О геодезии, картографии и пространственных данных Қолданыста
Басқа 0
Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1
1-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
Осы Заң кеңістіктік деректерді іздеуді, жинауды, сақтауды, өңдеуді, беруді және таратуды қоса алғанда, геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Бап 2
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) атлас – жалпы бағдарламамен біріктірілген көптеген карталардан тұратын картографиялық туынды;
Тармақша 2
2) биіктік есептеу жүйесі – жер беті нүктелерінің бастапқы деңгейлік бетіне қатысты биіктіктерін айқындауға арналған есептеу жүйесі;
Тармақша 3
3) бірыңғай цифрлық картографиялық негіз – Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының құрамдас картографиялық бөлігі және Қазақстан Республикасының аумағы туралы базалық кеңістіктік деректердің жүйеленген жиынтығы болып табылатын цифрлық ресурс;
Тармақша 4
4) географиялық цифрлық жүйе – Жер туралы, жер бетінің объектілері, табиғи, техногендік және қоғамдық процестер туралы кеңістіктік ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды, модельдеуді, сақтауды, таратуды және өзгеше пайдалануды қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;
Тармақша 5
5) географиялық цифрлық ресурстар – кеңістіктік деректер мен метадеректердің электрондық базаларының жиынтығы;
Тармақша 6
6) геодезия – карталар мен жоспарларды жасау мақсатында, сондай-ақ жер бетіндегі әртүрлі инженерлік міндеттерді шешуді қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылатын Жердің пішінін, өлшемдері мен сыртқы гравитациялық өрісін, жер беті нүктелерінің координаттары мен биіктіктерін және олардың уақыт ішіндегі өзгерістерін айқындау жөніндегі ғылыми, техникалық және өндірістік қызмет процесінде туындайтын қатынастар саласы;
Тармақша 7
7) геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 8
8) геодезиялық және картографиялық қызмет – геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі, сондай-ақ геодезиялық және картографиялық материалдар мен кеңістіктік деректерді алу жөніндегі ғылыми-техникалық, өндірістік, басқарушылық және өзге де қызмет;
Тармақша 9
9) геодезиялық желі – жер бетіндегі орналасуы геодезиялық координаттарды есептеудің өздеріне арналған ортақ жүйесіндегі геодезиялық өлшемдер негізінде айқындалған геодезиялық пункттердің жиынтығы;
Тармақша 10
10) геодезиялық пункт – жер бетінің нүктесін белгілі бір координаттармен және (немесе) биіктіктермен және (немесе) ауырлық күшінің мәндерімен бекітетін инженерлік конструкция;
Тармақша 11
11) геопортал – телекоммуникация құралдары арқылы кеңістіктік деректерге және кеңістіктік деректердің геосервистеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;
Тармақша 12
12) гидрографиялық жұмыстар – су объектілеріндегі жағдай туралы егжей-тегжейлі ақпаратты алу, сондай-ақ олардың рельефі мен су беті туралы деректерді жинау үшін жүргізілетін жұмыстар кешені;
Тармақша 13
13) гравиметриялық есептеу жүйесі – ауырлық күші үдеуінің абсолютті немесе салыстырмалы өлшемдерін айқындауға арналған есептеу жүйесі;
Тармақша 14
14) гравиметриялық желі – гравиметриялық есептеудің өздеріне арналған ортақ жүйесінде ауырлық күші үдеуінің белгілі мәндері бар геодезиялық пункттердің жиынтығы;
Тармақша 15
15) датум – белгілі бір уақыт кезінде тіркелген эллипсоид немесе квазигеоид параметрлерінің жинағы;
Тармақша 16
16) жергілікті координаттық есептеу жүйесі – Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігінің шекарасынан аспайтын шектеулі аумаққа қатысты белгіленетін проекцияның координаттық есептеу жүйесі;
Тармақша 17
17) Жерді қашықтан зондтау – ғарыш және әуе кеңістігінен құрлық, мұхит және атмосфера элементтерінің өзіндік және шағылысқан сәулеленуін байқау және өлшеу арқылы Жер беті туралы ақпарат алу процесі;
