О развитии баскетбола в области Күшін жойған
Басқа 0
Облыста баскетболды дамыту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 25 шешімімен.
Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамытудың 1997 – 2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және облысты баскетболды одан әрі дәріптеу мақсатында ШЕШІМ етемін:
Тармақ 1
1. Павлодар облысында 2000 жылға дейін баскетболды дамыту жөніндегі шаралар бекітілсін (тіркеліп отыр).
Тармақ 2
2. Облыстың білім департаментіне, облыстың туризм және спорт басқармасына бұқаларық баскетболды оқу орындары мен тұрғылықты жерлерде дамыту жөнінде қажетті шараларды қолдану тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық баскетбол федерациясы (Г.Ф. Савченко) облыс тұрғындары арасында баскетболдан спорттық шараларды үнемі өткізуді қамтамасыз ететін болсын.
Тармақ 4
4. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері аймақтарда баскетболды одан әрі үшін оның материалдық базасын нығайтуға және кеңейтуге жан-жақты жағдай жасайтын болсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімінің орындалуына өзім бақылау жасайтын боламын.
Басқа 6. Облыста баскетболды дамыту жөніндегі ШАРАЛАР
Облыс әкімінің 1998 жылғы
5 қазан № 303 шешіміне
қосымша
Облыста баскетболды дамыту жөніндегі ШАРАЛАР
№ №
Р-с
Шаралар
Жауапты
Мерзімі
1.
Екібастұз және Ақсу қалаларының ЮЖСМ-де баскетболдан Олимпиадалық резервінің арнаулы бөлімшелерін ашу
Облыстың білім департаменті, Облыстың туризм және спорт басқармасы
1998 – 1988 оқу жылдары
2.
Олимпиадалық резервінің мектеп-интернаты жанында баскетбол бөлімшесін ашу
Облыстың білім департаменті, Облыстың туризм және спорт басқармасы
1998 – 1988 оқу жылдары
3.
Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде баскетболдан арнаулы сыныптар ашу (Ақсуда – 1, Екібастұзда – 2, Павлодарда - 4)
Облыстың білім департаменті
2000 жылға дейін
4.
Облыста бұқаралық баскетболды дамыту мақсатында баскетбол алаңдарының құрылысың және бар алаңдарды жөндеу жұмыстарын жүргізу
Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері, қалалық және аудандық туризм және спорт бөлімдері
Барлық кезеңде
5.
Баскетбол федерациясының көшедегі көрсету ойындарын өткізу үшін баскетбол қалқандарының жиналмалы конструкциясын дайындау
Баскетбол федерациясы, облыстың индустрия, көлік және коммуникациялар департаменті
1998 жыл
6.
БЖСМ-дегі арналуы баскетбол бөлімшесін спорттық киіммен және доптармен қамтамасыз ету
Баскетбол федерациясы
Жыл сайын
7.
Облыстағы БЖСМ-тері арасында баскетболдан кездесулер, ресми жұмыстар өткізу
Облыстың білім департаменті, Облыстың туризм және спорт басқармасы, баскетбол федерациясы
Бұқаралық спорт шаралары күнтізбесіне сәйкес жыл бойы
8.
Баскетбол федерациясы командасымен баскетболдан көрсету ойындарын өткізу
Баскетбол федерациясы
үнемі
9.
«Ертіс-ССL» шеберлер командасын сметасы мен күнтізбелік жоспарына сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз ету
«ПМӨЗ-ССL» акционерлік қоғамы, баскетбол федерациясы
Жыл сайын
10.
«Ертіс-ССL» командаларын 1998 – 2000 жылдардағы Азиялық және Олимпиадалық ойындарға қатысуға сапалы дайындау үшін қажетті жағдай жасау
«ПМӨЗ-ССL» акционерлік қоғамы, баскетбол федерациясы
үнемі
11.
Қазақстан Республикасының төрешілік корпусын бастайтын баскетбол төрешілерін дайындау жөнінде жұмыс жүргізу
Облыстың туризм және спорт басқармасы, баскетбол федерациясы
үнемі
12.
Алдарында тұрған міндеттерді жемісті орындау үшін баскетбол федерациясының материалдық базасын нығайту, ол үшін:
федерация офисі үшін орын бөлу;
факс, телефон аппараттарын, компьютерлік техника сатып алу
Облыстың туризм және спорт басқармасы, баскетбол федерациясы
үнемі
1998 жыл бойы