О Правилах оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) и Правилах исчисления совокупного дохода Күшін жойған
Басқа 0
Тұрмыстары төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйлік көмек көрсету және жиынтық кірістерді есептеу туралы Ережелер
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97-бабының 2-тармағына сәйкес жалғыз тұратын азаматтар мен әлеуметтік көмекті қажет ететін топтарды қорғау мақсатында жиынтық кірістерді есептеу ережелерінің өзгеруіне байланысты Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тұрмыстары төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйлік көмек көрсету Ережесі бекітілсін (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Жиынтық кірісті есептеу Ережесі бекітілсін (2-қосымша).
Тармақ 3
3. 2003 жылдың 1 қарашасынан тұрғын үйлік көмек тағайындап және төлеу аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы жүргізсін.
Тармақ 4
4. Қостанай аудандық мәслихатының 2002 жылғы 19 наурыздағы № 125 «Тұрмыстары төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйлік көмек көрсету тәртібі жөніндегі Ережесіне өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1380), 2003 жылғы 13 мамырдағы № 181 «Қостанай аудандық мәслихатының 2002 жылғы 19 наурыздағы № 125 шешімімен бекітілген мемлекеттік тіркеу нөмірі 1380 тұрмыстары төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйлік көмек көрсету тәртібін анықтайтын Ережесіне өзгерістер енгізу туралы»(мемлекеттік тіркеу нөмірі 2235) бекітілген шешімдерінің көші жойылды деп есептелсін.
Басқа 5. Тұрмыстары төмен отбасыларына (азаматтарға)
тұрғын үйлік көмек көрсету
ЕРЕЖЕСІ
Қостанай аудандық мәслихатының
2003 жылғы 22 қазандағы
№ 14 шешіміне
1-қосымша
Тұрмыстары төмен отбасыларына (азаматтарға)
тұрғын үйлік көмек көрсету
ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үйлік көмек халықтың тұрмыстары төмен бөлігіне тұрғын үйлік төлемақылар шығыстарымен коммуналдық тұтыну қызметтерін және тұрғын үйлерді жалдауды өтеуге берілетін халықты әлеуметтік қорғау түрлерінің бірі болып саналады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үйлік көмек ауданның тұрақты тұрғындарына, егер олардың тұрғын үйлік төлемақылары және коммуналдық қызметтерді тұтыну деңгейі тұрғын үй көлемінің нормаланған шегіндегі төлемақы шараларымен және әр отбасы бюджетінің нормативі коммуналдық қызметті тұтынудағы өтем ақылармен қамтамасыз етілетін шығыстары, осы мақсаттағы шығыстар шегінен аспаған жағдайларда беріледі. Берілген шектегі тұрғын үйлік қызметтер мен коммуналдық қызметтерді пайдалану отбасыларының жиынтық кірісінің 25 пайызы мөлшерінде орталықтандырылған жылу жүйесін пайдаланатындарға және 50 пайызы автономдық жылумен және тұрғын үйді жылытуға газ тұтынатындарға беріледі. Осы белгіленген нормадан жоғары коммуналдық тұрғын үй қызметтерін тұтыну төлемақылары жалпы негізде жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Өтемақыларымен қамтамасыз етілетін көлемнің нормасы әр отбасы мүшелеріне берілетін тұрғын үй нормасына эквивалентті, тұрғын үй заңнамасымен белгіленген ол бір адамға 18 шаршы метрін құрайды, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес. Жалғыз басты азаматтарға 30 шаршы метр барлық иеленген көлеміне байланыссыз, бірақ нақты көлемінен жоғары емес.
Тармақ 4
4. Өтем шараларымен қамтамасыз ететін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативін есептеу приборлары жоқ тұтынушыларға (жылу, сумен, газбен, электр қуаты, кәріз су арнасы, қоқыс шығару, қолданбалы шығыстар) облыс әкімі бекітеді, электроэнергияның қолдану нормасы бір адамға 45 квт. Егерде ол нормативтер және тарифтер тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға заңды түрде анықталмаған жағдайда, шығындарды өтеу нақты түрдегі шығыстар бойынша жүргізіледі, бірақ бекітілген коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативінен артық болмауы керек. Тұтынушылардың есепке алатын шығындары, яғни оны коммуналдық қызметтері есепке алатын аспаптары болса, оның алдындағы тоқсанға немесе соңғы тоқсанға, яғни қызметтер толық деңгейде көрсетілгендіктен есеп аспаптарының көрсеткіші бойынша жүргізіледі, бірақ бекітілген коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативінен артық болмауы керек.
