О залоговом фонде при коммунальном государственном предприятии "Жардем" Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Жәрдем" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны жанындағы кепілдеме қоры туралы" Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдауды нығайту, облыстағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге қолайлы жағдайлар туғызу, кәсіпкерлермен несиелер алу процедураларын барынша ықшамдау және оларды қайтаруды қамтамасыз ету мақсатымен, 1993 жылғы 12 сәуірдегі N 2115-ХII "Агроөнеркәсіп кешені саласын несиелеу және мемлекеттік шараларды қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасының заңының 2 бабына, 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" заң күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығының 2 бабына, 2000 жылғы 7 шілдедегі N 1028 "Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу кезінде коммуналды меншік объектілерін кепілдеме ретінде қамтамасыз етуді пайдаланудың типті ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңының 27 бабының 1 тармағының 2), 4) тармақшаларына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ етедi:
Тармақ 1
1. "Жәрдем" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны жанында (бұдан әрі "Жәрдем" КМК) коммуналдық меншік объектілерінен кепілдеме қоры құрылсын.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандар әкімдері, 2003 жылғы 1 желтоқсанға дейін, Шығыс Қазақстан облыстық коммуналдық меншік басқармасына коммуналды меншік объектілерін "Жәрдем" КМК жанындағы кепілдеме қорына қосу туралы ұсыныстар енгізсiн.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облыстық коммуналдық меншік басқармасы (Ж.К. Егізбаев) "Жәрдем" КМК (К.Б. Самамбаева) бірігіп, "Жәрдем" КМК жанындағы кепілдеме қорын құру бойынша жұмыстар жүргізсiн.
Тармақ 4
4. "Жәрдем" КМК жанындағы кепілдеме қорын пайдалану тәртібі туралы Ереже бекітiлсiн (N 1 Қосымша).
Тармақ 5
5. Коммуналдық меншік объектілерімен кепілдеме есебін қамтамасыз етумен несиелендірілетін, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын таңдау бойынша комиссия құрылсын.
Тармақ 6
6. Коммуналдық меншік объектілерімен кепілдеме есебін қамтамасыз етумен несиелендірілетін, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын таңдау бойынша комиссия туралы Ереже бекітiлсiн (N 2 қосымша).
Тармақ 7
7. Коммуналды меншік объектілерімен кепілдеме есебін қамтамасыз етумен несиелендірілетін, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын таңдау бойынша комиссия құрамы бекiтiлсiн (N 3 қосымша).
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Швайченкоға Ю.П. жүктелсiн.
Тармақ 9
9. Осы қаулы мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
Басқа 10. "Жәрдем" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны жанындағы кепілдеме қорын пайдалану тәртібі туралы
Шығыс Қазақстан облыстық әкімиятының қаулысына 2003 ж. 4 қараша N 231 N 1 қосымша "Жәрдем" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны жанындағы кепілдеме қорын пайдалану тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасының "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік тұрғыдан қолдау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 14 ақпандағы N 386 "Жәрдем" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынын қайта ұйымдастыру туралы" қаулысына сәйкес жасалып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 желтоқсандағы "Маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын, 2000 жылғы 7 шілдедегі N 1028 "Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу кезінде коммуналды меншік объектілерін кепілдеме ретінде қамтамасыз етуді пайдаланудың мәселелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысын орындау мақсатында жасалған.
