Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации Күшін жойған
Басқа 0
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 7) тармақшасына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарқаралы ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2023 жылдың 01 қаңтарынан бастап еңгізіледі.
Басқа 4. Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Қарқаралы ауданы ұйымдарының тізімі
Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «02» желтоқсандағы
№ 366 қаулысына қосымша
Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Қарқаралы ауданы ұйымдарының тізімі
№
Ұйымның атауы
Қызмет-керлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі
(% қызмет-керлердің тізімдік санынан)
Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1
«Кабишев Бауржан Саятович» жеке кәсіпкер
10
1
1
2
«Айбол» шаруа қожалығы
11
1
1
3
«Игликова» жеке кәсіпкер
10
1
1
4
«Гулим» шаруа қожалығы
10
1
1