Вопросы Министерства информации Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 қыркүйектегi N 1189 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi туралы ереже;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгiне екi вице-министр, оның iшiнде бiреу бiрiншi вице-министр болуға рұқсат етiлсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары болып қайта ұйымдастырылсын. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгі қаулының осы тармағын iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде: реттiк нөмiрлерi 409-1, 409-4, 415-жолдар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрлерi 416-1 және 416-2-жолдармен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi 416-1. "Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны 416-2. "Елорда" баспасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны";
Тармақша 2
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына : көрсетiлген қаулыға қосымшада: "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне" деген бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгiне".
Тармақ 5
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 12. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1180 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты және заңнамада көзделген шекте ақпарат, iшкi саяси тұрақтылық салаларындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар.
Тармақ 3
3. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады. Министрлiк өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi. Министрлiк мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға егер осыған заңнамаға сәйкес өкiметтi болса, құқылы.
Тармақ 5
5. Министрлiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
Тармақ 6
6. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Тармақ 7
7. Министрлiктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, "Тransport tower" ғимараты.
Тармақ 8
8. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 9
9. Министрлiктiң құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 қыркүйектегi N 1189  Жарлығы  және осы Ереже болып табылады.
Тармақ 10
10. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады. Министрлiкке Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
Тармақ 2. 2. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
2. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
Тармақ 11
11. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн өз құзыретi шегiнде қамтамасыз ету және қорғау;
Тармақша 2
2) бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыру және мемлекеттік ақпараттық саясатты iске асыру;
Тармақша 3
3) отандық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына көмек көрсету;
Тармақша 4
4) республиканың қоғамдық процестерiн демократияландыру қоғамдық-саяси күштерiн топтастыру жөнiндегi тұжырымдамалық негiздердi әзiрлеу;
Тармақша 5
5) кiтап шығару және полиграфия саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргiзу.
Тармақ 12
12. Министрлiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысады;
Тармақша 2
2) бұқаралық ақпарат құралдары, кiтап шығару және полиграфия саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
Тармақша 3
3) мемлекет меншiгiндегi бұқаралық ақпарат құралдарының қызметiн үйлестірeдi;
Тармақша 4
4) өз құзыретiнiң шегiнде әдебиеттiң әлеуметтiк маңызды түрлерi бойынша баспа бағдарламаларын, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар iс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруды қалыптастырады және бақылайды;
Тармақша 5
5) бұқаралық ақпарат құралдарын, оның iшiнде шетел аудиториясына арналғандарды да есепке алуды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) бұқаралық ақпарат құралдары өнiмiнiң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауы мәнiне мониторингтi жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) Жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткiзу жөнiндегi комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) лицензиаттың теледидар және/немесе радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметiне лицензияда көрсетiлген шарттардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп тану, сондай-ақ теледидар және/немесе радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметке берiлген лицензияның қызметiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды;
Тармақша 10
10) өз құзыретiне жататын салаларда Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) бұқаралық ақпарат құралдарында республиканың жалпыұлттық мемлекеттiк даму стратегиясын түсiндiру мен насихаттауды қамтамасыз етедi;
Тармақша 12
12) газет-журналдық, дыбыс-бейне және өзге де отандық және шетелдiк ақпарат өнiмдерiне талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) теледидар және радиохабарларын таратудың мемлекеттік желiсiн басқару жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 14
14) телекоммуникациялар саласында ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру үшiн техникалық құралдарды дамыту және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысқа қатысады;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асырады және олардың бiрыңғай Тiзiлiмiн жүргiзедi;
Тармақша 16
16) Министрлiк құзыретiне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бiрлестiктермен, үкiметтiк емес ұйымдармен, кәсiби одақтармен және өзгелерiмен өзара iс-қимыл жасайды;
Тармақша 17
17) Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссияның жұмыс органының функциясын орындайды;
Тармақша 18
18) республикада болып жатқан қоғамдық-саяси процестерді жан-жақты әрi шынайы зерделеудi, қорытуды және талдауды жүргiзедi;
Тармақша 19