Тармақ 2
2. Осы ережедегi қолданылатын терминдер мен анықтаулар:
Тармақша 1
1) "Жәрдем" КМК - Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының "Жәрдем" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 2
2) кепілдеме қоры - Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттерін кепілдікпен қамтамасыз ету мен орындау мақсатымен құрылған, коммуналды меншік объектілерінің жиынтығы;
Тармақша 3
3) коммуналды меншік объектілері - коммуналды меншік болып табылатын мүліктер;
Тармақша 4
4) кепілдеме қорының объектілері - "Шығыс Қазақстан облыстық коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесімен кепілдеме қорына берілген коммуналды меншік объектілері;
Тармақша 5
5) шағын кәсіпкерлік субъектісі - Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік тұрғыдан қолдау туралы" заңының талаптарына сәйкес, жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 6
6) несиелер бойынша Комиссия - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің шешімімен құрылған кепілдемені коммуналды меншік объектілері есебінен қамтамасыз етумен несиелендірілетін, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын таңдайтын комиссия;
Тармақша 7
7) сұраным - коммуналды меншік объектісін кепілдеме ретінде ұсыну туралы шағын кәсіпкерлік субъектісінің жазбаша үлгіде еркін жазылған өтініші;
Тармақша 8
8) жоба - шағын кәсіпкерлік субъектісінің ұсынысының экономикалық тиімділігі мен қаржылық негізділігін дәлелдейтін бизнес-жоспар;
Тармақша 9
9) несиелендіретін ұйым - несие операцияларын: ақшалай үлгідегі несиелерді төлемді, жылдам және қайтарылуы жағдайларымен жүзеге асыруды қамтамасыз етуге лицензиясы бар, екінші деңгейдегі банк, микро несиелік ұйым, несиелік серіктестік немесе басқа да заңды тұлға;
Тармақша 10
10) несие келісім-шарты - несие берушінің (несиелендіретін ұйым) несие алушыға (шағын кәсіпкерлік субъектісі) қаражат беретін, ал несие алушының несие берушіге уақытында қайтару міндеттемесі мен несие келісім-шартында белгіленген мөлшерде пайдаланған қаражатқа сыйақы төлеу міндеттемесі;
Тармақша 11
11) ипотека келісім-шарты - кепiлдеме берушінің ("Жәрдем" КМК), кепiлдеме ұстаушыға (несиелендіретін ұйым) кепілдемеге (ипотека), кепілдеме қорының анықталған объектісін ұсынатын, несие алушының (шағын кәсіпкерлік субъектісінің) несие келісім-шартының орындалуын қамтамасыз ететін үш жақты келісімі;
Тармақша 12
12) мүліктік келісім-шарт - қарыз иесінің (шағын кәсіпкерлік субъектісі) несие келісім-шартын тиісті түрде орындауға, ал несие берушінің ("Жәрдем" КМК) қарыз иесінен несие келісім-шартын қажетті түрде орындау бойынша қимыл жасауды талап етуге құқы бар келісім;
Тармақша 13
13) кепiлдеме туралы келісім-шарт - кепiлдеме берушi (шағын кәсіпкерлік субъектісі) кепiлдеме ұстаушыға ("Жәрдем" КМК), кепілдеме берушінің несие келісім-шарты бойынша алынған қаражатқа сатып алынған мүлікті беретін келісімі;
Тармақша 14
14) ҚР АК - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.
Тармақ 3
3. Кепілдеме қоры шағын кәсіпкерлік субъектілерiнің қызметін тиімді несиелендіру жағдайын экономикалық қолдау мақсатымен құрылған.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілгендей жағдайларда, тәртіптер пен шектерде, кепілдеме қорындағы объектілер жекешелендірілуі немесе алынуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Кепiлдеме қорындағы объектілер, "Жәрдем" КМК мен несиелендіретін ұйым және шағын кәсіпкерлік субъектісі арасында несие келісім-шарты орындауды қамтамасыз ету есебімен жасалған ипотека келісім-шарты бойынша кепілдеменің заты болып табылады.
Тармақ 6
6. Кепiлдеме қорындағы объектілер, тиісті лицензиясы бар, тәуелсіз ұйымдармен жүргізілетін міндетті бағалауға жатады.
Тармақ 2. 2. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары мен сұранымдарын қарау
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары мен сұранымдарын қарау
Тармақ 7
7. Тұлға "Жәрдем" КМК коммуналды меншік объектілерін кепілдеме ретінде ұсыну туралы өтінішін жiбередi.
Тармақ 8
8. Ол сұраныммен бірге "Жәрдем" КМК өзінің жобасын ұсынады. "Жәрдем" КМК шағын кәсіпкерлік субъектісіне ұсынылған жоба бойынша ақпараттық, маркетингтік, заңгерлік, бухгалтерлік қызметтер көрсетеді.
Тармақ 9
9. Сұраныммен жобаның түсу мезгілінен бастап екі апта арасында "Жәрдем" КМК жобаны өзінің талдау анықтамасымен бірге несие беретін ұйымға жiбередi.
Тармақ 10
10. Несиелендіретін ұйым жоба мен талдау анықтамасы түскен күннен бастап бір апта аралығында "Жәрдем" КМК өзінің жоба бойынша оң немесе теріс қорытындысын жiбередi. Жоба бойынша несиелендіретін ұйымның оң қорытындысында, ол несие келісім-шартын қамтамасыз етуге кепілдеме ретінде кепілдеме қорының қандай объектісін қабылдауға дайын екендігін көрсетеді.
