Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Маслихата аппарата Жанакорганского района» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жаңақорған ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының бұйрығына сәйкес Жаңақорған ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Жаңақорған аудыны мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Жаңақорған аудандық мәслихатының 2022 жылғы 17 қарашадағы №291 шешімімен бекітілген «Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және «Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) тікелей басшы – дербес бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты тұлға;
Тармақша 2
2) жоғары тұрған басшы – дербес бағынысты болып табылатын, бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты тұлға;
Тармақша 3
3) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) қызметшілеролардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;
Тармақша 4
4) жеке жұмыс жоспары – қызметшінің бағалау кезеңіне НМИ қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат;
Тармақша 5
5) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;
Тармақша 6
6) мінез-құлық индикаторы – қызметшінің мінез-құлық және құзыреттер деңгейі көрінісінің сипаттамасы;
Тармақ 3
3. Қызметшілердің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі. 4.Қызметшінің нақты лауазымға келу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау өткізілмейді. Бағалауды өткізу кезінде қызметшілер еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іс-сапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.
Тармақ 5
5. Бағалауды өткізу үшін қызметшіні мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі - уәкілетті тұлға) кадр қызметі жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады. Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс. 6.Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) НМИ жетістіктерін бағалау;
Тармақша 2
2) Қызметшілердің құзыреттерін бағалау.
Тармақ 7
7. НМИ орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымдардан төмендету немесе босату үшін шешім қабылдауға негіз болып табылады. Құзыреттерді бағалау нәтижелері қызметшінің қажетті құзыреттерін дамытуға негіз болып табылады. Бұл ретте, құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымдардан төмендетуге немесе босатуға әсер етпейді.
Тармақ 8
8. Бағалауға байланысты құжаттар кадр қызметінде бағалау аяқталғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.
Тарау 2. 2-тарау. НМИ анықтау тәртібі
2-тарау. НМИ анықтау тәртібі
Тармақ 9
9. Бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде қызметшінің НМИ тікелей басшымен жеке жұмыс жоспарында осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысанда анықталады.
Тармақ 10
10. Жеке жұмыс жоспары тиісті НМИ әзірленген соң, ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
Тармақ 11
11. Қызметшінің тікелей басшысы мемлекеттік органның (жергілікті атқарушы органның) бірінші басшысы болған жағдайда жеке жұмыс жоспары осы лауазымды тұлғамен бекітіледі.
Тармақ 12
12. НМИ осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын түзетуге қайтарады. Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, түзетуге жолданған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. НМИ:
Тармақша 1
1)нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);
Тармақша 2
2)өлшемді (НМИ өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);
Тармақша 3
3)қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);
Тармақша 4
4)уақытпен шектеулі (НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді);
Тармақ 14
14. НМИ саны 5 құрайды.
Тармақ 15
15. Жеке жұмыс жоспары кадр қызметінде сақталады.
Тарау 3. 3-тарау. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
3-тарау. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
Тармақ 16
16. Жеке жұмыс жоспарында көрсетілген НМИ жетістігіне бақылау жүргізу мақсатында тікелей басшы НМИ-да белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторинг жүргізеді. Тоқсан сайынғы мониторинг қортындысы бойынша тікелей басшы бағалауға жататын қызметшіге НМИ-ге жету және сол үшін қажетті шаралар бойынша жазбаша ұсыныстар береді.
Тармақ 17
17. Бағалауды өткізу үшін қызметшінің тікелей басшысы осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.
Тармақ 18
18. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМИ бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады. НМИ барлығы орындалған жағдайда «өте жақсы» баға қойылады. НМИ санының 5-нен 4-і орындалған жағдайда «тиімді» баға қойылады. НМИ санының 5-нен 3-і орындалған жағдайда «қанағаттанарлық» баға қойылады. НМИ санының 5-нен 3-тен азы орындалған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» баға қойылады. НМИ-дің орындалуы жеке жоспарда қарастырылған барлық көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.
Тармақ 19
19. Бағалау парағы тікелей басшымен толтырылғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
Тармақ 20
20. Қызметшінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.