Тармақша 18
18) Жердің геодинамикалық зерттеулері – жер қыртысының қазіргі қозғалыстары мен деформацияларын зерделеу;
Тармақша 19
19) жоспар – жазықтықта белгілі бір жергілікті жерді, құрылысжайды түзу көлденең проекциялау әдісімен кескіндейтін сызба;
Тармақша 20
20) интероперабельділік – кеңістіктік деректердің, метадеректердің, техникалық және бағдарламалық құралдардың функционалдық және ақпараттық өзара іс-қимыл жасауға қабілеттілігін білдіретін өзара үйлесімділік қағидаты;
Тармақша 21
21) карта – жер бетінің, басқа да табиғи аспан денелерінің немесе олардың бөліктерінің белгіленген талаптарға сәйкес белгілі бір проекцияда, сондай-ақ шартты белгілерді пайдалана отырып алынған, жазықтықтағы кішірейтілген жинақталған кескіні;
Тармақша 22
22) карта-схема – оңайлатылып жинақталған картографиялық кескін;
Тармақша 23
23) картография – картографиялық туындыларды зерделеу, жасау және пайдалану жөніндегі ғылыми, техникалық және өндірістік қызмет процесінде туындайтын қатынастар саласы;
Тармақша 24
24) картографиялық материалдар – карталарды жасау үшін пайдаланылатын картографиялық туындылар және басқа да графикалық, цифрлық, мәтіндік құжаттар;
Тармақша 25
25) картографиялық өнім – картографиялық қызмет нәтижесiнде алынған, Жер бетiнің және аспан денелерiнiң қағаз және электрондық жеткізгіштердегі, белгiлi бiр математикалық заңдар бойынша және шартты белгiлердiң қабылданған жүйесiнде құрылып, кiшiрейтiлген, өлшенетiн және жинақталған кескіндерi;
Тармақша 26
26) картографиялық проекция – Жер бетін бейнелеудің математикалық айқындалған тәсілі;
Тармақша 27
27) квазигеоид – жерүсті геодезиялық өлшемдер және массаларды бөлу жөніндегі деректерді қолданбай, ауырлық күші әлеуеттерінің мәндері негізінде есептелген, беті Жердің физикалық бетіне жуықтайтын математикалық қатаң модель;
Тармақша 28
28) кеңістіктік деректер – жергілікті жер объектілерінің орналасқан жері туралы мәліметтер қамтылатын, белгілі бір нысанда және координаттық есептеу жүйесінде ұсынылған ақпарат;
Тармақша 29
29) кеңістіктік деректердің геосервистері (бұдан әрі – геосервистер) – пайдаланушыға кеңістіктік деректермен және (немесе) метадеректермен операцияларды жүзеге асыру үшін құралдар беретін және дербес өнім немесе қосылатын сервис түрінде болатын цифрлық ресурс;
Тармақша 30
30) кеңістіктік деректер инфрақұрылымы – кеңістіктік деректерді жинауға, өңдеуге, талдауға, модельдеуге, сақтауға, таратуға, беруге және тиімді пайдалануға арналған технология, стандарттар және географиялық цифрлық ресурстар;
Тармақша 31
31) кеңістіктік объект – шынайы әлемнің объектісін орналасқан жерімен немесе географиялық салаға тиесілігімен қоса абстрактілі түсіну;
Тармақша 32
32) координаттарды өзгерту – бірдей датумдарға негізделген бір координаттық есептеу жүйесінен басқа координаттық есептеу жүйесіне ауысу;
Тармақша 33
33) координаттарды трансформациялау – бір датумға байланысты бір координаттық есептеу жүйесінен басқа датумы бар басқа координаттық есептеу жүйесіне ауысу;
Тармақша 34
34) координаттық есептеу жүйесі – Жермен датумның көмегі арқылы байланысқан геодезиялық координаттар жүйесі;
Тармақша 35
35) Қазақстан Республикасының кезекші анықтамалық картасы – жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық тұрғыдан зерделенгенін, ашық және шектеулі пайдаланылатын үшөлшемді кеңістіктік деректерді көрсететін, Қазақстан Республикасы аумағының жаңартылатын және жаңадан жасалатын карталары мен жоспарларында есепке алынуға және көрсетілуге жататын әкімшілік-аумақтық бірліктер шекараларының болып жатқан өзгерістерін, сондай-ақ географиялық объектілер мен олардың атауларының өзгерістерін есепке алатын географиялық ақпараттық ресурс;