Тармақ 11
11. Егер, жоба бойынша несие берушінің оң қорытындысын алған жағдайда, "Жәрдем" КМК екі күн аралығында, несие бойынша Комиссияға келесі құжаттарды: сұранымды, жобаны, талдау анықтамасын, жоба бойынша несиелендіретін ұйымның оң қорытындысын жiбередi.
Тармақ 12
12. Егер, жоба бойынша несие берушінің теріс қорытындысын алған жағдайда, оны "Жәрдем" КМК жоба мен сұраным ұсынған шағын кәсіпкерлік субъектісіне хабарлайды. Несиелендіретін ұйымның жоба бойынша теріс қорытындысы шағын кәсіпкерлік субъектісіне жаңадан сұраным беруіне кедергі болмайды.
Тармақ 13
13. Несие жөніндегі комиссия сұранымды, жобаны, талдау анықтамасын, жоба бойынша несиелендіретін ұйымның оң қорытындысын алынған уақыттан бастап бір апта аралығында жобаны қолдау немесе қолдамау туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 14
14. Несие жөніндегі Комиссия жоба бойынша шешімді өзінің мәжілісінде тура немесе сырттай дауыс беру жолымен шешім қабылдайды.
Тармақ 15
15. Несие жөніндегі Комиссия өзінің мүшелерінің жалпы санының басым көпшілік дауысымен шешім қабылдайды. Шешімге хаттама жасалады.
Тармақ 16
16. Егер Несие жөніндегі Комиссия несие бойынша қолдау туралы шешім шығарған жағдайда хаттамада сонымен бірге:
Тармақша 1
1) кепілдеме қорындағы анықталған объектіні кепілдеме ретінде ұсынуға келісімін бергенін көрсетеді;
Тармақша 2
2) жобаны қаржыландыру жөнінде ұсынымын береді.
Тармақ 17
17. Жобаны қолдау бойынша Несие жөніндегі Комиссияның шешімі жоба бойынша оң қорытынды берген несие беруші ұйым мен шағын кәсіпкерлік субъектісі арасында несие келісім-шартын жасау үшін негіз болып табылады.
Тармақ 3. 3. Несие келісім-шарты мен ипотека келісім-шарты Несие келісім-шарты
3. Несие келісім-шарты мен ипотека келісім-шарты Несие келісім-шарты
Тармақ 18
18. Несие келісім-шарты жоба бойынша оң қорытынды берген несие беруші ұйым (Несие беруші) мен шағын кәсіпкерлік субъектісі (Несие алушы) арасында жасалады.
Тармақ 19
19. Осы ереженiң 18. тармағында көрсетілген несие келісім-шарты екі жақты болып табылады.
Тармақ 20
20. Несие келісім-шарты жоба бойынша оң қорытынды берген несие берушi ұйым мен "Жәрдем" КМК бірігіп жасайды. Несие келісім-шартының жағдайларына "Жәрдем" КМК келісімі келісім-шарттың текстінің әрбір бетінде белгіленеді.
Тармақ 21
21. Несие келісім-шартының жағдайлары Несие жөніндегі комиссияға сұраным, жоба, талдау анықтамасы, жоба бойынша несие берушi ұйымның оң қорытындысы түскен уақыттан бастап бір апта аралығында жасалады.