Тармақ 21
21. Қызметшінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшымен келесі шешімдердің бірі қабылданады:
Тармақша 1
1) бағалаумен келісу;
Тармақша 2
2) түзетуге жіберу.
Тармақ 22
22. Бағалау парағы НМИ қол жеткізуін дәлелдейтін фактілердің жеткіліксіздігі немесе дәйексіздігі болған жағдайда түзетуге жолданады.
Тармақ 23
23. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдағаннан кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін персоналды басқару қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
Тарау 4. 4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі
4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі
Тармақ 25
25. Құзыреттерді бағалау тікелей басшымен жүргізіледі және оның нәтижесі бойынша осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.
Тармақ 26
26. Бағалау парағын толтыру барысында әр құзырет бойынша «Б» корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін осы Әдістеменің 4-қосымшасымен көзделген мінез-құлық индикаторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны 10-нан аспайды.
Тармақ 27
27. Қызметші құзыретінің даму деңгейі бағалау кезеңінде оның қызметінде көрінген мінез-құлық индикаторларының санымен келесі тәртіпте анықталады:
Тармақша 1
1) қызметшінің қызметінде белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4 және одан көбі байқалған жағдайда «күтілген нәтижеге сәйкес» бағасы қойылады.
Тармақша 2
2) қызметшінің қызметі нақты құзыретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4-нен кеміне сәйкес келмесе, бағаланатын құзырет бойынша «күтілген нәтижеге сәйкес емес» бағасы қойылады.
Тармақ 28
28. Тікелей басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін кадр қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
Тарау 5. 5-тарау. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану
5-тарау. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану
Тармақ 29
29. Кадр қызметі Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін жеті жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін тұлғаларды бағалау жүргізу туралы хабарлайды.
Тармақ 30
30. Комиссияның отырысы оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
Тармақ 31
31. Комиссияның төрағасын не мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 32
32. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Тармақ 33
33. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, бағалау жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 34
34. Комиссияның хатшысы кадр қызметінің қызметшісі болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Тармақ 35
35. Кадр қызметі Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 36
36. Кадр қызметі Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) толтырылған бағалау парақтарын;
Тармақша 2
2) осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының жобасын;
Тармақ 37
37. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды да келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
Тармақша 1
1) бағалау нәтижелерін бекіту;
Тармақша 2
2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
Тармақ 38
38. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетіп, оны хаттаманың «Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)» графасында көрсетіледі.
Тармақ 39
39. Бағалаудың нәтижелері уәкілетті тұлғамен бекітіледі және осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамасында тіркеледі.
Тармақ 40
40. Кадр қызметі қызметшіні бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.
Тармақ 41
41. Қызметшіге бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, кадр қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Тармақ 42
42. Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда кадр қызметімен қызметшінің бағалау нәтижесі мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жолданады.
Тармақ 43
43. Қызметшінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, қызметшінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;
Тармақша 2
2) қызметшінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.