Тармақша 36
36) масштаб – картадағы немесе жоспардағы сызық ұзындығының оның жергілікті жердегі көлденең проекциясына қатынасы;
Тармақша 37
37) межелеу – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта ресімделген және осы халықаралық шартқа қоса берілетін карталарда графика түрінде кескінделген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының орналасуы мен бағытын шектес жатқан мемлекеттер арасындағы келісім бойынша айқындау;
Тармақша 38
38) мемлекеттік геодезиялық желі – мемлекеттік координаттық есептеу жүйесін белгілеу және (немесе) тарату мақсатында пайдаланылатын геодезиялық желі;
Тармақша 39
39) мемлекеттік гравиметриялық желі – бірыңғай гравиметриялық негізді белгілеу және (немесе) тарату мақсатында пайдаланылатын гравиметриялық желілер;
Тармақша 40
40) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына қолданылатын, мемлекеттік есептеу жүйесі – Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына қолданылатын, мемлекеттік координаттық, биіктік және гравиметриялық есептеу жүйелерінің жиынтығы;
Тармақша 41
41) мемлекеттік нивелирлік желі – мемлекеттік биіктіктерді есептеу жүйесін белгілеу және (немесе) тарату мақсатында пайдаланылатын нивелирлік желі;
Тармақша 42
42) метадеректер – кеңістіктік деректер мен геосервистердің жинақтарын сипаттайтын ақпарат;
Тармақша 43
43) нивелирлік желі – биіктіктерді есептеудің өздеріне арналған ортақ жүйесінде биіктіктері айқындалған геодезиялық пункттердің жиынтығы;
Тармақша 44
44) тақырыптық карта, жоспар, атлас, карта-схема – негізгі мазмұны нақты тақырыппен, сюжетпен, табиғи немесе қоғамдық құбылыстармен не олардың үйлесімімен айқындалатын картографиялық туындылар;
Тармақша 45
45) топографиялық жоспар – шегінде деңгейлік бетінің қисықтығы есепке алынбайтын, жергілікті жердің шектелген учаскесінің жазықтықта белгілі бір масштабта ортогоналды проекцияда картографиялық бейнеленуі;
Тармақша 46
46) топографиялық карта – жер беті нүктелерінің жоспарлы түрдегі, сол сияқты биіктіктегі орналасуын айқындауға мүмкіндік беретін, жергілікті жердің сыныптауыштар мен шартты белгілер қолданыла отырып, белгілі бір масштабта егжей-тегжейлі картографиялық кескінделуі;
Тармақша 47
47) тұрақты жұмыс істейтін референциялы станция – белгілі кеңістіктік координаттары бар нүктеде орналасқан радиоэлектрондық және техникалық құралдардың кешені, олардың көмегімен жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдарын кейіннен өңдеу және пайдаланушыларға түзетуші ақпаратты беру үшін қабылдау жүзеге асырылады;
Тармақша 48
48) Ұлттық кеңістіктік деректер қоры – геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің одан әрі пайдалануы мақсатында есепке алынуға, ұзақ сақталуға жататын цифрлық және (немесе) аналогтық түрдегі кеңістіктік деректердің жалпымемлекеттік, салааралық маңызы, арнаулы және (немесе) салалық маңызы бар жиынтығы;
Тармақша 49
49) шегендеу – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта ресімделген, жергілікті жерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын айқындау және белгілеу.
Бап 3
3-бап. Қазақстан Республикасының геодезия, картография
және кеңістіктік деректер саласындағы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Бап 4
4-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметтің
объектілері мен субъектілері
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағы, жер шарының аумағы, табиғи аспан денелері мен Жердiң жасанды спутниктерін қоса алғанда, әуе және ғарыш кеңістіктері геодезиялық және картографиялық қызметтің объектілері болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар геодезиялық және картографиялық қызметтің субъектілері болып табылады.