Тармақ 5
Тармақ 5
5. Тұрғын үйлік көмек, аудан көлемінде тұрақты түрде тұратын, және меншігі бар өзінің немесе жалмен (арендамен) пайдаланатын тұрғын үйі бар жеке тұлғаларға тағайындалады.
Тармақ 6
6. Жеке меншігінде бірнеше тұрғын үйлері (пәтерлері, үйлері) бар немесе тұрғын үйлерді (жалға) берушілер тұрғын үйлік көмек алу құқықтарын жоғалтады. Бұл нормалар кезінде жекешелендіруге қатысқандарға әке-шешелері балаларымен немесе неке бұзғандарға өз әрекетін тигізбейді.
Тармақ 7
7. Егерде отбасында еңбекке жарамды кісілер болса, бірақ жұмыс істемейтін немесе оқымайтын, әскер қатарында қызмет атқармайтын және жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз деген атағы жоқ және де еңбек демалысында еңбек ақысыз алты айдан жоғары жүрген азаматтардың тұрғын үйлік көмекті алуға құқықтары жоқ. Осы азаматтарды қоспағанда: бір айдан кем уақыт стационарлық емдеуде болғандар, құрт ауруларымен ауыратындар және қатерлі ісіктермен, жүйке ауруларымен ауыратындар, емдеу органдарында тұрақты есепте тұрғандар және емдеу мекемелерінің дәрігерлік кеңес комиссияларының қорытуымен уақытша еңбекке жарамсыздар, оқушылар мен студенттер, тыңдаушылар мен күндізгі оқу түрлеріндегі курсанттар, магистра аспирантураларды есептегенде және 1 топтағы мүгедектерді және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар күтумен айналысатындар, 80 жастан асқан зейнеткерлер, жеті жасқа дейінгі балалар.
Тармақ 8
8. Отбасыларында жұмыссыз отбасы мүшелері бар, бірақ берілген жұмыстан себепсіз бас тартқан жұмыссыздар немесе жұмысқа орналасқысы келмегендер, өз еркімен қоғамдық жұмыстарға қатысуды оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқандар тұрғын үйлік көмек алу құқығын алты айға жоғалтады.
Тармақ 9
9. Тұрғын үйлік көмекті алушылар 10 күн ішінде тұрғын үйлік көмек көрсету органдарына өз меншігіндегі тұрғын үйдегі кез келген өзгерістер бойынша мәлімдемелерді, семья құрамы, оның жалпы кірісі және дұрыс саналмаған көмек жайлы мәліметтерді беріп тұрулары керек. Әлеуметтік қорғау органдарына жалған мәліметтер бергені үшін оның арқасында жоғары немесе заңсыз өтемақылар төленсе алынған тұрғын үйлік көмек толық мөлшерде бюджетке қайтарылуы тиіс. Ал оны заңсыз түрде алғандар міндетті түрде белгіленген заң тәртібі бойынша қайтарып берулері керек, ал одан бас тартқанда сот арқылы жүзеге асырылады.
Комиссияның шешімі бойынша жалған мәліметтерді тұрғын үйлік көмек алуға бергені үшін бір жылға дейін тұрғын үйлік көмек алу құқығынан айырылады.
Тарау 2. 2. Тұрғын үйлік көмекті белгілеу
2. Тұрғын үйлік көмекті белгілеу
Тармақ 10
10. Тұрғын үйлік көмек алуға құқығы бар кісі аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына (әрмен қарай - уәкілетті орган) арыз, арызға қоса үйдің әкімнің меншігінде екені туралы құжат (жал шарты келісімі) отбасы құрамы, отбасының жиынтық кірісі бір тоқсан бойынша былтырғы кезеңге сәйкес, есеп приборларының құжатымен сендірілген нақты коммуналдық шығыс береді. Жиынтық кірісті есептегенде тұрғын үйлік көмекті тағайындау үшін отбасының тұрғын үйлік және атаулы көмектерден басқа барлық кірістері есептеледі.