Тармақ 44
44. Қызметші бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
Басқа 73
«Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 1-қосымша «БЕКІТЕМІН» Жоғары тұрған басшы ___________________________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) күні __________________________ қолы _________________________ Нысан «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары __________________________________ жыл (жеке жоспар құрастырылатын кезең) Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))_______________________________ Қызметшінің лауазымы: _________________________________________________________ Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:_____________________________________ _____________________________________________________________________________ № п/п НМИ атауы Саяси мемлекеттік қызметшінің немесе «А» корпусы қызметішісі келісімінің қай көрсеткішінен немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан түйінделеді Өлшем бірлігі Жоспарлы мәні Қол жеткізу мерзімдері Түйінді нәтиже* Нысаналы мақсатты индикатор қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер Қызметші ___________________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) күні _______________________ қолы ____________________ Тікелей басшы ___________________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) күні _______________________ қолы ____________________
Басқа 74
«Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 2-қосымша «БЕКІТЕМІН» Жоғары тұрған басшы ___________________________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) күні __________________________ қолы _________________________ Нысан НМИ бойынша бағалау парағы ____________________________________________________ (Т.А.Ә.,бағаланатын тұлғаның лауазымы) ____________________________________ (бағаланатын кезең) № п/п НМИ атауы Өлшем бірлігі Жоспарлы мәні Нақты мәні Көрсеткішке қол жетті/көрсеткішке қол жетпеді Бағалау нәтижесі __________________________________________________ (қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы) Қызметші ___________________________ (тегі, аты-жөні) күні _______________________ қолы ____________________ Тікелей басшы ___________________________ (тегі, аты-жөні) күні _______________________ қолы ____________________
Басқа 75
«Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 3-қосымша Нысан Құзыреттер бойынша бағалау парағы _________________жыл (бағаланатын жыл) Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _________________________________________________________ Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________ Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: __________________________________________________________________ № р/с Құзыреттер атауы Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижеге сәйкес/күтілетін нәтижеге сәйкес емес) Қызметшіде байқамаған мінез-құлық индикатор атауы (күтілетін нәтижеге сәйкес емес бағасын алған