Бап 5
5-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыру
қағидаттары
Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеу мынадай қағидаттарға негізделеді:
Тармақша 1
1) геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асырудың жүйелілігі мен үздіксіздігі;
Тармақша 2
2) кеңістіктік деректер жинақтарының толықтығы, анықтығы және өзектілігі;
Тармақша 3
3) геодезиялық, картографиялық, топографиялық және гравиметриялық жұмыстарды орындау кезіндегі өлшемдердің бірлігі;
Тармақша 4
4) бірыңғай стандарттарды пайдалану;
Тармақша 5
5) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты және заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты қоспағанда, кеңістіктік деректердің қолжетімділігі мен ашықтығы;
Тармақша 6
6) бекітілген есептеу жүйелерін пайдалану;
Тармақша 7
7) интероперабельділік;
Тармақша 8
8) геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласын дамытуды ынталандыру.
Бап 6
6-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметтің бағыттары
Тармақ 1
1. Орындалатын жұмыстардың мақсатына қарай геодезиялық және картографиялық қызмет:
Тармақша 1
1) нәтижелерінің жалпымемлекеттік және салааралық маңызы болатын мемлекеттік мақсаттағы қызмет;
Тармақша 2
2) жүргізілу қажеттігі геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің қажеттіліктерімен айқындалатын арнаулы және (немесе) салалық мақсаттағы қызмет болып бөлінеді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мақсаттағы геодезиялық және картографиялық қызмет мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) Жердің пішінін, өлшемдері мен сыртқы гравитациялық өрісін айқындау;
Тармақша 2
2) мемлекеттік есептеу жүйелерінің, топографиялық карталар мен жоспарлардың картографиялық проекцияларының параметрлерін айқындау;
Тармақша 3
3) Жерді геодинамикалық зерттеу;
Тармақша 4
4) тығыздығы мен дәлдігі топографиялық карталар мен жоспарларды, квазигеоид карталарын жасауды, қорғаныстық, ғылыми-зерттеу және өзге де міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін, іргелі астрономиялық-геодезиялық желінің, дәлдігі жоғары геодезиялық желінің, спутниктік геодезиялық желінің, астрономиялық-геодезиялық желінің, геодезиялық жиілету желісінің, барлық сыныптағы нивелирлік желілердің, іргелі гравиметриялық желі мен бірінші сыныпты гравиметриялық желілердің пункттері жататын мемлекеттік геодезиялық желілерді құру, дамыту, сақталуын қамтамасыз ету және жұмыс істейтін жағдайда ұстау;
Тармақша 5
5) дәлдігі мен мазмұны жалпымемлекеттік, салааралық, қорғаныстық, ғылыми-зерттеу және өзге де міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін топографиялық карталар мен жоспарларды, оның ішінде елді мекендердің жоспарларын графикалық, цифрлық, фотографиялық, электрондық және өзге де нысандарда жасау, жаңарту және басып шығару;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеуді, шегендеуді және оның сызығының өтуін тексеруді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы теңіз кеңістіктерінің межеленуін геодезиялық, картографиялық, топографиялық және гидрографиялық жағынан қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) теңіздердің, көлдердің, өзендердің, су қоймаларының қайраңын картографиялау және топографиялық, навигациялық теңіз карталарын, құралдарын, теңіздердің, кеме жүзетін өзендер мен су айдындарының лоцияларын жасау;
Тармақша 8
8) мемлекеттің, оның қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігінің мүддесі, сондай-ақ теңіздерде, кеме жүзетін өзендер мен су айдындарында жалпы теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесі үшін геодезиялық, картографиялық, топографиялық және гидрографиялық жұмыстар жүргізу;
Тармақша 9
9) жалпымемлекеттік, салааралық, қорғаныстық және ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу үшін Жерді, оның ішінде шет мемлекеттер мен Дүниежүзілік мұхиттың аумағын қашықтан зондтау;
Тармақша 10
10) Ұлттық кеңістіктік деректер қорын қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 11
11) мемлекеттік функциялар мен міндеттерді орындауға бағытталған географиялық цифрлық жүйелер мен ресурстарды, геопорталдарды, геосервистерді жасау, дамыту және қолдап отыру;
Тармақша 12
12) салааралық мақсаттағы жалпыгеографиялық, саяси-әкімшілік, ғылыми-анықтамалық және басқа да тақырыптық карталарды, жоспарлар мен атластарды, карта-схемаларды, картографиялық оқу құралдарын жасау және басып шығару;
Тармақша 13
13) географиялық атауларды стандарттау, есепке алу және қолданылуын ретке келтіру, Қазақстан Республикасы географиялық атауларының дерекқорын жасау және жүргізу;
Тармақша 14
14) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу және қазіргі заманғы технологияларды ендіру;
Тармақша 15
15) геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 16
16) геодезиялық, картографиялық және гравиметриялық жұмыстарды метрологиялық жағынан қамтамасыз ету;
Тармақша 17
17) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру және дамыту;
Тармақша 18
18) жергілікті координаттық есептеу жүйелерін жасау және жаңартып отыру.
