Об утверждении правил о порядке и условиях финансирования общественных работ Қолданыста
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртiбi туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен және Қостанай облысы әкiмиятының 2002 жылғы 15 қаңтардағы № 8, «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы», 2003 жылғы 23 қаңтардағы мемлекеттiк тiркеу нөмiрi 1175, және 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 2 «Қостанай облысы әкiмиятының 2002 жылғы 15 қаңтардағы № 8 «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы», 2003 жылғы 14 қаңтардағы мемлекеттiк тiркеу нөмiрi 1980, қаулыларымен бекiтiлген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережелерiн орындау мақсатында Арқалық қаласының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртiбi мен шарттары туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2.»Арқалық қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы»мемлекеттiк мекемесi (А. Жәкеева) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырғанда осы ереженi басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкiмiнiң орынбасары Б. Бекiшевке жүктелсiн.
Басқа 4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру
талаптары мен тәртiбi туралы ереже
Қостанай облысы Арқалық қаласы
әкiмиятының» 2003 жылғы 3 қарашадағы
«Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру
талаптары мен тәртiбi туралы ереженi
бекiту туралы» қаулысымен бекiтiлген
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру
талаптары мен тәртiбi туралы ереже
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртiбi туралы осы ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекiтiлген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерiне сәйкес әзiрленген.
Тарау 1. Жалпы ережелер
Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы тәртiп ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшiн уақытша жұмыс орындарын беретiн мекемелермен есеп айырысу жүйесiн және негiзгi талаптарды реттейдi.
Тармақ 2
2. Осы тәртiпте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстар - жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердiң алдын ала кәсiби даярлықтан өтуiн талап етпейтiн, әлеуметтiк пайдалы бағыттағы және азаматтардың уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшiн, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарды»жолдамасы бойынша орындайтын еңбек қызметiнiң»түрлерi;
Тармақша 2
2) орталық атқарушы орган халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруды үйлестiрiп отыратын мемлекеттiк орган;
Тармақша 3
3) жергiлiктi атқарушы орган тиiстi аумақта өз құзыры шегiнде мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын, қала әкiмi басқаратын, әкiмият;
Тармақша 4
4) нысаналы топтар - «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңмен белгiленген, жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн адамдар топтары.
Тарау 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртiбi
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртiбi
Тармақ 3
3. Қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы жұмыс берушiлермен қоғамдық жұмысты атқаруға көрсететiн қызмет жөнiнде шарт жасасады.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстар мекемелерде уақытша жұмыс орындарын құру жолымен жүргiзiледi және мәслихатты»шешiмiне сәйкес тиiстi бюджет қаражатынан қаржыландырылады.
Тармақ 5
5. Жұмыссыздарды уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға еңбекақы төлеуге арналған қаражатты тиiмдi пайдалану мақсатында, қалалық жергiлiктi атқарушы органдар төмендегiдей iс-шараларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындайды;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн мекемелердiң тiзбелерiн, қоғамдық жұмыстардың орындауды»нақты жағдайларын, көлемiн, түрiн бекiтедi.
Тармақ 6
6. Жұмыссыздардың қалалық жергiлiктi атқарушы органдардың «қаулыларымен анықталған мекемелерге қоғамдық жұмыстарға жiберу қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларымен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Нысаналы топтарға кiретiн жұмыссыздарды»қоғамдық жұмыстарға қатысуға басым құқығы бар.
Тарау 3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру шарттары мен көздерi
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру шарттары мен көздерi
Тармақ 8
8. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға еңбек ақы төлеудi жеке еңбек шартына сәйкес жұмыс берушi ай сайын жүзеге асырады және ол орындалған жұмысты»күрделiлiгiне, сапасына, санына байланысты.
Тармақ 9
9. Жұмыс берушiлердiң қоғамдық жұмысқа қатысушыларының»еңбегiне төлеген ақы шығыны, Арқалық қалалық әкiмиятының қаулысымен анықталған мөлшерде, мәслихатты»шешiмiне сәйкес тиiстi бюджеттiң қаражатынан өтеледi. Бюджеттiк қаражат жұмыс берушiлердiң есеп-айырысу шоттарына аударылады.
Тармақ 10
10. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға мәслихатты»шешiмiне сәйкес тиiстi бюджеттiң қаражатынан еңбек ақы заңнамалар белгiлеген тәртiппен салықтан босатылады.
Тармақ 11
11. Жұмыс берушiлер мәслихаттың шешiмiне сәйкес тиiстi бюджеттен түскен ақшаны қата»түрде мақсатты пайдаланады.
Тармақ 12
12. Жұмыс берушiлер еңбек ақыға төлеген шығынын мәслихатты»шешiмiне сәйкес тиiстi бюджеттен қайтару үшiн қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына, орындалған жұмысты»кесiмiн берiп отырады. Қоғамдық жұмысқа қатысушы азаматтарға жалақы нақтылы iстелген жұмыс үшiн төленедi.
Тармақ 13
13. Қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға мертiгу немесе денсаулыққа келтiрiлген зақымның, зиянның орнын толтыру, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтiк жәрдемақы төлеудi, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жұмыс берушiлер жүргiзедi.
Тарау 4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру
және ұйымдастыру тәртiбiн бақылау
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру
және ұйымдастыру тәртiбiн бақылау
Тармақ 14
14. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртiбiн бақылауды заңнамамен белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.