19) Министрлiк құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарын, сараптама және болжамды бағаларды дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) әлеуметтiк, ақпараттық және коммуникативтік технологияларды әзiрлеудi және оларды мемлекет қызметiнiң әлеуметтiк маңызы бар салаларына енгізуді жүзеге асырады;
Тармақша 21
21) iшкi саяси тұрақтылықты, азаматтық бейбiтшiлiк пен келiсiмдi нығайтуға, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған ғылыми-практикалық iс-шараларды (конференциялар, семинарлар, мәжiлiстер, дөңгелек үстелдер, симпозиумдар және т.б.) өткiзедi;
Тармақша 22
22) қазақстандық ерекшелiктердi есепке ала отырып, қоғамдық пiкiрдi талдау мен модельдеудiң инновациялық әдiстерiн зерделеудi, бейiмдеудi жүргізеді;
Тармақша 23
23) баспа-полиграфия саласының жағдайын талдайды және дамуын болжайды, аталған салада маркетингтiк зерттеулер жүргiзедi;
Тармақша 24
24) отандық кiтап шығару, кiтап маркетингiнiң кәсiби деңгейiн және баспа-полиграфия өнiмдерiнiң сапасын арттыру және баспа-полиграфия саласын дамыту жөнiндегi шараларды қабылдайды;
Тармақша 25
25) республикалық кiтап және полиграфия көрмелері мен жәрмеңкелерiн жүргiзудi ұйымдастырады, сондай-ақ халықаралық конференциялар, симпозиумдар мен семинарларға қатысады;
Тармақша 26
26) бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия ұйымдары саласындағы салалық стандарттар, техникалық шарттар мен нормативтiк-техникалық құжаттама әзiрлейдi және оларды енгiзудi қамтамасыз етедi;
Тармақша 27
27) заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлiк құзыретiне жататын салалардағы қатынастарды реттейтiн халықаралық шарттарды жасасу, орындау және олардың күшiн жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
Тармақша 28
28) Министрлiк құзыретiне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 29
29) Министрлiктiң құзыретiне жататын қызмет саласындағы заңнаманы қолдану практикасын талдайды және қорытады, заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын дайындауға қатысады және оларды Үкiметке енгiзудi қамтамасыз етедi;
Тармақша 30
30) өз құзыретiнiң мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлейдi және бекiтедi;
Тармақша 31
31) Министрлiктiң қызметiне жататын салаларда салалық бағдарламаларды әзiрлейдi және олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 32
32) Министрлiктiң қарамағындағы ұйымдардың қызметiн үйлестiредi;
Тармақша 33
33) Министрлiкке заңнамамен жүктелген өзге де функциялар.
Тармақ 13
13. Министрлiктiң негiзгi мiндеттер мен функцияларды iске асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан Министрлiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпарат сұратуға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк ақпарат саясатының негiзгi бағыттары, қоғамдық-саяси процестер, кiтап шығару мен полиграфияны дамыту және жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 3
3) Министрлiктiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) өзіне берiлген мүлiктi пайдалану және иелену құқығын жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық мiндеттемелердi сақтау жөнiндегi қызметiн бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 6
6) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 7
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мерзiмді баспасөз басылымдарының бақылау даналарын тегiн алуға;
Тармақша 8
8) заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 3. 3. Министрлiктің мүлкi
3. Министрлiктің мүлкi
Тармақ 14
14. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетiлген өзге де мүлiктен тұрады.
Тармақ 15
15. Министрлiкке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 16
16. Министрлiктiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен иелiк етуiне құқығы жоқ. Министрлiкке республика заңнамасында белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке иелiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
Тармақ 4. 4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 17
17. Министрлiк, оның аумақтық органдары және ведомстволық бағыныстағы ұйымдары Ақпарат министрлiгiнiң бiрыңғай жүйесiн құрады.
Тармақ 18
18. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады. Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министрдiң екi вице-министр - орынбасарлары оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болады.
Тармақ 19
19. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады әрi оған басшылық жасайды, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
Тармақ 20
20. Осы мақсатта Министр:
Тармақша 1
1) өзiнiң орынбасарлары мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
Тармақша 2
2) заңнамаға сәйкес және өз құзыретi шегiнде Министрлiктiң қызметкерлерiн, аумақтық органдар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Министрлiктi бiлдiредi;
Тармақша 4
4) заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлiк қызметкерлерiн және аумақтық органдар басшыларын көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету және тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi;
Тармақша 5
5) Министрлiктiң мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық бөлiмшелерi туралы жарғыларын және/немесе ережелерiн бекiтедi;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат санының лимитi шегiнде Министрлiктiң және оның аумақтық органдарының құрылымы мен штат санын белгiлейдi;
Тармақша 7
7) Министрлiктiң аумақтық органдарының басшылары кесiмдерiнiң күшiн толығымен не ішінapa жояды немесе тоқтата тұрады;
Тармақша 8
8) өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
Тармақша 9
9) Министрлiктiң жұмыс регламентiн бекiтедi;
Тармақша 10
10) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Министрлiктiң Министр жанындағы консультативтiк-кеңесшi органы болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр бекiтедi.