жағдайда) 1 Қызметті басқару 2 Ынтымақтастық 3 Шешім қабылдау 4 Жеделділік 5 Өздігінен даму 6 Қызметті тұтынушыға бағдарлану 7 Қызметті тұтынушыларды хабарландыру 8 Адалдық 9 Жауапкершілік 10 Бастамашылдық 11 Стресске орнықтылық Лауазымдық міндеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жатпайтын «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері «Қызметті тұтынушыға бағдарлану» және «Қызметті тұтынушыларды хабарландыру» құзыреттері бойынша бағаланбайды. Қызметші ___________________________ (тегі, аты-жөні) күні _______________________ қолы ____________________ Тікелей басшы ___________________________ (тегі, аты-жөні) күні _______________________ қолы ____________________
Басқа 76
«Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 4-қосымша Нысан Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары Құ­зы­рет­тер ата­уы Мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік ла­у­а­зым­дар са­на­ты Ти­ім­ді мі­нез-құлық ин­ди­ка­тор­ла­ры Ти­ім­сіз мі­нез-құлық ин­ди­ка­тор­ла­ры ҚЫЗМЕТТІК БАСҚАРУ E-2 E-3 Бө­лім­ше­нің қыз­ме­тін жос­пар­лау мен қам­та­ма­сыз ету­ге қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­нақ­тап, тал­дай­ды және бас­шы­лық­қа ен­гі­зе­ді; Се­ніп тап­сы­ры­л­ған ұжым­ның жұ­мысын жос­пар­лай­ды және ұй­ым­да­сты­ра­ды, олар­дың жос­пар­лан­ған нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу­іне ық­пал ете­ді; Қыз­мет­кер­лер­дің қой­ы­л­ған мін­дет­тер­дің орын­да­луы ба­ры­сын­да­ғы қыз­ме­тіне ба­қы­лау жүр­гі­зе­ді; Бө­лім­ше жұ­мысы­ның нәти­же­ле­лі­лі­гін және са­па­сын қам­та­ма­сыз ете­ді; Бө­лім­ше­нің қыз­ме­тін жос­пар­лау мен қам­та­ма­сыз ету­ге қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­нақ­тап, тал­да­май­ды және бас­шы­лық­қа ен­гіз­бей­ді; Се­ніп тап­сы­ры­л­ған ұжым­ның жұ­мысын жос­пар­ла­май­ды және ұй­ым­да­стыр­май­ды, олар­дың жос­пар­лан­ған нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу­іне ық­пал ет­пей­ді; Қыз­мет­кер­лер­дің қой­ы­л­ған мін­дет­тер­дің орын­да­луы­на ба­қы­лау жүр­гіз­бей­ді; Бө­лім­ше жұ­мысы­ның нәти­же­ле­лі­лі­гін және са­па­сын қам­та­ма­сыз ет­пей­ді; E-3 E-4 Ба­сым­ды­лы­ғы­на қа­рай тап­сыр­ма­лар­ды ма­ңы­зды­лы­ғы ре­ті­мен қо­яды; Бас­шы­лық­қа са­па­лы құ­жат­тар дай­ын­дай­ды және ен­гі­зе­ді.; Өл­ше­улі уа­қыт жағ­дай­ын­да жұ­мыс жа­сай ала­ды; Бел­гі­лен­ген мер­зім­дер­ді сақ­тай­ды. Тап­сыр­ма­лар­ды жүй­е­сіз орын­дай­ды; Са­па­сыз құ­жат­тар әзір­лей­ді; Же­дел жұ­мыс жа­са­май­ды; Бел­гі­лен­ген мер­зім­дер­ді сақ­та­май­ды. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ E-2 E-3 Ұжым­да се­нім­ді қа­рым-қа­ты­нас ор­на­та­ды; Бө­лім­ше­нің қо­ғам­мен ти­ім­ді жұ­мысын ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша ұсы­ныс жа­сай­ды; Бір­ле­сіп жұ­мыс ат­қа­ру үшін әріп­те­сте­рі­мен тә­жі­ри­бе­сі­мен және бі­лі­мі­мен бө­лі­се­ді; Әр­қай­сысы­ның нәти­же­ге же­ту­ге қо­с­қан үле­сін анық­тай­ды. Ұжым­да өза­ра се­нім­сіз қа­рым-қа­ты­нас ор­на­та­ды; Бө­лім­ше және қо­ғам­мен ти­ім­ді жұ­мыс ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша ұсы­ныс жа­са­май­ды; Бір­ле­сіп жұ­мыс ат­қа­ру үшін әріп­те­сте­рі­мен тә­жі­ри­бе­сі­мен және бі­лі­мі­мен бөл­іс­пей­ді; Ба­ғы­ны­с­та­ғы тұ­лға­лар­дың нәти­же­ге же­ту­ге қо­с­қан үле­сін анық­та­май­ды. E-3 E-4 Ұжым­ның жұ­мысы­на үле­сін қо­са­ды және қа­жет болған жағ­дай­да тү­сін­дір­ме үшін аса тә­жі­ри­бе­лі әріп­те­сте­ріне жү­гі­не­ді; Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұжым­дар­дың өкіл­де­рі­мен және әріп­те­сте­рі­мен қа­рым-қа­ты­на­сты да­мы­та­ды; Тал­дау ба­ры­сын­да пі­кір ал­ма­са­ды және тал­қы­лау нәти­же­сін ес­ке­ре оты­рып, тап­сыр­ма­лар­ды орын­дай­ды. Жұ­мыста тұй­ық­тық ұста­ны­мын біл­ді­ре­ді және тү­сін­дір­ме үшін аса тә­жі­ри­бе­лі әріп­те­сте­ріне жү­гін­бей­ді; Әр­түр­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар­дың өкіл­де­рі­мен және әріп­те­сте­рі­мен өза­ра әре­кет­тес­пей­ді; Әріп­те­сте­рі­мен мә­се­ле­лер­ді тал­қы­ла­май­ды. ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ E-2 E-3 Бө­лім­ше қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру­да тап­сыр­ма­лар­ды дұ­рыс бө­ле ала­ды; Ше­шім қа­был­да­уда қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­на­уды ұй­ым­да­сты­ра­ды; Ше­шім қа­был­да­уда­ғы тә­сіл­дер­ді ұжым­мен тал­қы­лай­ды; Әр­түр­лі де­реккөз­дер­ден алын­ған ма­ғлұ­мат­тар­ды ес­ке­ре оты­рып, мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді тал­дай­ды және бо­лжам­дай­ды; Мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер мен сал­дар­лар­ды ес­ке­ре оты­рып, құ­зы­ре­ті ше­гін­де ше­шім қа­был­дай­ды. Бө­лім­ше қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру­да тап­сыр­ма­лар­ды дұ­рыс бө­ле ал­май­ды; Ше­шім қа­был­да­уда қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­на­уды си­рек ұй­ым­да­сты­ра­ды; Ше­шім қа­был­да­уда­ғы тә­сіл­дер­ді ұжым­мен тал­қы­ла­удан бас тар­та­ды және бас­қа­лар­дың пі­кі­рін ес­кер­мей­ді; Әр­түр­лі де­реккөз­дер­ден алын­ған ма­ғлұ­мат­тар­ды ес­кер­мей­ді, мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді тал­да­май­ды және бо­лжа­май­ды; Ше­шім қа­был­дау ба­ры­сын­да мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер мен сал­дар­лар­ды ес­кер­мей­ді. E-3 E-4 Қа­жет­ті мә­лі­мет­тер­ді та­ба ала­ды; Мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді ес­ке­ре оты­рып, мә­се­ле­лер­ді ше­шу­дің бір­не­ше жо­лын ұсы­на­ды; Өзі­нің пі­кі­рін негіз­дей ала­ды. Қа­жет­ті мә­лі­мет­тер­ді та­ба ал­май­ды; Мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді ес­кер­мей­ді неме­се мә­се­ле­лер­ді ше­шу­дің аль­тер­на­ти­ва­сын ұсын­бай­ды; Негіз­сіз пі­кір біл­ді­ре­ді. ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА БАҒДАРЛАНУ E-2 E-3 Са­па­лы­қыз­мет­көр­се­ту­жө­нін­де­гі­жұ­мыстар­ды­ұй­ым­да­сты­ра­ды­ж­әне­туын­да­ға­н­м­ә­с­е­л­е­л­е­р­д­і­ш­е­ш­е­ді; Ке­рі­бай­ла­ны­сты­қам­та­ма­сызе­ту­мақ­са­тында­қа­на­ғат­та­ну­шы­лық­дей­гей­і­нан­ы­қ­т­а­у­ғ­а­ж­а­ғ­д­а­й­ж­а­с­а­й­ды; Қыз­мет­көр­се­ту­дің­са­па­сын­ба­қы­лай­ды, сон­дай-ақ­же­ке­үл­гі бо­лу ар­қы­лы­көр­се­те­ді. Са­па­лы­қыз­мет­көр­се­ту­жө­нін­де­гі­жұ­мыстар­ды­ұй­ым­да­стыр­май­ды­ж­әне­туын­да­ғ­а­н­м­ә­с­е­л­е­л­е­р­д­і­ш­е­ш­п­е­й­ді; Ке­рі­бай­ла­ны­сты­қам­та­ма­сызе­ту­мақ­са­тында­қа­на­ғат­та­ну­шы­лық­дей­гей­і­нан­ы­қ­т­а­у­ғ­а­ж­а­ғ­д­а­й­ж­а­с­а­м­а­й­ды; Са­па­сыз­қыз­мет­көр­се­ту­ге­жол­бе­ре­ді, қы­зық­па­у­шы­лық­біл­ді­ре­ді. E-3 E-4 Сы­пай­ы­ж­әне­ті­лек­те­стікпен­қыз­мет­көр­се­те­ді; Қыз­мет­көр­се­ту­ге­қа­на­ғат­та­ну­шы­лық­дең­гей­ін­тал­дай­ды­ж­ә­нео­лар­ды­же­тіл­д­і­р­у­д­і­ң­ж­ө­н­і­н­д­е­ұ­с­ы­н­ы­с­т­а­р­е­н­г­і­з­е­ді; Қыз­мет­көр­се­ту­са­па­сы­н­жақ­сар­ту­бой­ын­ша­ұ­сы­ны­сен­гі­зе­ді. Қыз­ме­та­лушы­ға­дө­ре­кі­лі­к­ж­әне­нем­құ­рай­лы­лық­біл­ді­ре­ді; Тұ­ты­ну­шы­ның­сұрақ­та­ры мен мә­се­ле­ле­рі­нем­ән­бер­мей­ді; Қыз­мет­көр­се­ту­са­па­сы­н­жақ­сар­ту­бой­ын­ша­бел­сен­ді­лік­та­ныт­пай­ды. ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА АҚПАРАТТАНДЫРУ E-2 E-3 Ба­ғы­ны­с­та­ғы­лар­ды қыз­мет алушы­лар­ды қол­же­тім­ді ақ­па­рат­тан­ды­ру­ға бағ­дар­лай­ды; Тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­тар­ды құр­мет­пен және игі­лік­пен жет­кі­зе­ді; Қыз­мет тұ­ты­ну­шы­ла­ры­ның пі­кі­рін құр­мет­тей­ді. Ба­ғы­ны­с­та­ғы­лар­мен қыз­мет алушы­лар­ды ақ­па­рат­тан­ды­ру бой­ын­ша жұ­мыс жүр­гіз­бей­ді; Тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­тар­ды жет­кіз­бей­ді неме­се нем­құ­рай­лы және жақ­тыр­май жет­кі­зе­ді; Қыз­мет тұ­ты­ну­шы­ла­ры­ның пі­кі­рін еле­мей­ді. E-3 E-4 Қыз­мет алушы­лар­ды ақ­па­рат­тан­ды­ру­дың ти­ім­ді тә­сіл­де­рін қол­да­на­ды; Тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­ты қол­же­тім­ді ауыз­ша және жа­з­ба­ша түр­де жет­кі­зе­ді; Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты уақ­ты­лы қа­был­дай және жі­бе­ре ала­ды. Қыз­мет алушы­лар­ды ақ­па­рат­тан­ды­ру­дың ти­ім­сіз тә­сіл­де­рін қол­да­на­ды; Тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­ты ауыз­ша және жа­з­ба­ша түр­де жет­кіз­бей­ді неме­се тү­сі­нік­сіз жет­кі­зе­ді; Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты уақ­ты­лы қа­был­дай және жі­бе­ре ал­май­ды. ЖЕДЕЛДІЛІК E-2 E-3 Жұ­мыстың жа­ңа ба­ғыт­та­рын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі ұсы­ны­стар­ды қа­рай­ды және бас­шы­лық­қа ен­гі­зе­ді; Бо­лып жа­тқан өзге­рі­стер­ге тал­дау жа­сай­ды және жұ­мысты жақ­сар­ту бой­ын­ша уақ­ты­лы ша­ра­лар қа­был­дай­ды; Өзге­рі­стер­ді дұ­рыс қа­был­да­уды өзі­нің үл­гі өне­ге­сі­мен көр­се­те­ді. Жұ­мыстың жа­ңа ба­ғыт­та­рын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі ұсы­ны­стар­ды қа­ра­май­ды және бас­шы­лық­қа ен­гіз­бей­ді; Бо­лып жа­тқан өзге­рі­стер­ге тал­дау жа­са­май­ды және жұ­мысты жақ­сар­ту бой­ын­ша ша­ра­лар қа­был­да­май­ды; Бо­лып жа­тқан және кү­тіл­ме­ген өзге­рі­стер ке­зін­де өзін-өзі ба­қы­ла­май­ды. E-3 E-4 Жұ­мысты жақ­сар­ту жө­нін­де ұсы­ны­стар ен­гі­зе­ді; Олар­ды ен­гі­зу­дің жа­ңа ба­ғыт­та­ры мен әді­сте­рін үй­ре­не­ді; Өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да өзін -өзі ба­қы­лай­ды; Өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да тез бей­ім­де­ле­ді. Жұ­мыстың қол­да­ны­с­та­ғы рә­сім­де­рі мен әді­сте­рін ұста­на­ды; Жа­ңа ба­ғыт­тар мен әді­стер­ді зерт­теп олар­ды ен­гіз­бей­ді; Өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да өзін-өзі ба­қы­лай ал­май­ды; Өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да бей­ім­дел­мей­ді неме­се ба­яу бей­ім­де­ле­ді. ӨЗДІГІНЕН ДАМУ E-2; E-3 Ба­ғы­ны­сты­лар­дың құ­зы­рет­тер дең­гей­ін жо­ға­ры­ла­ту бой­ын­ша іс-ша­ра­лар ұсы­на­ды; Мақ­сат­қа же­ту үшін өзі­нің құ­зы­рет­те­рін да­мы­та­ды және олар­ды ба­ғы­ны­сты­лар­да да­мы­ту үшін ша­ра­лар қа­был­дай­ды; Ба­ғы­ны­сты­лар­мен олар­дың құ­зы­рет­те­рін, оның ішін­де да­му­ды қа­жет ете­тін құ­зы­рет­тер­ді тал­қы­лай­ды. Ба­ғы­ны­сты­лар­дың құ­зы­рет­тер дең­гей­і­нің жо­ға­ры­ла­у­ы­на қызығ­у­шы­лық та­ныт­пай­ды; Мақ­сат­қа же­ту үшін өзі­нің және ба­ғы­ны­сты­ла­ры­ның құ­зы­рет­те­рін да­мыт­пай­ды; Ба­ғы­ны­сты­лар­мен олар­дың құ­зы­рет­те­рін тал­қы­ла­май­ды. E-3 E-4 Жа­ңа бі­лім­дер мен тех­но­ло­ги­я­лар­ға қызығ­у­шы­лық та­ны­та­ды; Өзін­ді­гі­нен да­му­ға ұм­ты­ла­ды, жа­ңа ақ­па­рат­тар мен оны қол­да­ну­дың әді­сте­рін із­де­не­ді; Тә­жі­ри­бе­де ти­ім­ді­лік­ті арт­ты­ра­тын жа­ңа дағ­ды­лар­ды қол­да­на­ды. Жа­ңа бі­лім­дер мен тех­но­ло­ги­я­лар­ға қызығ­у­шы­лық та­ныт­пай­ды; Өзін­ді­гі­нен да­му­ға ұм­тыл­май­ды, жа­ңа ақ­па­рат­тар мен оны қол­да­ну әді­сте­рі­мен қы­зық­пай­ды; Өзін­де бар дағ­ды­лар­мен шек­те­ле­ді. АДАЛДЫҚ E-2 E-3 Бел­гі­лен­ген­стан­дарт­тар мен нор­ма­лар­дың, шек­те­улер мен тый­ым­дар­дың­сақ­та­луын­ба­қы­лай­ды; Ұжым­ны­ң­мүд­де­сі­нөз­мүд­де­сі­нен­жо­ға­ры­қо­яды; Жұ­мыста­та­бан­ды­лық­та­ны­та­ды; Ұжым­да­ғы­сый­ла­стық пен се­ні­маху­а­лын­қа­лып­та­сты­ра­ды; Ба­ғы­ны­сты­лар­ды­ңіс-әре­ке­т­ін­де­шы­най­ы­лы­қ­ж­әне­әді­лет­ті­лік­прин­ципте­рін­сақ­та­уды­қам­та­ма­сы­з­е­т­е­ді; Ри­я­сыздық, әділ­дік, адал­ниет­ті­лік, сон­дай-ақ, же­ке­тұл­ға­ның­на­мысы мен абы­рой­ы­на­құр­мет­та­ны­та­о­ты­рып, ба­ғы­ны­сты­ла­ры­ү­шінә­деп­ті­мі­нез-құлық­ты­ңүл­гі­сі­бо­ла­ды. Ұжым­да бел­гі­лен­ген стан­дарт­тар мен нор­ма­лар­дың, шек­те­улер мен тый­ым­дар­дың орын алуы­на жол бе­ре­ді; Өз мүд­де­сін ұжым мүд­де­сі­нен жо­ға­ры қо­яды; Жұ­мыста та­бан­ды­лық та­ныт­пай­ды; Ұжым­да­ғы сый­ла­стық пен се­нім аху­а­лын қа­лып­та­стыр­май­ды; Ба­ғы­ны­сты­лар­дың іс-әре­ке­т­ін­де шы­най­ы­лық және әді­лет­ті­лік прин­ципте­рін сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ет­пей­ді; E-3 E-4 Бел­гі­лен­ге­нә­деп­ті­лік­нор­ма­ла­ры мен стан­дарт­та­ры­на­сүй­е­не­ді; Өзі­н­ің­жұ­мысы­на­да­ло­рын­дай­ды; Өзі­на­дал, қа­ра­пай­ым, әді­лұ­стай­ды, бас­қа­лар­ға­сы­пай­ы­лы­қ­ж­әне­би­я­зы­лық­та­ны­та­ды. Бел­гі­лен­ген