Егерде мұның алдындағы тоқсанда өтініш жасағанға дейін егер бір және бірнеше отбасы құрамының мүшелері жұмыссыздар қатарында болып жұмыспен қамту орталығына тіркелмесе тұрғын үйлік көмек тағайындалмайды.
Тармақ 11
11. Тұрғын үйлік көмекті көрсету туралы шешімді санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмекті комиссия қабылдайды.
Тармақ 12
12. Келіп түскен құжаттарды қарау нәтижесі меншік иесі мен жалдаушының және уәкілетті орган арасында келісім шарт жасалады.
Тармақ 13
13. Арыз берушінің тапсырған құжаттарының нақтылығына күмән туса уәкілетті орган қосымша құжаттарды талап етуге құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үйлік көмек тағайындауға міндетті түрде тиісті мәліметтер тапсыруға міндетті.
Тармақ 14
14. Тұрғын үйлік көмек аударым түрде беріледі, қызмет көрсетушілер арасында бөлінеді және азаматтың арызы бойынша аударылады.
Тармақ 15
15. Тұрғын үйлік көмектер ағымдағы тоқсанда құжаттарын тапсырған айдан бастап (тек бірінші тоқсаннан басқа жылу беру науқаны бітуіне байланысты көмек жылу беру науқаны біткенше) тағайындалады. Ағымдағы айға құжаттар қабылдау айдың 24-і күні бітеді. Тағайындалған тұрғын үйлік көмек толық бір теңгеге дейін дөңгеленеді. Әр отбасының тұрғын үйді ұстауға төлемақыларының тиісті шектелген шығыс мөлшерін және коммуналдық қызметтерді тұтыну үлесінің өзгеруіне байланысты отбасының кірістері және коммуналдық қызметтердің тарифтеріне уәкілетті органдар бұрынғы белгіленген соманы қайтадан есептейді.
Тармақ 16
16. Тұрақты табыс көздері жоқ азаматтарға тұрғын үйлік көмектің мөлшерін есептеп белгілегенде келесі есептік көрсеткіштер пайдаланады:
Тармақша 1
1) 16-18 жасқа дейін оқымайтын азаматтарға бір айлық есеп көрсеткіші өткен тоқсанға;
Тармақша 2
2) жоғарғы немесе арнайы орта білімдік оқу орындарының күндізгі бөлімдерінде оқитын студенттерге екі айлық есеп көрсеткіші өткен тоқсанға;
Тармақша 3
3) жұмыссыз және алты айға дейін еңбек ақысыз демалыстағы азаматтарға, 18 жастан зейнеткерлік жасқа жеткендерге екі айлық есептік көрсеткіш өткен тоқсанға.
Тармақ 17
17. Көмектің мөлшері жалгердің (меншік иесінің) нақты төлемнің айырмашылығы есебінде шығарылады, тұрғын үйлік және коммуналдық қызметті тұтынудың нормалы шегінде өтем ақы шараларымен қамтамасыз етілетін және тиісті деңгейдегі отбасының шектелген осы мақсаттағы шығыстары және нақты шығындар сомасынан аспауы керек.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру көздері
3. Қаржыландыру көздері
Тармақ 18
18. Тұрғын үй төлем ақы көмектерін төлеу жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Тұрғын үйлерді ұстауға нормативті есептік шығыстарды белгілеу және коммуналдық қызметтерді беру табиғи монополияны реттеу мен бәсекелестікті қорғау Қазақстан Республикасы Департаментінің бақылауы-мен жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Өкілетті орган тағайындалған жәрдемақы сомасын көрсетіп тұрғын үй көмегін алушылардың тізімдерін жасайды және әр айдың бесінші күніне төлеу үшін қаржы органына жинақты ведомстволар тапсырады.
Тармақ 21
21. Қаржы органдары тапсырылған ведомстволар негізінде төлем тапсырмасымен әкімшілік программасын төлеу жергілікті бюджетте қарастырылған ассигнования есебінен қаржыландырады.
Тармақ 22
22. Аудандық қаржы басқармасы жылына бір рет бірінші реттегі құжаттармен міндетті түрде бюджет қаражатын тұрғын үйлік көмекке жұмсаудың дұрыстығын тексереді.