Тармақ 3
3. Арнаулы және (немесе) салалық мақсаттағы геодезиялық және картографиялық қызмет мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) әртүрлі объектілердің, жерүсті және жерасты құрылысжайлары мен желілерінің құрылыс учаскелерінің бас жоспарларын жасауға, ғимараттар мен құрылысжайларды құрылыс учаскелеріне байланыстыруға, сондай-ақ өзге де арнаулы жұмыстарды орындауға арналған топографиялық жоспарларды жасау және жаңартып отыру;
Тармақша 2
2) графикалық, цифрлық, фотографиялық, электрондық және өзге де нысандарда тақырыптық карталарды, жоспарларды, атластарды, карта-схемаларды жасау және басып шығару;
Тармақша 3
3) арнаулы және (немесе) салалық міндеттерді орындауға бағытталған географиялық цифрлық жүйелер мен ресурстарды, геопорталдарды, геосервистерді жасау, дамыту және қолдап отыру;
Тармақша 4
4) Жерді қашықтан зондтау, желілік және алаңдық типтегі инженерлік құрылысжайларды, жерасты құрылысжайлары мен желілерін жобалау және ізденістер, салу және пайдалану кезіндегі геодезиялық, картографиялық және басқа да арнаулы жұмыстар, кадастрлар мен өзге де ізденістерді және арнаулы жұмыстарды жүргізу;
Тармақша 5
5) осы тармақта көрсетілген бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу;
Тармақша 6
6) инженерлік-геодезиялық жұмыстар;
Тармақша 7
7) тақырыптық кеңістіктік деректерді жасау және дамыту.
Бап 7
7-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесіндегі геодезиялық
және картографиялық қызмет
Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесіндегі геодезиялық және картографиялық қызметті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және уәкілетті орган келісілген жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
Бап 8
8-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметті
метрологиялық жағынан қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес геодезиялық өлшем құралдарының бірлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Геодезиялық және картографиялық қызметті метрологиялық жағынан қамтамасыз ету геодезиялық өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ететін және геодезиялық және картографиялық қызметтің барлық субъектілері үшін міндетті болып табылатын стандарттар, эталондар, әдістемелер жүйесін қамтиды.
Бап 9
9-бап. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер
саласындағы хабарлама
Тармақ 1
1. Геодезиялық, картографиялық жұмыстарды және аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар ету арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды жүргізу туралы хабарламаға:
Тармақша 1
1) геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін меншікті немесе жалға алынған салыстырып-тексерілген аспаптар, жабдықтар мен құралдар жиынтығының бар-жоғын растайтын құжаттың не зауыттық нөмірлері көрсетілген, салыстырып-тексерілген аспаптар, жабдықтар мен құралдар жиынтығы бар тұлғалармен жасалған геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласында қызметтер көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) штаттағы маманның геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы дипломының көшірмесі қоса беріледі.
Тармақ 3
3. Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілері аэротүсірілім жұмыстарын жүзеге асыру үшін аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу жоспарланатын аумақтың картограммасын қағаз және электрондық түрде геоақпараттық жүйелер форматында, есептеудің белгіленген мемлекеттік немесе жергілікті координаттық жүйелеріндегі координаттарын, аэротүсірілім жұмыстарының ауқымын және тапсырыс берушісін көрсете отырып, хабарламаға қоса беруге міндетті.
Бап 10
10-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметті қаржыландыру
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мақсаттағы геодезиялық және картографиялық қызмет бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылады.
Тармақ 2
2. Арнаулы және (немесе) салалық мақсаттағы геодезиялық және картографиялық қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражатының, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылатын жұмыстардың тапсырыс берушілері және (немесе) орындаушылары болып табылатын геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілері бұрын жасалған кеңістіктік деректерді пайдалануға міндетті.
