Об утверждении Инструкции о порядке списания имущества, закрепленного за коммунальными государственными предприятиями и коммунальными государственными учреждениями, а также коммунального государственного имущества, незакрепленного за коммунальными государственными юридическими лицами Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.09.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген, сондай-ақ коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген коммуналдық мемлекеттік мүлікті есептен шығару туралы Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 2000 жылғы 1 қарашадағы №470 «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мүлікті есептен шығарудың тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының негізінде, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелерге бекітіліп-берілген, сондай-ақ коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген коммуналдық мемлекеттік мүлікті есептен шығару туралы ұсынылған Нұсқаулық (әрі қарай-Нұсқаулық) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік басқару органы болып табылатын Атырау қаласы және аудан әкімдері, Атырау облысының коммуналдық меншік басқармасы, облыс басқармалары мен департаменттері шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы органдары (әрі қарай-Кәсіпорын) осы қаулымен бекітілген Нұсқаулықтың сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К.Нокинге жүктелсін.
Басқа 4
Облыс әкімиятының 2003 жылғы «4» қыркүйектегі №183 қаулысымен бекітілген қосымша Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген, сондай-ақ коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген коммуналдық мемлекеттік мүлікті есептен шығару туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы нұсқаулық табиғи немесе сапалық тозуының салдарынан, табиғи апаттар мен авариялардың нәтижесінде жарамсыздыққа келген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі-мемлекеттік кәсіпорындар) мен коммуналдық мемлекеттік мекемелерге (бұдан әрі коммуналдық мекемелер) бекітіліп берілген, сондай-ақ коммуналдық мемлекеттік мүлікті есептен шығару тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Нұсқаулық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерінің негізгі құрал-жабдықтарына (активтеріне) жататын мүлікке, сондай-ақ коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғалардың коммуналдық мемлекеттік мүлкіне қолданылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген коммуналдық мемлекеттік мүлікті есептен шығаруға қажетті құжаттаманы ресімдеу осы Нұсқаулықтың 10-тармағында белгіленген шарттарды ескере отырып, осы Нұсқаулықтың 4-тармағына сәйкес құрылатын Комиссия тұжырымының негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Комиссия мемлекеттік кәсіпорын немесе мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен құрылады. Коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген коммуналдық мемлекеттік мүлікті есептен шығару үшін Атырау облысының коммуналдық меншік басқармасы (әрі қарай-Уәкілетті орган) бұйрығымен комиссия құрылады. Мемлекеттік кәсіпорында құрылатын комиссияның құрамына міндетті түрде енгізіледі: Мемлекеттік кәсіпорынның бас инженері немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысының орынбасары (Комиссияның төрағасы); бас бухгалтер немесе оның орынбасары; мүліктің сақталуына жауапкершілік жүктелген тұлғалар; Мемлекеттік мекемелерде құрылатын комиссияның құрамына міндетті түрде енгізіледі: Мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары (Комиссия төрағасы); Бас бухгалтер немесе оның орынбасары (штат кестесі бойынша бас бухгалтер лауазымы болмаған жағдайда-бухгалтерлік есеп жүргізу жүктелген тұлғалар); Мүліктің сақталуына жауапкершілік жүктелген тұлғалар. Коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаға бекітіліп берілмеген коммуналдық мемлекеттік мүлікті есептен шығару үшін комиссия құрамына міндетті түрде енгізіледі: Уәкілетті органның өкілі (комиссия төрағасы); Жергілікті атқарушы органның өкілі; Мүліктің сақталуына жауапкерщілік жүктелген тұлғалар. Мүліктің жекелеген түрлерін есептен шығару кезінде Комиссия құрамына тиісті мамандар (сарапшылар) енгізіледі.
Тарау 2. 2. Мүлікті есептен шығару тәртібі
2. Мүлікті есептен шығару тәртібі
Тармақ 5
5. Табиғи және сапалы тозудың салдарынан, қызметінің белгіленген мерзімдері өтелгеннен кейін, дүлей апаттар мен авариялардың нәтижесінде өндірістік мәнін толығымен жоғалтқан, егер оны қалпына келтіру экономикалық жағынан тиімсіз немесе мүмкін емес болған мүлік мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің балансынан шығарылады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін есептен шығару мынадай жағдайларда жүзеге асырылады: 100 пайыз тозғанда–мемлекеттік басқару органымен келісілген мемлекеттік кәсіпорынның шешімі бойынша; 50 пайыздан артық тозғында және/немесе баланстық құны 1000 еселенген ең төменгі есептік көрсеткіштен артық емес болғанда-мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша және Уәкілетті органның жазбаша рұқсатынан кейін; Баланстық құны 1000 еселенген ең төменгі есептік көрсеткіштен артық болғанда-мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша және Уәкілетті органның жазбаша рұқсатынан кейін.