Тарау 4. 4. Тұрғын үйлік көмекті тағайындауға азаматтардың
әлеуметтік қорғау органдарына өтініш жасау тәртібі
4. Тұрғын үйлік көмекті тағайындауға азаматтардың
әлеуметтік қорғау органдарына өтініш жасау тәртібі
Тармақ 23
23. Тұрғын үйлік көмекке үміткерлер еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына міндетті түрде тұрғын үйлік көмек тағайындау жөнінде арыз тапсыруы керек, оған қоса:
Тармақша 1
1) тұрғын үйлік-коммуналдық қызмет көрсету келісімдер;
Тармақша 2
2) отбасының жалпы кірісін куәландыратын құжаттар (тоқсан сайын). Жұмыс істейтіндердің еңбек ақысы туралы анықтама, ажырасқандығы, алимент туралы, қосалқы шаруашылық және ауласының барлығы туралы анықтама, қаржы комитетінің анықтамасы жеке кәсіпкерлікпен айналысуы туралы, жасы бойынша зейнеткерлер және жәрдемақы алушылар, зейнеткерлердің зейнетақылық кітапшасы;
Тармақша 3
3) қозғалмайтын мүлік орталығынан тұрғын үй барлығы жөнінде анықтама (жылу беру сезоны басталар алдында 18 жастан жоғары отбасының әр мүшесіне);
Тармақша 4
4) отбасы құрамы туралы анықтама;
Тармақша 5
5) пәтердің жоспарының көшірмесі;
Тармақша 6
6) жер үлесінің барлығы жөніндегі анықтама (18 жастан жоғары отбасының әр мүшесіне).
Басқа 43. Жиынтық кірістерді есептеп шығару
ЕРЕЖЕСІ
Қостанай аудандық мәслихатының
2003 жылғы 22 қазандағы
№ 14 шешіміне
2-қосымша
Жиынтық кірістерді есептеп шығару
ЕРЕЖЕСІ
Осы Ережелер жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үйлік көмектер алуға жататын отбасыларына (азаматтарға) жиынтық кірістерді есептеп шығару реттерін анықтайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелерде келесі түсініктер пайдаланылады:
арызданушы - ол өз тарапынан немесе өзінің отбасы атынан әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш жасаушы кісі;
орта есеп бойынша әр адамның кірісі - отбасының жиынтық кірісінің үлесі;
жиынтық кіріс - тұрғын үйлік көмек тағайындауға құқықты анықтау үшін есепке алынатын кіріс түрлерінің сомасы;
өкілетті орган - тұрғын үйлік жәрдемақыны тағайындауды жүзеге асырушы аудандық еңбек және әлеуметтік қолдау басқармасы.
Тармақ 2
2. Жеке кісілердің немесе отбасының жиынтық кірісін тұрғын үйлік жәрдемақы тағайындауға, оның құқығын анықтауды өкілетті орган есептеп шығарады.
Тармақ 3
3. Отбасының жиынтық кірісін анықтау үшін отбасы құрамындағы бірге тұратын, бірге ортақ шаруашылық жүргізетін және бір мекен жайда тіркелген барлық отбасы мүшелері есептеледі.
Тармақ 4
4. Кісінің (отбасының) жиынтық кірісіне Қазақстан Республикасында алынған табыстар және оның сыртындағы табыстар да кіреді, түсу көзіне қарамастан ақшалай немесе нақтылай түрінде (тұрғын үйлік көмектен басқа), тоқсан алдында, өткен тоқсанда әлеуметтік көмек тағайындауды өтінгенде:
Тармақша 1
1) еңбекақы түрінде алынған кірістер;
Тармақша 2
2) зейнетақы, стипендия, жәрдемақысы және басқа әлеуметтік төлемдер түрі;
Тармақша 3
3) балаларға және басқа қамқордағыларға алименттер;
Тармақша 4
4) денсаулыққа келтірген залалдарды қалпына келтіру үшін алынған бір жолғы сомалар;
Тармақша 5
5) өзіндік үй ауласындағы қосалқы шаруашылықтардан табыстар;
Тармақша 6
6) кәсіпкерлік және басқа жұмыс түрлерінен табыстар;
Тармақша 7
7) мүліктік салықтар.
