1.1. Қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) аудан әкімінің жанындағы ақыл-кеңес органы болып табылады қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру мәселелерінде атқарушы, құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдардың қызметтерін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етеді.

1.2

1.2. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, еліміздің Президенті мен Үкіметінің актілеріне, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүргізеді.

1.3

1.3. Кеңес құрамын аудан әкімі анықтайды және бекітеді.

2. 2. Кеңестің негізгі мақсаты:

2. Кеңестің негізгі мақсаты:
Кеңестің негізгі мақсаты мен міндеті мыналар болып табылады:

2.1

2.1. аудандық атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдардың қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру салаларында құқық тәртібі мен заңдылықты нығайтуда ведомствоаралық үйлестіру қызметін қамтамасыз ету болып табылады;

2.2

2.2. аудандағы қалыпты құқықтық жағдайды талдау, қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөніндегі шаралар жоспарын қарау және бекіту;

2.3

2.3. ішкі істер қызметтері, прокуратура, салық органдарының қылмыскерлік және жемқорлықпен күрес жөніндегі қызметінің аясын дамыта түседі.

2.4

2.4. Қазақстан Республикасының Заңдарын, еліміздің Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, атқарушы, құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдардың қылмыскерлік және жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі орындаушылық мүмкіншіліктерін зерттеу.

3. 3. Кеңестің қызметі

3. Кеңестің қызметі
Кеңес мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

3.1

3.1. Кеңестің мәжілістерінде атқарушы, құқық қорғау органдарының облыста қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастырудағы жағдайын қарастыру;

3.2

3.2. атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдарының қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру жөніндегі басшыларының есебін тыңдау;

3.3

3.3. жоғарыда аталған жұмыстарды жақсарту жөнінде нұсқаулық даярлау;

3.4

3.4. Кеңеске жүктелген өзге міндеттерді орындау.

4. 4. Кеңестің өкілеттігі

4. Кеңестің өкілеттігі
Кеңес негізгі мақсаттарды жасыру және өз міндеттерін орындауда мынадай құқыққа ие болады:

4.1

4.1. атқарушы, құқық қорғау органдардан ақпараттарды, құжаттарды және материалдарды сұрастыруға және алуға;

4.2

4.2. қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру жөнінде ұсыныстарды және нұсқаулықтарды әзірлеу;

4.3

4.3. құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдарының қызметкерлерін Кеңестің мәжілісіне материалдарды әзірлеу үшін тарту.

5. 5. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

5. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

5.1

5.1. Кеңес жоспарға сәйкес жұмыс істейді. Оның мәжілісі ай сайын және қажеттілігіне қарай өткізіледі.

5.2

5.2. Кеңес мәжілісін Төраға немесе оның орынбасарлары тапсырмасымен Кеңестің бір мүшесі өткізеді. Оған Кеңестің мүшелерінің жартысынан көбі қатысса ғана, құқылы болып есептеледі.

5.3

5.3. Кеңестің шешімі жәй көпшілік дауыспен қабылданады, ол хаттамамен рәсімделіп, оны Төраға бекітеді.