О мероприятиях по реализации положений Меморандума Правительства Республики Казахстан по укреплению экономической стабильности Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.09.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономикалық тұрақтылықты нығайту жөніндегі Меморандумы ережелерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономикалық тұрақтылықты нығайту жөніндегі Меморандумының саяси құндылығы мен уақытында қабылдануын сезіне отырып, оның ережелерін мақұлдай және қолдай отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономикалық тұрақтылықты нығайту жөніндегі Меморандумы ережелерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар бекітілсін (тіркеліп отыр).
Тармақ 2
2. Атқарушы органдардың басшылары, облыс қалалары мен аудандарының әкімдері ұсынылған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін және облыс әкімі аппаратын белгіленген мерзімде хабардар ететін болсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімінің орындалуына өзім бақылау жасайтын боламын.
Басқа 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономикалық тұрақтылықты нығайту жөніндегі Меморандумы ережелерін жүзеге асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР
Облыс әкімінің 1998 жылғы 17 қыркүйек № 288 шешімімен бекітілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономикалық тұрақтылықты нығайту жөніндегі Меморандумы ережелерін жүзеге асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР № р/с Іс-шаралардың атауы Орындаушы Аяқталу түрі Орындалу мерзімі және облыс әкімі аппаратына хабарлама беру 1 2 3 4 5 1. Кадарстрлық тоқсандар бойынша жер уческелерін жаппай есепке алуды жүргізу, жер иелерінің құқықтылығын куәландыратын құжаттары мен жерге ақы төлеу жағдайын тексеру, оны толығынан алу жөнінде шаралар қолдану Облыс жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет тексеру актілері, жерді сатып алу не жалдау шарттары, облыстық бюджетке бір жыл ішінде жерді сатып алу мен жалдаудан 980 млн. теңге түсіру 1999 жыл 15 қаңтар 2000 жыл 15 қаңтар 2. Шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің салық төлеудің ақылы түріне көшуіне байланысты бірінші кезекте салық төлеушілердің жер учаскелері құнын есептеуге арналған тапсырыстарын қанағаттандыру Облыс жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет Жер учаскелері құнының есебі 1999 – 2000 жылдар бойы тоқсан сайын 3. Нақты монополист-кәсіпорындары шикізат, материалдар, жабдықтар, отын сатып алу, амортизацияны пайдалану, еңбекақы төлеу денгейі, үстеме шығындар бойынша тендер жөнінде тексеруден өткізу Облыс бойынша нақты монополияны реттеу және бәсекелестікт қорғау жөніндегі комитет хабарлама 1998 жылғы қазанның 1-і 4. Павлодар және Екібастұз қалаларындағы емдеу-сауықтыру мекемелерін жабу мәселесін денсаулық сақтауды қайта құру жөніндегі облыстық комиссияның қарауына ұсыну Облыс денсаулық сақтау департаменті Емдеу-сауықтыру мекемелерінің қызметіне талдау жасау 1998 жылғы қыркүйек 5. Мемлекеттік сатып алуларды тендерлік негізде өткізуге бақылауды күшейту, тауарларды (жұмысты, қызметті) сатып алу шығандарын тек қана тендерлік негізде жүзеге асыру Облыс бойынша қаржы басқармасы, облыс қалалары мен аудандарының әкімдері, облыс денсаулық сақтау департаменті, облыс еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасы, облыс әкімінің істер басқармасы Тендер жөніндегі комиссиясының шешімі, тексеру актілері, облыс әкімі аппаратына хабарлама жасау Әр айдың 10-на дейін 6. Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталық пен жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетін міндетті жарналардың уақытында және толығынан төлеуіне бақылауды күшейту Облыс бойынша салық комитеті Кәсіпорындар тізбесі, шаралар 1998 жылғы қыркүйек 7. Мүмкіндігі бар сатып алушылар мен ауылдық жерлерде орналасқан объектілерді сатыду анықтау жөніндегі жұмысты жалғастыру Облыс бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті, облыс қалалары мен аудандарының әкімдері Сату-сатып алу келісім-шарттары, хабарлама Тоқсан сайын