әдеп­ті­лік нор­ма­ла­ры мен стан­дарт­та­ры­на сай кел­мей­тін мі­нез-құлық­тар та­ны­та­ды; Өзі­нің жұ­мысын орын­дау ба­ры­сын­да нем­құ­рай­лы­лық біл­ді­ре­ді; Өзін адал­сыз, шам­дан­ған және бас­қа­лар­ға дө­ре­кі­лік және мен­сіз­бе­у­ші­лік қа­си­ет­те­рін та­ны­та­ды; СТРЕССКЕ ОРНЫҚТЫЛЫҚ E-2 E-3 Сын­ға­са­быр­лық­пен­қа­рай­ды­ж­әне­не­гіз­ді­болған­жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді­жо­ю­жө­нін­де­ша­ра­лар­қа­был­дай­ды. Сын­ға са­быр­сыз қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­да­май­ды. E-3 E-4 Сын­ға­са­быр­лық­пен­қа­рай­ды­ж­әне­не­гіз­ді­болған­жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді­жо­ю­жө­нін­де­ша­ра­лар­қа­был­дай­ды. Сын­ға са­быр­сыз қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­да­май­ды. ЖАУАПКЕРШІЛІК E-2 E-3 Құ­ры­лым­дық­бө­лім­ше­қыз­ме­ті­нұй­ым­да­сты­ру­ды­же­ке­жа­у­ап­кер­ші­лі­гі­не­а­ла­ды. Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру жа­у­ап­кер­ші­лі­гін бас­қа ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ға ар­та­ды. E-3 E-4 Өз ісі мен нәти­же­ле­рі үшін жа­у­ап­ты­лық­та бо­ла­ды. Өз ісі мен нәти­же­ле­рі үшін жа­у­ап­ты­лық­ты бас­қа тұл­ға­ға ар­та­ды. БАСТАМАШЫЛДЫҚ E-2 E-3 Қыз­мет­ти­ім­ді­лі­гін­жо­ға­ры­ла­ту­ға­ба­ғыт­тал­ға­нин­но­ва­ци­я­лықт­ә­сіл­де­рін­ж­ә­н­е­ш­е­ш­і­м­д­е­р­і­н­е­н­д­і­р­у­б­о­й­ы­н­ш­а­ұ­с­ы­н­ы­с­т­а­р­д­ы­т­а­л­д­а­й­д­ы­ж­ә­н­е­е­н­г­і­з­е­ді. Қыз­мет ти­ім­ді­лі­гін жо­ға­ры­ла­ту­ға ба­ғыт­тал­ған ин­но­ва­ци­я­лық тә­сіл­де­рін және ше­шім­де­рін ен­ді­ру бой­ын­ша ұсы­ны­стар­ды тал­да­май­ды және ен­гіз­бей­ді. E-3 E-4 Ұсы­ны­стар мен ба­ста­ма­ла­рын ен­гі­зе­ді және өзі­нің негіз­гі мін­дет­те­рі­нен бас­қа қо­сым­ша жұ­мыстар­ды орын­дай­ды. Ұсы­ны­стар мен ба­ста­ма­ла­рын ен­гіз­бей­ді және өзі­нің негіз­гі мін­дет­те­рі­нен бас­қа қо­сым­ша жұ­мыстар­ды орын­да­май­ды.
Басқа 77
«Жаңақорған аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 5-қосымша «БЕКІТЕМІН» Лауазымды тұлға ___________________________________ (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) күні __________________________ қолы _________________________ Нысан Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы ________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы) ____________________________________________________________________ (бағалау мерзіміжыл) Бағалау нәтижелері № р/с Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Бағалау нәтижелері туралы мәлімет Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда) Комиссияның ұсыныстары 1. 2. ... Комиссия қорытындысы: _______________________________________________________________ Тексерілді: Комиссияның хатшысы: ___________________________ Күні: _____________ (тегі, аты-жөні, қолы) Комиссияның төрағасы: ____________________________ Күні: ____________ (тегі, аты-жөні, қолы) Комиссияның мүшесі: _____________________________ Күні: _____________ (тегі, аты-жөні, қолы)