Тарау 2. 2. Еңбекақы төлемі түріндегі табыстар
2. Еңбекақы төлемі түріндегі табыстар
Тармақ 5
5. Еңбекақы төлемі түріндегі алынған табыстарға жатады:
Тармақша 1
1) барлық еңбекақы түрлері және сыйақылар, қосымша төлемдер, үстеме және әлеуметтік жеңілдетулер ақшалай немесе заттай түрдегі (қаржыландыру көзіне байланыссыз) негізгі жұмыс орындары немесе бірлесе атқарған жұмыс бойынша, белгіленген уақыттан тыс істегені үшін төленетін төлемдер;
Тармақша 2
2) еңбекақы белгілеуден есепке алынбайтын және кәсіпорындар (ұйымдар) қаражаты есебінен төленетін басқа төлемдер түрі;
Тармақша 3
3) қоғамдық жұмыстарға төлемдер;
Тармақша 4
4) әскери қызметтердің және қатардағы немесе ішкі істер органдарын басқарушы және соларға теңдестірілген сипаттағы азаматтардың ақшалай тұрмысы, қосымша төлемдер мен үстемелерді қоса есепке алғандағы.
Тарау 3. 3. Зейнетақылар, стипендиялар, жәрдемақылар
және басқа әлеуметтік төлем түрлері
3. Зейнетақылар, стипендиялар, жәрдемақылар
және басқа әлеуметтік төлем түрлері
Тармақ 6
6. Жиынтық кірісінің құрамына кіреді:
заңды түрде немесе басқа нормативті құқықтық актілермен тағайындалатын зейнетақылардыњ бәрі;
мүгедектігі бойынша, қамқоршылық жасайтын кісілері жоқ және жасы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;
студенттерге, оқушыларға, аспиранттарға, докторанттарға, басқа оқу орындарында оқитындарға төленетін стипендиялар, қандай төлем көзінен болмасын;
кәсіби жұмысына байланысты сырқаттанушыларға немесе еңбектен болған денсаулығына залалдар үшін жалпы ауруына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығына әлеуметтік жәрдемақылар;
жүкті әйелдерге және бала тууына және бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) төленетін әлеуметтік жәрдемақылар;
бір жолғы төленетін төлемдер, материалдық көмектер жергілікті бюджет есебінен төленетін.
Тарау 4. 4. Балаларға және басқа қамқордағыларға алименттер
4. Балаларға және басқа қамқордағыларға алименттер
Тармақ 7
7. Отбасының жиынтық кірісіне Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңымен анықталған балаларға және басқа қамқордағыларға төленетін алименттер кіреді.
Тарау 5. 5. Денсаулығына келтірілген зиянға немесе басқа залалдарды қалпына келтіру үшін алынған біржолғы сомалар
5. Денсаулығына келтірілген зиянға немесе басқа залалдарды қалпына келтіру үшін алынған біржолғы сомалар
Тармақ 8
8. Жиынтық кіріске жұмыс берушілер жүзеге асыратын біржолғы төлемдер және басқа шығыстар кіреді, өзінің еңбектік міндеттерін атқарған уақытында денсаулығына залал келгендіктен заңмен бекітілген өндірістік жарақаттан еңбек қабілетін жоғалтқанына байланысты.
Тарау 6. 6. Өзіндік қосалқы шаруашылықтан кірістер
6. Өзіндік қосалқы шаруашылықтан кірістер
Тармақ 9
9. Жиынтық кіріске өзіндік қосалқы шаруашылық кірістері кіреді, бақша өнімдерін өсіруден түскен, (саяжай учаскелерінен түскен кірістерден басқасы) мал ұстау, құс өсіру орталық уәкілетті органдарымен бекітілген нормативтік кірістер деңгейі бойынша.
Тарау 7. 7. Кәсіпкерлік және басқа кәсіп түрлерінен кірістер
7. Кәсіпкерлік және басқа кәсіп түрлерінен кірістер
Тармақ 10
10. Жиынтық кірістің құрамына кәсіпкерлік және басқа кәсіп түрлерінен шаруа (фермер) қожалықтарының жұмысы нәтижесінен оның ішінде заңды тұлға құрмай-ақ және шартты жер үлесінен түскен кірістер.