Тармақ 4
4. Бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік цифрлық жүйелерді, дерекқорларды, кадастрларды, географиялық цифрлық жүйелер мен ресурстарды, геопорталдарды, геосервистерді жүргізуді жүзеге асыратын геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілері бірыңғай цифрлық картографиялық негізді пайдалануға міндетті.
Бап 11
11-бап. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы
мемлекеттік меншік
Мемлекеттік геодезиялық желілердің, мемлекеттік нивелирлік желілердің, мемлекеттік гравиметриялық желілердің пункттері, геодезиялық және картографиялық өнімдер, сондай-ақ бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын геодезиялық және картографиялық қызметтің нәтижесінде алынған гидрографиялық, аэроғарыштық түсірілім және гравиметриялық материалдар мен деректер Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігі болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. ГЕОДЕЗИЯ, КАРТОГРАФИЯ ЖӘНЕ КЕҢІСТІКТІК ДЕРЕКТЕР
САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
2-тарау. ГЕОДЕЗИЯ, КАРТОГРАФИЯ ЖӘНЕ КЕҢІСТІКТІК ДЕРЕКТЕР
САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
Бап 12
12-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің геодезия, картография
және кеңістіктік деректер саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы құзыретіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
Тармақша 2
2) мемлекеттік есептеу жүйелерін және картографиялық проекцияларды белгілеу;
Тармақша 3
3) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидаларын бекіту;
Тармақша 4
Бап 13
13-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 2
2) геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 3
3) мемлекеттік геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық желілерді жасау мен дамытуды ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) топографиялық карталар мен жоспарларды жасау және жаңартып отыру;
Тармақша 5
5) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің қызметін үйлестіру;
Тармақша 6
6) мемлекеттік мақсаттағы геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру және дамыту;
Тармақша 8
8) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар және стандарттау жөнінде ұсынымдар дайындау;
Тармақша 9
9) бюджет қаражатының есебінен орындалатын аэротүсірілім жұмыстарының, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 10
10) жергілікті координаттық есептеу жүйелерін белгілеу;
Тармақша 11
11) мемлекеттік, халықаралық, жергілікті координаттық есептеу жүйелері арасындағы трансформациялау мен өзгерту параметрлерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 12
12) Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 13
13) жергілікті координаттық есептеу жүйелерін белгілеу мен пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеу мен шегендеуді жүргізуді техникалық жағынан қамтамасыз ету туралы қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 15
15) бюджет қаражатының есебінен жасалатын картографиялық өнімді жаңартып отыру кезеңділігін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 16
16) бюджет қаражатының есебінен картографиялық өнімді жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 17
17) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру және жаңартып отыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 18
18) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын пайдалану жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 19
19) салалық көтермелеу жүйесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 20
20) геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімін жүргізу;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің мүдделерін ескере отырып, геодезиялық, картографиялық жұмыстардың және аэроғарыштық түсірілім жұмыстарының деректері мен материалдарын есепке алу, сақтау, көбейту және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 22
22) бюджет қаражатының есебінен орындалатын геодезиялық, картографиялық жұмыстардың және аэроғарыштық түсірілім жұмыстарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 23
23) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 24
24) мемлекеттік, халықаралық, жергілікті координаттық есептеу жүйелерінің арасындағы трансформациялау және өзгерту параметрлерін айқындау және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 25
25) тұрақты жұмыс істейтін референциялы станцияларды орнату қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 26
26) тұрақты жұмыс істейтін референциялы станцияларды мемлекеттік геодезиялық желілерге жатқызу және қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 27
27) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу және қазіргі заманғы технологияларды ендіру;
Тармақша 28
28) нивелирлеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 29
29) мемлекеттік геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық желілерді жасау және дамыту жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 30
30) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 31
31) мемлекеттік есептеу жүйелері мен картографиялық проекцияларды әзірлеу;
Тармақша 32
32) базалық кеңістіктік деректердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 32-1
32-1) топографиялық-геодезиялық, картографиялық, аэрофототүсірілім жұмыстары материалдарының белгіленген мемлекеттік немесе жергілікті координаттық есептеу жүйелеріне сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 33
33) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Бап 14
14-бап. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық
маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы
органының геодезия, картография және кеңістіктік деректер
саласындағы құзыреті
Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органының геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы құзыретіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) уәкілетті органмен келісу бойынша елді мекендердің картографиялық өнімін жасау және жаңартып отыру жөніндегі жұмыстарды картографиялық өнімді жаңартып отырудың бекітілген кезеңділігіне сәйкес ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) елді мекендердің картографиялық өнімінің сақталуын және бір данасының Ұлттық кеңістіктік деректер қорына берілуін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру.