Тармақ 22
22. Несие келісім-шартының елеулі жағдайлары:
Тармақша 1
1) несие келісім-шартының мақсаттылығы;
Тармақша 2
2) несие келісім-шарты, "Жәрдем" КМК мен несие келісім-шартындағы "Несие алушы" болып есептелетін шағын кәсіпкерлік субъектісі арасында мүліктік және кепiлдеме туралы келісім-шартқа қол қойғаннан кейін жасалды деп есептеледі;
Тармақша 3
3) ақша несиенің заты ретінде қабылданады;
Тармақша 4
4) қолма-қол ақшасыз жолмен беріледі;
Тармақша 5
5) мүліктің нақты құрамы қаржы-шаруашылық құжаттарындағы берілгенмен сәйкес келмесе, сондай-ақ Несие алушының үшінші тұлғамен келісім-шартқа қарасты жалған мәліметтер ұсынылса, Несие беруші бір жақты тәртіппен несие келісім-шартын бұзуды талап етуге құқылы. Бұл жағдайларда Несие беруші келісім-шартты бұзу бойынша уақытында қабылданбаған шараларға байланысты шығындар тәуекелін атқарады;
Тармақша 6
6) несие беруші, несие келісім-шартында Оператор деп аталатын "Жәрдем" КМК Несие алушының несиені жабудың (несие бөлігі) мезгілінің өтіп кеткені туралы дереу хабарлайды. Бұл жағдайда Несие беруші Операторға мезгілі өткен несие сомасын жабу жөнінде шаралар қолдану үшін үш ай уақыт береді. Егер мезгілі өткен несие сомасы үш ай арасында жабылмаса, Несие беруші Несие алушыны жауапқа тартуға құқылы;
Тармақша 7
7) несиені жабу (несие бөлігі) мезгілінің өтіп кеткені үшін Несие алушы Несие берушіге тек тұрақсыздық ақысын, ол төленетін күнгі Қазақстан Республикасының Ўлттық банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерінде төлем төлейді. Тұрақсыздық ақысын төлеу, Несие алушыны мерзімі өткен несие сомасын жабу жөніндегі міндеттемелерін орындаудан босатпайды. Ипотека келісім-шарты
Тармақ 23
23. Осы ереже бойынша кепілдеме қорының анықталған объектісі туралы үш жақты келісім-шарт ипотека келісім-шарты болып есептеледі.
Тармақ 24
24. Ипотека келісім-шарты жоба бойынша оң қорытынды берген несие беруші ұйым (Несие ұстаушы) мен шағын кәсіпкерлік субъектісі (Қарызданушы) және "Жәрдем" КМК (Несие беруші) арасында жасалады.
Тармақ 25
25. Ипотека келісім-шарты несие келісім-шартының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жасалады.
Тармақ 26
26. Ипотека келісім-шартының жағдайлары жоба бойынша оң қорытынды берген несиелендіретін ұйым мен "Жәрдем" КМК бірігіп жасайды. Ипотека келісім-шартының жағдайларына "Жәрдем" КМК келісімі келісім-шарттың текстінің әрбір бетінде белгіленеді.
Тармақ 27
27. Ипотека келісім-шартының жағдайлары Несие жөніндегі комиссияға сұраным, жоба, талдау анықтамасы, жоба бойынша несиелендіретін ұйымның оң қорытындысы түскен уақыттан бастап бір апта аралығында жасалады.
Тармақ 28
28. Ипотека келісім-шартының маңызды жағдайлары:
Тармақша 1
1) кепілдеменің заты Несие берушінің иелігінде және пайдалануында болады;
Тармақша 2
2) несие беруші кепілдеме затын уақытша үшінші тұлғаға несие ұстаушының келісімінсіз төлемді (жалға) және/немесе уақытша төлемсіз (несиеге) пайдалануға беруге құқылы;
Тармақша 3
3) несие келісім-шартының (ҚР АК 320 бабының 2 тармағының 1 тармақшасы) орындалмауы туралы (тиісті орындалмауы) Несие берушіге үш ай мерзiмi өткен соң несие сомасын жабу жөнінде шара қолдану үшін Несие ұстаушы ұсынған хабарлама жiберiледi;
Тармақша 4
4) кепілдеме затын сотсыз тәртіппен күштеп алу жағдайында комиссия құрылады, оның құрамына кепiлдеме ұстаушы мен кепiлдеме берушінің өкілдері кіреді. Комиссия төрағасы кепiлдеме ұстаушының сенімді тұлғасы болып табылады;
Тармақша 5
5) кепілдеме затын сотсыз тәртіппен күштеп алып сату комиссияның мәжілісінде кепiлдеме берушінің өкілдері қатысқан жағдайда жүргізіледі;
Тармақша 6
6) сату Несие берушіге несие келісім-шартының (ҚР АК 320 бабы 2 тармағының 1 тармақшасы.) орындалмауы (тиісті орындалмауы) туралы хабарлама жіберілгеннен бастап, екі ай өткеннен кейін ғана жүргізіледі;
Тармақша 7
7) кепілдеме затын жекешелендіру немесе алып қою тек ғана Несие ұстаушының келісімімен, Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген тәртіппен және жағдайларда жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 4. 4. Шағын кәсіпкерлік субъектісінің несие келісім-шартын орындауын қамтамасыз ету тәртібі Мүліктік келісім-шарт
4. Шағын кәсіпкерлік субъектісінің несие келісім-шартын орындауын қамтамасыз ету тәртібі Мүліктік келісім-шарт
Тармақ 29
29. Шағын кәсіпкерлік субъектісінің несие келісім-шартын орындауын қамтамасыз ету несие қаражатына сатып алынған мүлікпен кепілдеме туралы келісім-шарт пен мүліктік келісім-шарт жасау жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 30
30. Осы ережедегi мүліктік келісім-шарттың түсініктемесiнде бір тарап (Қарызданушы) несие келісім-шартын тиісті түрде орындауға міндеттенеді, ал келесі тарап (Несие беруші) қарызданушыдан несие келісім-шартының тиiстi түрде орындалуын талап ету құқы бар келісімді айтады.