Жер учаскесінен (жер үлесі) кірістерді жылдың табысты төрт тоқсанға бөлу арқылы анықталады.
Тармақ 11
11. Шартты жер үлесін жеке немесе заңды тұлғаға берген жағдайда жерді жалдаушыға кіріс көлемі екі жақтың жал шарты бойынша келісіміне сәйкес анықталады.
Тарау 8. 8. Мүліктік кіріс
8. Мүліктік кіріс
Тармақ 12
12. Жеке тұлғаның мүліктік кірісіне кіреді:
Тармақша 1
1) кәсіпкерлік жұмыста пайдаланбайтын мүлікті сатқандағы құнының өсуі;
Тармақша 2
2) меншіктік құқықтағы қозғалмайтын мүліктен;
Тармақша 3
3) құнды қағаздардан және заңды тұлғаларға қатысты үлесі;
Тармақша 4
4) асыл тастардан және асыл металдардан, мәнерлі заттардан және басқа заттардан жасалған құрамында алтын тастары бар және аса бағалы металдар және өнер шығармалары мен антиквариаттар;
Тармақша 5
5) жалға берілген мүліктен алынған табыстар.
Тармақ 13
13. Мүлікті сатқанда бағаның өсуінен сататын құны мен бағаланған құнының айырмашылығы бірақ ол бұрынғы сатып алу құнынан төмен болмауынан түскен кіріс қана кіріс болып есептеледі.
Тармақ 14
14. Кез келген мүлік, жұмыс және қызметтер азаматтарға тегін көрсетілген оның кірісі болып саналады.
Тарау 9. 9. Жиынтық кірісті есептеп шығару
9. Жиынтық кірісті есептеп шығару
Тармақ 15
15. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша отбасының жиынтық кірісіне оның құрамындағы барлық кісілердің есепке алынған кірістері (айдың бірінен біріне дейінгі) кіреді.
Тармақ 16
16. Әр адамның айлық орташа кірісі тоқсандағы жиынтық кірісті отбасы мүшелерінің санына бөліп, оны үш айға бөлу арқылы есептеледі.
Тармақ 17
17. Отбасының жиынтық кірісін есептегенде оның құрамында есептік кезеңде өзгерістер болса, онда кіріс есептеледі (немесе есептелмейді), келгеннің (кеткеннің, өлгеннің) келгеніне бір ай болған отбасы мүшесі.
Егерде отбасының бір мүшесі болмаса, бас бостандығынан айырылуына немесе еріксіз емделуге жіберілуіне байланысты отбасының жиынтық кірісін есептегенде кеткен (келген) мүшенің кірісі кеткен (келген) мерзімнен есептеледі.
Тармақ 18
18. Егер отбасы мүшелерінің бірі бір тоқсаннан кем уақыт жұмыс істесе, онда оның еңбек ақысы тоқсанда жұмыс істеген барлық айлары бойынша есепке алынады, ал оның орташа айлық кірісін барлық басқа табысын қосып қарағандағы ай санына бөлу арқылы анықталады.
Тарау 10. 10. Отбасының жиынтық кірісін есептеудің ерекшеліктері
10. Отбасының жиынтық кірісін есептеудің ерекшеліктері
Тармақ 19
19. Жанұя құрамында есепке алынған шет елдерде істейтін кісілердің жиынтық кірістері еңбек ақылары ұлттық немесе шетелдік валютамен есептеледі. Бірақ шетелдік валютамен алынған кірістер ұлттық валютаға Орталық ұлттық банк анықтаған тұрғын үйлік көмекке арыз берілген күнгі баға бойынша қайтадан есептеледі.
Тармақ 20
20. Егерде Қазақстан Республикасының азаматы шетел азаматымен некесі тіркелген болса, қазақстанға оқуға немесе жұмысқа келген және отбасы құрамына кірген, онда жиынтық кіріс Қазақстан Республикасы азаматының және шетел азаматының кірісінен Қазақстан Республикасында алатын еңбекақысымен ұлттық немесе шетел валютасымен теңгеге айналдырылған ұлттық банк анықтаған бағамы бойынша өтініш, тұрғын үйлік көмек көрсету арыз берген күнінен бастап есептеледі.
Тармақ 21
21. Шығармашылық және әдебиет ғылыми еңбектерді пайдалану және орындау оның ішінде басылымдар дайындау тек азаматтың құқықтық келісімдер арқылы жүргізіледі, осы келісімдер есебінен алдын ала төленетін сый ақылар бөлінеді, ал түпкілікті есептескенде оның қалған сомасы алдын ала төленген төлемдерден кейін қалған келісімнің күшіне сай уақытына бөлінеді.
Тармақ 22
22. Авторлық гонорарлар (келісім шарт болмағанда) және жаңадан ашылған әдістермен тапқырлық ұсыныстар ай сайын гонорар сомасын 12 айға бөлуден шыққан үлес мөлшерінде алынған отбасының жиынтық кірісіне енгізіледі.
Тармақ 23
23. Жеке азаматтардың қарамағындағы жұмысшының жиынтық табысына олардың нақты еңбекақылары есепке алынады. Ал заттай берілетін еңбекақының бөлігі жиынтық кіріске базар бағасымен ақшалай енгізіледі.
Тармақ 24
24. Заңды тұлға емес жеке кәсіпкердің берген еңбекақы төлемі жөніндегі анықтама, жеке еңбек келісім шартының көшірмесімен міндетті түрде оны салық комитетінде тіркеу арқылы бекітіледі.
Тармақ 25
25. Жұмыс берушілер қарамағындағы үй жұмыскерлерінің жиынтық кірістерін есептегенде (жеке тұлғалардың) жеке еңбек келісіміндегі нақты еңбек ақысы есепке алынады, ондағы оның қолы нотариалдық куәландыруды талап етеді.
Тармақ 26
26. Науқандық жұмыстар атқаратын жұмыскерлердің еңбек ақысы алынған кезден бастап отбасының жиынтық табысында есептеледі.
Еңбек ақысы болмаған кезеңде жиынтық кіріс еңбек ақысыз есептеледі.
Тармақ 27
27. Әскери қызметкерлердің ақшалай жабдықтауы үстеме және қосымша төлемдермен бірге отбасының жиынтық кірісіне енгізіледі, мерзімді әскери қызметтегілерден басқаларына, оның ішінде отбасы құрамына кірмейтін әскери-құрылыс отрядтарында қызмет атқарушылар.
Тармақ 28
28. Алынатын алименттер сол алынған шағынан отбасының жиынтық кірісінде есептеледі. Еңбек ақыны қайта есептеуден шыққан алименттерден алынған қосымша сомасы алимент төлеушінің еңбекақысы алынған кезден есептеледі.
Егерде шешесіне (әкесіне, қорғаншыға) соттың шешімімен алимент талап ету белгіленбесе және ерлі-зайыптылар арасында некелік келісім күшін жойса, онда шешесі (әкесі) алимент алмайды, оларды талап етіп алуға мүмкіншіліктер болмаған соң, ондай жағдайларда жиынтық кіріс алиментсіз есептеледі.
Егерде шешесінен (әкесінен) соттың шешімімен әкесінен (шешесінен) алимент алуға құқығы бола тұра, алимент төлеушінің онан бұлтарып жүруінің арқасында алимент алмайтын болса, егерде төлеуші еңбек ақысыз демалыста немесе басқа себептермен еңбек ақы алмайтын болса, не болмаса алимент алуға мүмкіншіліктер жоқтың қасы болса, бірақ оны растайтын құжаттар құқық қорғаушы органдарының немесе жазбаша түрде арызданушының арызы бойынша жиынтық кіріс алиментсіз есептеледі.
Ерлі-зайыптылар арасында неке бұзылмаған жағдайларда, бірақ көмек тағайындауға өтініш жасап жүрген шақта соттың шешімі шықаннан соң отбасының жиынтық кірісін анықтау сол кезеңге сәйкес өткен кезеңдегі алимент төлеушілерінің кірістері есептеледі.
Тармақ 29
29. Үй аумағындағы қосалқы шаруашылықтан (аула учаскесі, мал, құс) және жер учаскесінен түсетін кіріс арызданушының тиісті мәліметтері бойынша есептеледі.
Тармақ 30
30. Отбасының жиынтық кірісінде қозғалмалы және қозғалмайтын мүліктер алудың шығыс сомалары, сонымен қатар ақшалай және заттай түрдегі ұтыс оларды алған уақытынан бастап есепке алынады.