Тармақ 5. 5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату
5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 22
22. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 96. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1180 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi Полиграфия ұйымдары "Мектеп" баспасы ЖШС "Алатау" баспа-полиграфия корпорациясы" ААҚ "Қарағанды полиграфиясы" ААҚ "Қазақ энциклопедиясы" ЖАҚ "Елорда" баспасы" РМК "Баспалар үйi" АҚ "Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кiтап палатасы" MM Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ұйымдар "Қазақстан" Республикалық Телерадиокорпорациясы" АҚ "Хабар" агенттiгi" АҚ "Егемен Қазақстан" республикалық газетi" ААҚ "Казахстанская правда" республикалық газетi" ЖАҚ "Қазақ газеттерi" ЖАҚ "Жас өркен" ААҚ "Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" РМҚК "Қазбаспасөз" ААҚ "Қазақ ақпарат агенттiгi" ұлттық компаниясы" ААҚ қаулысымен .
Басқа 97. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1180 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi Ақмола облысы
Тармақ 1. Ақтөбе облысы
1. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Ақмола облысы бойынша Ақпарат басқармасы Ақтөбе облысы
Тармақ 2. Алматы облысы
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Ақтөбе облысы бойынша Ақпарат басқармасы Алматы облысы
Тармақ 3. Атырау облысы
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Алматы облысы бойынша Ақпарат басқармасы Атырау облысы
Тармақ 4. Шығыс Қазақстан облысы
4. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Атырау облысы бойынша Ақпарат басқармасы Шығыс Қазақстан облысы
Тармақ 5. Жамбыл облысы
5. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ақпарат басқармасы Жамбыл облысы
Тармақ 6. Батыс Қазақстан облысы
6. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Жамбыл облысы бойынша Ақпарат басқармасы Батыс Қазақстан облысы
Тармақ 7. Қарағанды облысы
7. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша Ақпарат басқармасы Қарағанды облысы
Тармақ 8. Қызылорда облысы
8. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Қарағанды облысы бойынша Ақпарат басқармасы Қызылорда облысы
Тармақ 9. Қостанай облысы
9. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Қызылорда облысы бойынша Ақпарат басқармасы Қостанай облысы
Тармақ 10. Маңғыстау облысы
10. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Қостанай облысы бойынша Ақпарат басқармасы Маңғыстау облысы
Тармақ 11. Павлодар облысы
11. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Маңғыстау облысы бойынша Ақпарат басқармасы Павлодар облысы
Тармақ 12. Солтүстiк Қазақстан облысы
12. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Павлодар облысы бойынша Ақпарат басқармасы Солтүстiк Қазақстан облысы
Тармақ 13. Оңтүстiк Қазақстан облысы
13. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ақпарат басқармасы Оңтүстiк Қазақстан облысы
Тармақ 14. Астана қаласы
14. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Ақпарат басқармасы Астана қаласы
Тармақ 15. Алматы қаласы
15. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Астана қаласы бойынша Ақпарат басқармасы Алматы қаласы
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң Алматы қаласы бойынша Ақпарат басқармасы
Басқа 114. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1180 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 499  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 16, 163-құжат).
Тармақ 2
2. "Жедел басу баспаханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 маусымдағы N 803  қаулысы  3-тармағының 2) тармақшасы.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулардың 21-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 343-құжат).
Тармақ 4
4. "Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 наурыздағы N 351  қаулысы  5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 13-14, 135-құжат).
Тармақ 5
5. "Қазақстан халқы тарихи-мәдени мұрасының кейбiр объектiлерiн сақтау жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 мамырдағы N 779  қаулысы  5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 23, 271-құжат).
Тармақ 6
6. "Жас өркен" ашық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 26 шiлдедегi N 1110  қаулысы  3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 30, 374-құжат).
Тармақ 7
7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қазандағы N 1626  қаулысы  1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 44-45, 531-құжат).
Тармақ 8
8. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң "Рауан" республикалық баспасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 қарашадағы N 1701  қаулысы  3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 47-48, 558-құжат).
Тармақ 9
9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 499 және 2000 жылғы 31 тамыздағы N 1328 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1807  қаулысы  1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 54, 594-құжат).
Тармақ 10
10. "Ғылым" ғылыми-баспа орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 20 қаңтардағы N 88  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 1-2, 23-құжат).
Тармақ 11
11. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 499 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 18 мамырдағы N 656  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 18, 231-құжат).
Тармақ 12
12. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 қазандағы N 1366  қаулысы .
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң "Мектеп" ашық акционерлiк қоғамын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қазандағы N 1383  қаулысы  3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 36-37, 486-құжат).
Тармақ 14
14. "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Қазақ ақпарат агенттiгi (ҚазААГ)" республикалық қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 8 қарашадағы N 1186  қаулысы  3-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 39, 402-құжат).
Тармақ 15
15. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1441  қаулысы  1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 49, 489-құжат).
Тармақ 16
16. "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң "Елорда" Ақмола мемлекеттiк баспасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 35  қаулысы  3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 1, 13-құжат).
Тармақ 17
17. "Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 9 сәуiрдегi N 341  қаулысы  5-тармағының 2-тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 16, 163-құжат).
Тармақ 18
18. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 27 тамыздағы N 872  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы.
Тармақ 19
19. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң "Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 қыркүйектегi N 906  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.