Тармақ 31
31. Мүліктік келісім-шарт Несие беруші болып табылатын "Жәрдем" КМК мен қарызданушы шағын кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалады.
Тармақ 32
32. Мүліктік келісім-шартының жағдайлары Несие жөніндегі комиссияға сұраным, жоба, талдау анықтамасы, жоба бойынша несиелендіретін ұйымның оң қорытындысы түскен уақыттан бастап бір апта аралығында жасалады.
Тармақ 33
33. Мүліктік келісім-шарттың ерекше жағдайлары:
Тармақша 1
1) мүліктік келісім-шарттың заты болып Қарызданушының несие келісім-шартын тиісті түрде орындау бойынша іс-қимылы есептеледі;
Тармақша 2
2) мүліктік келісім-шарт қол қойылған мезгілден бастап, несие келісім-шарты тоқтатылған күнге дейін іс-қимыл жасайды;
Тармақша 3
3) қарызданушы несие келісім-шартының тиісті түрде орындалу бойынша өзіне тәуелді барлық шараларды қолдануға міндетті, сондай-ақ тиісті жабдықтарды уақытында сатып алуға, қажетті жағдайда есеп айырысудың аккредитивтiк үлгісі бойынша оны төлеуге, алынған жабдықтардың сапасын бақылауға міндетті;
Тармақша 4
4) несие келісім-шарты Қарызданушымен тиісті түрде орындалмаған жағдайда, ол Несие беруші алдында Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген тәртіппен жауап береді;
Тармақша 5
5) мүліктік келісім-шартының орындалмауы немесе тиісті түрде орындалмауы несие келісім-шартының жағдайының бұзылуы болып есептеледі. Кепілдеме туралы келісім-шарт
Тармақ 34
34. Осы ережедегi кепілдеме келісім-шарты туралы түсініктемеде, ол бойынша бір жақ (кепiлдеме беруші), келесі тарапқа (кепiлдеме ұстаушыға), несие келісім-шарты бойынша несие берушімен алынған қаражатқа сатып алынған мүлікті кепілге беру келісімін айтады.
Тармақ 35
35. Кепілдеме туралы келісім-шарт, Кепілдеме берушi болып табылатын "Жәрдем" КМК мен Кепілдеме алушы шағын кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалған мүліктік келісім-шартты орындауды қамтамасыз ету есебінен жасалады.
Тармақ 36
36. Кепілдеме туралы келісім-шартының жағдайлары Несие жөніндегі комиссияға сұраным, жоба, талдау анықтамасы, жоба бойынша несиелендіретін ұйымның оң қорытындысы түскен уақыттан бастап бір апта аралығында жасалады.
Тармақ 37
37. Кепілдеме туралы келісім-шарттың маңызды жағдайлары:
Тармақша 1
1) кепілдеме несие қаражатына сатып алынған мүліктің Кепілдеме берушінің меншігіне түскен мезгілден басталады. Егер анықталған мүлік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк тіркеуді қажет етсе, онда кепілдеме осы мүлікке оның мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен басталады;
Тармақша 2
2) кепілдеме несие қаражатына алынған мүлікпен қатар оның жемісіне, өніміне, түсіміне де таратылады. Жемісі, өнімі, түсіміне айналым тауарларын кепілдеу тәртібімен (ҚР АК 327 бабы) іс-қимыл жасайды;
Тармақша 3
3) кепілдеме, несие келісім-шартынан пайда болған несиелендіретін ұйымның сома талабына тең көлеммен, Кепілдеме ұстаушының талабын қамтамасыз етеді.
Тармақша 4
4) кепілдеме затын қайта кепілдеуге болмайды;
Тармақша 5
5) мүліктік келісім-шарт орындалмаған немесе тиісті орындалмаған жағдайда, Кепілдеме ұстаушы кепілденген мүлікті сотсыз тәртіппен күштеп алуға құқы бар. Осы жағдайда өндіру тәртібі келесідей: бірінші кезекте Кепілдеме ұстаушының талабы айналымдағы тауарлардың бағасынан (соның ішінде касса мен банктегі есеп шоттағы ақшаларды қоса), екінші кезекте жылжымалы мүліктің бағасынан; үшінші кезекте жылжымайтын мүліктің бағасынан қанағаттандырылады. Облыс әкімі аппаратының басшысы
Басқа 92. Кепілдемені коммуналдық меншік объектілері есебінен қамтамасыз етумен несиелендірілетін, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын таңдау бойынша комиссия туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының қаулысына 2003 ж. 4 қараша N 231 N 2 қосымша Кепілдемені коммуналдық меншік объектілері есебінен қамтамасыз етумен несиелендірілетін, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын таңдау бойынша комиссия туралы ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" жарлығына, Қазақстан Республикасының "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік тұрғыдан қолдау туралы" заңына, Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" заңына, Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 14 ақпандағы N 386 "Жәрдем" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынын қайта ұйымдастыру туралы" қаулысына сәйкес жасалып, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 12 желтоқсандағы "Маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын, 2000 жылғы 7 шілдедегі N 1028 "Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу кезінде коммуналдық меншік объектілерін кепілдеме ретінде қамтамасыз етуді пайдаланудың мәселелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын орындау мақсатында жасалған.
Тармақ 2
2. Кепілдемені коммуналды меншік объектілері есебінен қамтамасыз етумен несиелендірілетін, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын таңдау бойынша комиссия (бұдан әрі- Комиссия), өзінің қызметінде Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарының нормаларын, осы ереженi және "Жәрдем" КМК жанындағы кепілдеме қорын пайдалану тәртібі туралы" ереженi, сондай-ақ басқа да міндетті актілерді басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) шағын және орта кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясатты жасауға және пайдалануға кеңес беру;
Тармақша 2
2) шағын және орта кәсіпкерлікті қорғау және дамытудың құқықтық нормасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау;
Тармақша 3
3) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара ынтымақтасу мәселелері бойынша құжаттар дайындауға көмек көрсету болып табылады.
Тармақ 4
4. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері бойынша нормативтiк құқықтық актілер жөнінде ұсыныстар жасайды және кепілдеме береді;
Тармақша 2
2) шағын және орта кәсіпкерлік саласында нормативтiк құқықтық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасайды;
Тармақша 3
3) шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қарасты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдардың шара жоспарларын талқылайды;
Тармақша 4
4) республикалық бюджеттен алу шегі бойынша несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға қатысады;
Тармақша 5
5) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары мен сұранымдарын қарау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) Кепілдеме қорының объектілерін пайдалану тәжірибесін сараптайды және қорытады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 2. 2. Комиссияның құқықтары
2. Комиссияның құқықтары
Тармақ 5
5. Көрсетілген функцияларды жүзеге асыру мақсатында Комиссия келесі құзырларды иеленеді:
Тармақша 1
1) жобаны қолдау туралы немесе қолдаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 2
2) жобаны қаржыландыру жөнінде кепілдеме ұсынады;
Тармақша 3
3) өзінің құзырына байланысты қарым-қатынастарды реттейтін заң және басқа да нормативті-құқықтық актілер жобаларын дайындауға қатысады;
Тармақша 4
4) республикалық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен жасалған, шағын кәсіпкерлік саласын дамытуға басым бағытталған шекпен қызметін жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) қажетті жағдайларда сарапшыларды, аудиторларды, кеңесшілерді, жұмылдыруға;
Тармақша 6
6) өз қызметінің тиімділігін жоғарлату бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 7
7) заңды тұлғалардан, соның ішінде жергілікті басқару органдарынан "Жәрдем" КМК жанындағы кепілдеме қорына берілген коммуналдық меншік объектілерін пайдалану бойынша ақпараттар бар қажетті құжаттарды алуға құқы бар.
