Об утверждении тарифов на медицинские услуги в системе обязательного медицинского страхования Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрігерлік қызметтерге тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар 1995 жылғы маусымның 15-дегі «Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы» № 2329 Жарлығына сәйкес және міндетті медициналық сақтандыру қоры жүйесіндегі медициналық қызметтерге ақы төлеуді жетілдіру мақсатында:
Тармақ 1
1. Міндетті медициналық сақтандыру қоры жүйесіндегі медициналық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі тарифтік келісім бекітілсін (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Емдеу-сауықтыру мекемелерінің 1998 жылға арналған медициналық қызметтерінің тарифтері бекітілсін (2-қосымша).
Тармақ 3
3. Міндетті медициналық сақтандыру қоры жүйесінде істейтін емдеу-сауықтыру мекемелерімен есеп айырысқан кезде емдеу-сауықтыру мекемелерінің 1998 жылғы медициналық қызметтеріне арналған тарифтерінің қолданысқа енгізілуін қамтамасыз ететін болсын.
Тармақ 4
4. Осы өкімінің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М.Н. Оспановқа жүктелсін.
Басқа 5. Міндетті медициналық сақтандыру қоры жүйесіндегі медициналық қызметтерге ақы төлеу туралы ТАРИФТІК КЕЛІСІМ ШАРТЫ
Облыс әкімінің 1998 жылғы 4 маусым № І-43-ө шешіміне 1-қосымша Міндетті медициналық сақтандыру қоры жүйесіндегі медициналық қызметтерге ақы төлеу туралы ТАРИФТІК КЕЛІСІМ ШАРТЫ Біздер, төменде қол қоюшылар, Тапсырушы атынан – міндетті медициналық сақтандыру Қорынан Павлодар облыстық бөлімшесі, директоры – В.А. Креминский және Орындаушы атынан – Павлодар облысының денсаулық сақтау департаменті, бастығы – Д. Оразғалиев, міндетті медициналық қызметке ақы төлеу туралы осы келісім шартын жасастық.
Тармақ 1
1. Осы келісім шарт меншік нысанына қарамастан міндетті медициналық сақтандырудың Базалық бағдарламасы шеңберінде толығынан немесе ішінара медициналық қызмет көрсететін барлық медицина ұйымдарында қолданылады.
Тармақ 2
2. Медицина қызметін көрсетушілер мен міндетті медициналық сақтандыру Қоры бөлімшілері арасындағы қырым-қатынас әрбір емдеу-сауықтыру мекемелерінің міндетті медициналық сақтандырудың Базалық бағдарламасы шеңберінде медициналық қызмет көрсететін қажетті барлық қосымшаларымен бірге бекітілген нысандағы келісімдер негізінде құрылады.
Тармақ 3
3. Екі жақ медициналық көмекке ақы төлеу жүйесін облыс әкімімен келісіліп, бекітілген тарифтер бойынша айқындайды.
Тармақ 4
4. Кезеңнің ұзақтығы – 1998 жылғы сәуірдің 1-нен 1998 жылғы желтоқсанның 31-не дейін.
Тармақ 5
5. Медициналық қызметке ақы төлеу қаржы көлеміне байланысты есептік тарифтік ақы бойынша жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Ауруынан сауыққан бір сырқатқа кететін шығындар баптарының мына төмендегі жұмсалыну нормативтін қабылдау ұсынылады: 1, 2, 3-баптар – қалыптасқан нормативтерді есекере отырып; 9-бап – медициналық қызметке төленетін ақы көлемінің 12,5 % проценті; 10-бап – күніне кем дегенде 300 теңге.
Тармақ 6.1
6.1. Медициналық қызмет өзіндік құн тарифі сәйкес келмеген жағдайда алдымен еңбек ақы қаржыландырылады, еңбекақыға, дәрі-дәрмек сатып алуға, тамаққа ақша аударылады.
Тармақ 7
7. Бір тұрғынға арналған есеп бойынша қаржының жұмсауына бақылау жасау жұртшылық денсаулығының сауығу көрсеткіштері негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Тарифтер міндетті медициналық сақтандыру Қоры бөлімшесі және міндетті медициналық қоры Базалық бағдарламасы құнының бекітілген бюджеті қатынастарымен айқындалады.
Тармақ 9
9. Стационарда емделудің күндізді медициналық қызметіне ақы төлеу емделген бір сырқат үшін тариф құнының 30 проценті есебінен жүзеге асырылады. Күндізгі стациоанардағы, үйден келіп емдеу стационарындағы медициналық қызметке ақы төлеу ең соңынан жүзеге асырылады (3,7 келушінің 1-і емделіп, сауыққан жағдайда).
Тармақ 10
10. Медициналық қызметтерге ақы төлеу үшін міндетті медициналық сақтандыру қаржысын бөлген кезде міндетті түрде медициналық қызметке ақы төлеуше бағытталған қаражатты бөлу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар басшылыққа алынсын.
Басқа 17. 1998 жылы емдеу-сауықтыру мекемелерінің медициналық қызметтеріне арнлаған тарифтер
Облыс әкімінің 1998 жылғы 4 маусым № І-43-ө шешіміне 2-қосымша 1998 жылы емдеу-сауықтыру мекемелерінің медициналық қызметтеріне арнлаған тарифтер № № Емдеу-сауықтыру мекемелері 1998 жылға арналып келісілген тарифтер (теңге) стационар емхана тексеру 1 2 5 6 7 1. Облыстық клиникалық аурухана 8900 440 2. Облыстық балалар ауруханасы 8900 440 3. № 1 қалалық аурухана 8900 440 73 4. № 2 қалалық аурухана 8900 440 73 5. № 3 емхана 440 73 6. № 5 емхана 440 73 7. Жедел медициналық көмек ауруханасы 8900 440 73 8. Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы 8900 440 9. ПАЗ медициналық-санитарлық бөлімі 338 56 10. ПТЗ медициналық-санитарлық бөлімі 338 56 11. ІІБ медициналық-санитарлық бөлімі 338 56 12. Балалар тіс аурулары емханасы 440 73 13. Облыстық тіс аурулары емханасы 440 56 14. Қалалық тіс аурулары емханасы 440 56 15. «Стоматология» өндірістік кооперативті 440 56 16. Облонкологиялық диспансердің тарақалды бөлімі 8900 17. «Здоровье» ЖШС 338 56 Павлодар қаласы бойынша жиыны: 8900 395 56 18. Екібастұз қалалық медбірлестік 8900 395 66 19. Стоматология ЖШС, Екібастұз қаласы 338 56 20. «Малайсары» ЖШС 338 56 21. «Дентамед» ЖШС 338 56 Екібастұз қаласы бойынша жиыны: 8900 363 60 22. Ақсу қалалық медбірлестік 8900 389 73 23. Жеке кәсіпкер Сапыжан (тіс аурулары емханасы) 338 56 Ақсу қаласы бойынша жиыны: 8900 389 65 24. Ақтоғай ОАА 5200 318 65 25. Баянауыл ОАА 5200 318 53 26. Железинка ОАА 318 53 27. Ертіс ОАА 5200 318 53 28. Качиры ОАА 5200 318 53 29. Лебяжі ОАА 5200 318 53 30. Май ОАА 5200 318 53 31. Михайловка НА 5200 318 53 32. Павлодар АЕ 318 53 33. Успенка ОАА 5200 318 53 34. Шарбақты ОАА 5200 318 53 Аудандар бойынша жиыны: 5200 318 53 Облыс бойынша БАРЛЫҒЫ: 7975 366 61