О создании жилищной комиссии Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғын үй комиссиясын құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына, 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94-1 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 қыркүйектегi N 1292 "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан жалға немесе қолдануға үй беру тәртiбi туралы" қаулысына сәйкес аудан әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Аудан әкiмиятының жанында тұрғын үй комиссиясы құрылсын (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Аудан әкiмиятының жанындағы тұрғын үй комиссиясы туралы Ереже бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкiмiнiң орынбасары В.А. Сажинға жүктелсiн.
Басқа 4. Бородулиха ауданы әкiмиятының тұрғын үй комиссиясының
Бородулиха ауданы әкiмиятының 2003 ж. 24 қыркүйек N 690 қаулысына N 1 қосымша Бородулиха ауданы әкiмиятының тұрғын үй комиссиясының ҚҰРАМЫ Сажин Владимир Алексеевич аудан әкiмiнiң орынбасары комиссия төрағасы Ротнов Виктор Владимирович аудан әкiмiнiң мемлекеттiк- құқықтық сұрақтар бойынша кеңесшiсi, комиссия төрағасының орынбасары Лаукарт Иван Иванович құрылыс, архитектура және ТКШ   бөлiмiнiң бастығы, комиссия хатшысы Комиссия мүшелерi: Бектембаева Файза Фазылқызы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының бастығы Алпыспаева Шолпан Айтқалиқызы аудандық қаржы бөлiмiнiң меңгерушiсi Бастриков Виталий Викторович аудандық бiлiм бөлiмiнiң   меңгерушiсi Асаубаева Маркисян Байдрахманқызы денсаулық сақтау бөлiмiнiң      меңгерушiсi Мусина Үмiтжан Орынбасарқызы аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Аппарат басшысы
Басқа 5. Бородулиха ауданы әкiмиятының тұрғын үй комиссиясы туралы
Бородулиха ауданы әкiмиятының 2003 ж. 24 қыркүйек N 690 қаулысына N 2 қосымша Бородулиха ауданы әкiмиятының тұрғын үй комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Аудандық тұрғын үй комиссиясы (одан әрi Комиссия) аудан әкiмиятының жанындағы үнемi жұмыс iстейтiн ұйым болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметiнде ҚР Конституциясымен, ҚР Азаматтық Кодексiн, ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы "ҚР жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94-1 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарын, ҚР Үкiметiнiң 02.09.1999 ж. N 1292 "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан жалға немесе қолдануға үй беру тәртiбi туралы" қаулысын, осы Ереженi және Қазақстан Республикасының нормативтi-құқықтық актiлерiн қолданады.
Тармақ 2. 2. Комиссияның негiзгi функциялары және өкiлеттiлiктерi
2. Комиссияның негiзгi функциялары және өкiлеттiлiктерi
Тармақ 3
3. Комиссия осы елдi мекенде үнемi тұратын (тұру мерзiмiне қарамастан) ауданның үйдi қажет ететiн азаматтарына және әлеуметтiк қорғалмаған, үйдi қажет ететiн мемлекеттiк қызметкерлерге, бюджеттiк ұйымдардың жұмысшыларына, әскери қызметкерлерге және мемлекеттiк сайлау қызметкерлерге қолдануға үй беру мақсатында құрылды.
Тармақ 4
4. Комиссия өз қызметiнде жергiлiктi атқарушы органның алдында жауапты. Мемлекеттiк тұрғын үй беру Комиссия шешiмiнiң негiзiнде жергiлiктi атқарушы органның қаулысымен рәсiмделедi.
Тармақ 5
5. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк қордан тұрғын үй беру кезегiн анықтау;
Тармақша 2
2) ауданның үйдi қажет ететiн адамдар санының бөлек тiзiмiн жасау;
Тармақша 3
3) қызығушы адамдарды мемлекеттiк қордан тұрғын үй алуға есепте тұрған адамдармен, сонымен бiрге соңғы 24 айда үй алған адамдар тiзiмiмен таныстырады. Осындай тiзiмнiң формасында отбасының құрамы туралы мәлiмет, есепке тұрғызылған кезi, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан үй алу негiзi және оның көлемi болуы керек.
Тармақ 6
6. Азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлген үй жақсы жағдайда, үйдi алуға есепте тұрған елдi мекенде қолданылатын бекiтiлген техникалық, санитарлық және басқа да мiндеттi талаптарға сай болуы керек.
Тармақ 3. 3. Комиссия қызметiн ұйымдастыру
3. Комиссия қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Комиссия құрамында төрағасы (әкiм орынбасары), комиссия мүшелерi және комиссия хатшысы аудан әкiмiнiң аппаратында штаттық қызметкерлер санынан құрылады.
Тармақ 8
8. Комиссияны оның қызметiне басшылық жасайтын төраға басқарады, ол комиссия отырысында төрағалық етедi, отырыстың күн тақырыбын бекiтедi, шешiмдердiң жүзеге асырылуына жалпы бақылау жасайды және комиссия жүзеге асыратын қызметтерге жауапты. Төрағаның жоқ кезiнде оның қызметiн орынбасары атқарады.
Тармақ 9
9. Комиссия хатшысы:
Тармақша 1
1) Комиссия отырысы үшiн күн тақырыбын құрады;
Тармақша 2
2) Комиссия шешiмiнiң орындалуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 3
3) Комиссия отырысының хаттамасын құрайды.
Тармақ 10
10. Комиссия отырысы қажет болған кезде ғана өткiзiледi және оны төраға шақырады.
Тармақ 11
11. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша комиссия төрағасы, хатшы және мүшелерi қол қоятын хаттама жасалады. Комиссия шешiмi ашық дауыстың көпшiлiгiмен қабылданады және оған комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе қабылданған болып табылады. Тең дауыс берiлген жағдайда төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
Тармақ 12
12. Комиссия мүшелерiнiң өз ойын бiлдiруге құқығы бар, сөз айтылған жағдайда ол комиссия отырысының хаттамасына енгiзiледi, жазба түрде жазылуы және хаттамаға қосарлануы керек. Аппарат басшысы