Тармақ 7
7. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығару Уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырылады. Аудандық (қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығару жергілікті атқару органының келісімі және Уәкілетті органның жазбаша рұқсатынан кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Комиссия техникалық құжаттаманы, сонымен қатар бухгалтерлік есеп мәліметтерін қолдана отырып, есептен шығаруға жататын мүлікті тексеріп қарайды және оның қалпына келтіру және одан әрі қолдануға жарамсыздығын анықтайды, осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген есептен шығарылудың себептерін айқындайды, есептен шығарылып отырған мүліктің жекелеген түйіндері, бөлшектері, материалдарын қолдану мүмкіндігін анықтайды, оларды бағалайды, мүліктің мерзімінен бұрын қолданыстан шығарылуына айыпты болған тұлғаларды анықтайды және акт жасайды. Комиссияның қызметі арнайы білімдерді қажет еткен жағдайда, оның құрамына тиісті мамандарды (сарапшыларды) енгізеді. Есептен шығару актілері бекітілгенге дейін мүлікті ажырату мен бөлшектеуге рұқсат етілмейді. Мүлікті жоюдан алынған барлық бөлшек, материал және материалдық құндылықтар (бұдан әрі материалдар) үш топқа бөлінеді. Бірінші топ-оның пайдалануы мүмкін бағасы бойынша бухгалтерлік есеп-шоттарға кіріске алуға тиісті тікелей мақсатына ілгері қарай пайдалану үшін жарақты материалдар. Екінші топ-қайталама шикізат ретінде (қара, түсті және асыл материалдар, көнерген материал, отын және т.б.) кіріске алынатын тікелей қызметі бойынша одан әрі қолдануға жарамсыз материалдар. Үшінші топ-одан әрі қолдануға жарамсыз материалдар. Осы топтың материалдары жойылуға жатады, бұл туралы акт жасалады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің мүлкін осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген себептердің салдарынан есептен шығару белгіленген формалардың (ОС-3, ОС-3 бюджет, ОС-4, 443, 444) актілерімен 3 данада ресімделеді.
Тармақ 10
10. Комиссия 3 данада жасаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығару актілері осы Нұсқаулықтың 6,7-тармақтарына сәйкес мынадай құжаттар тізбесімен жолданады:
Тармақша 1
1) комиссия хаттамасымен;
Тармақша 2
2) авария жағдайында-тиісті лауазымды тұлға жасаған және бекіткен уақиға актісінің көшірмесімен;
Тармақша 3
3) мемлекеттік басқару органдарымен келісілген есептен шығару құжаттары тиісінше Уәкілетті органға немесе оның аумақтық органдарына жазбаша рұқсат алу үшін жіберіледі.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін есептен шығару актілері келісілген жағдайда жоғарғы сол жақ бұрышта «Келісілді» деген белгі, күні, тиісті мемлекеттік басқару органының мөрмен куәлендырылған басшысының қолы қойылады. Актінің, комиссия хаттамасының (уақиға актісінің көшірмесінің) бір данасы уәкілетті органда қалады, қалған екеуі-мемлекеттік кәсіпорын немесе мемлекеттік мекемеге беріледі.
Тармақ 12
12. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша мүлікті есептен шығаруға келіспеуге немесе заңнамада белгіленген тәртіпте осы мүлікті сауда-саттыққа (жекешелендіруге) шығару туралы шешім қабылдауға құқылы. Бұл ретте осы мүлікті сауда-саттықта шығарып сатқанға дейін осы мүлік балансында тұрғын мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын оның сақталуына жауапты болады.
Тармақ 13
13. Келісілмеген жағдайда, мүлікті есептен шығарудан бас тарту жөнінде негіздемелері бар құжаттар пакеті мемлекеттік кәсіпорын немесе мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
Тарау 3. 3. Қорытынды ережелер
3. Қорытынды ережелер
Тармақ 14
14. Есептен шығарудың қолданыстағы тәртібі бұзылған жағдайда бұған айыпты тұлғалар Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 15
15. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешіледі.