Об едином порядке финансирования расходов на содержание общеобразовательных школ области Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың жалпы білім беретін мектептерін ұстау шығындарын қаржыландырудың бірыңғай тәртібі туралы Облыс жалпы білім беретін мектептердің қаржыны тиімді пайдалануын арттыру, бухгалтерлік есеп пен есеп жұмысын жақсарту, мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері барлық жалпы білім және толық емес орта мектептерге, қосымша білім беретін мекемелерге заңды тұлғаның құқықтарын беріп және банкілерде есеп айырйсу және арнайы шоттарды ашып, оларға 1998 жылғы тамыздың 1-нен бастап қаржылай дербестік берсін.
Тармақ 2
2. Облыстық қазынашылық басқармасы қаржылай дербестікке шыққан білім беру мекемелерінің ағымдағы және арнайы қаржы шоттарын ашатын болсын.
Тармақ 3
3. Облыстық жалпы білім беретін мектептері бойынша шығындар көрсетілген бюджеттік ұйымдардың шығындарын қаржыландыру тәртібіне сәйкес қаржыландырылатын болсын.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы органдары облыстың орта және толық емес орта мектептері мен қосымша білім беретін мекемелерінің шығындарын жергілікті бюджет есебінен тікелей қаржыландыратын болсын.
Тармақ 5
5. Бастауыш мектептері тиісті селолық округтарының аумақтық қармағындағы орта және толық емес орта мектептері арқылы қаржыландырылатын болсын.
Тармақ 6
6. Несие жұмсаушылар (мектептер) бюджеттік қаржыны мақсатсыз немесе ысырапты пайдаланса, жергілікті қаржы органдары қаржыландыруды тоқтауға немесе бөлінген бюджеттік қаржыны қайтарып алуға құқылы.
Тармақ 7
7. Облыстың қазынашылық және облыс бойынша қаржы бақылау басқармалы білім беру мекемелерінің шоттарын бюджеттік және арнайы қаржының түсуіне және оның мақсатты пайдалануына бақылау жасайтын болсын.
Тармақ 8
8. Білім департаменті, облыс қаржы басқармасы осы шешімнің 1998 жылғы қыркүйектің 1-не дейін орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс білім беру департаментіне жүктелсін.