Тармақ 3. 3.  Комиссияны басқару
3.  Комиссияны басқару
Тармақ 6
6. Комиссияны әкім немесе Комиссия қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын әкіммен уәкілдендірілген оның орынбасары (бұдан әрі- басшы) басқарады.
Тармақ 7
7. Комиссияның жұмыс органын Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының "Жәрдем" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны атқарады.
Тармақ 8
8. Комиссия басшысы осы ережемен анықталған құзырына сәйкес Комиссия қызметінің барлық мәселелерін шешеді.
Тармақ 9
9. Комиссия басшысының құзырына:
Тармақша 1
1) Комиссия мәжілісіне төрағалық ету;
Тармақша 2
2) Комиссия жұмысын жоспарлау;
Тармақша 3
3) Комиссия қызметіне жалпы басшылық жасау;
Тармақша 4
4) Комиссия шешімдерін жүзеге асыру үшін бақылау жасау;
Тармақша 5
5) Комиссия функциясына байланысты және оның құзырына қарасты басқа да мәселелерге шешім қабылдайды.
Тармақ 4. 4. Комиссияның құрылуы мен қызметінің тәртібі
4. Комиссияның құрылуы мен қызметінің тәртібі
Тармақ 10
10. Комиссияның құрамына 7 адам кіреді.
Тармақ 11
11. Комиссия хатшысы Комиссия қызметінiң құжаттарын хаттауды ұйымдастырады. "Жәрдем" КМК директоры лауазымы бойынша Комиссия хатшысы болып табылады.
Тармақ 12
12. Комиссия шешімі ашық дауыспен қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі оң дауыс берсе қабылданды деп есептеледі. Дауыс саны тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 13
13. Комиссия мәжілісі кем дегенде екі айда бір рет шақырылады. Мәжілісті жүргізудің уақыты мен мерзімі Комиссия басшысымен, ал ол жоқ кезде оны ауыстырушы тұлғамен анықталады.
Тармақ 14
14. Комиссияның кезекті мәжілісінде қаралатын мәселелер тізімі Комиссия хатшысының ұсынысы бойынша, мәжілісті жүргізуге 10 күн қалған уақытқа дейін, Комиссия басшысымен бекітіледі.
Тармақ 15
15. Комиссияның кезекті мәжілісінің күн тәртібі мен құжаттары алдын ала Комиссия хатшысымен, мәжіліс басталуға 5 күн қалғанда, алдағы болатын мәжілісті хабарлаумен, Комиссия мүшелеріне жiберiледi.
Тармақ 16
16. Комиссияның шешімі Комиссия басшысы мен хатшысы қолдарын қоятын хаттамамен хатталады.
Тармақ 17
17. Комиссия мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өзінің ерекше көзқарасын жазбаша түрде мазмұндайды, ол мәжіліс хаттамасына тіркеледі. Облыс әкімі аппаратының басшысы
Басқа 136. Коммуналдық меншік объектілерімен кепілдеме есебін қамтамасыз етумен несиелендірілетін, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын таңдау бойынша комиссияның
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының қаулысына 2003 ж. 4 қараша N 231 N 3 қосымша Коммуналдық меншік объектілерімен кепілдеме есебін қамтамасыз етумен несиелендірілетін, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын таңдау бойынша комиссияның ҚҰРАМЫ 1. Швайченко Юрий Петрович Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары, Комиссия төрағасы 2. Ибраев Төлеген Тоқтасынович Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсiбi басқармасының бастығы, Комиссия мүшесi 3. Егізбаев Жұмағали Құмалбекович Шығыс Қазақстан облыстық коммуналдық  меншiк басқармасының бастығы, Комиссия мүшесi 4. Провкин Алексей Иванович Шығыс Қазақстан облыстық индустрия, сауда және кәсiпкерлiктi қолдау басқармасының бастығы, Комиссия мүшесi 5. Цыганков Анатолий Григорьевич Шығыс Қазақстан облыстық экономика басқармасының бастығы, Комиссия мүшесi 6. Тұрлыбаева Алма Қамаловна Шығыс Қазақстан облыстық индустрия, сауда және кәсiпкерлiктi қолдау басқармасының бөлiм бастығы, Комиссия мүшесi 7. Самамбаева Каникамал Бутабаевна Шығыс Қазақстан облысы әкiмиятының "Жәрдем" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнының директоры, Комиссия хатшысы Облыс әкімі аппаратының басшысы