Бап 15
15-бап. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы
халықаралық ынтымақтастық
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға ұмтылуды негізге ала отырып, геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді.
Бап 16
16-бап. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы
нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын геодезиялық және картографиялық қызметті мемлекеттік реттеу осы Заңның қолданылуымен, сондай-ақ геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2
2. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесі мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) нормативтік құқықтық актілер;
Тармақша 2
2) орындалатын геодезиялық, топографиялық және картографиялық жұмыстардың дәлдігіне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік техникалық құжаттар мен ерікті түрде қолданылатын нормативтік техникалық құжаттар:
геодезиялық, картографиялық нұсқаулықтар, нормалар мен қағидалар;
карталар мен жоспарлардың шартты белгілері, сыныптауыштар;
Тармақша 3
3) геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы стандарттау жөніндегі ерікті түрде қолданылатын нормативтік техникалық құжаттар;
Тармақша 4
4) халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қолданысқа енгізілген геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы мемлекетаралық стандарттар мен қағидалар.
Тармақ 3
3. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесінің объектілері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік топографиялық карталардың 1:10000, 1:25000, 1:50000, 1:100000, 1:200000, 1:500000, 1:1000000 масштабтық қатары;
Тармақша 2
2) мемлекеттік топографиялық жоспарлардың 1:500, 1:1000, 1:2000, 1:5000 масштабтық қатары;
Тармақша 3
3) мемлекеттік геодезиялық желі болып табылады.
Тарау 3. 3-тарау. ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
3-тарау. ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Бап 17
17-бап. Координаттық есептеу жүйесі, биіктік есептеу жүйесі және
гравиметриялық есептеу жүйесі
Тармақ 1
1. Геодезиялық және картографиялық жұмыстар мемлекеттік, жергілікті координаттық есептеу жүйелері, биіктік есептеу жүйелері және гравиметриялық есептеу жүйелері пайдаланыла отырып орындалады.
Тармақ 2
2. Жердің пішіні мен гравитациялық өрісінің параметрлері, өзге де параметрлер мемлекеттік координаттық, биіктік, гравиметриялық есептеу жүйелерін белгілеу шеңберінде айқындалады.
Тармақ 3
3. Геодезиялық және картографиялық қызметтің барлық субъектілері мемлекеттік және жергілікті координаттық есептеу жүйелері арасындағы өзгертудің бекітілген параметрлерін қолдануға міндетті.
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың кеңістіктік деректері мен картографиялық материалдарын алдыңғы мемлекеттік және жергілікті координаттар жүйелерінен жаңадан қабылданатын координаттық есептеу жүйелеріне көшіруді жүзеге асыруды кеңістіктік деректер мен картографиялық материалдардың иелері орындайды.
Бап 18
18-бап. Кеңістіктік деректер
Тармақ 1
1. Кеңістіктік деректер базалық кеңістіктік деректер мен тақырыптық кеңістіктік деректерден тұрады.
Географиялық цифрлық жүйелерде интеграциялау және бірлесіп пайдалану үшін біріздендірілген негіз ретінде жалпыға бірдей қолжетімді стандартталған кеңістіктік деректердің жиынтығы базалық кеңістіктік деректер болып табылады.
Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілері ғылыми, өндірістік немесе өзге де қызмет процесінде жасайтын кеңістіктік деректер тақырыптық кеңістіктік деректерге жатады.
Тармақ 2
2. Базалық кеңістіктік деректер геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің пайдалануы үшін бастапқы деректер болып табылады.
Бап 19
19-бап. Жергілікті жер объектілері туралы ақпаратты беру
Тармақ 1
1. Бюджет қаражатының есебінен жасалатын кеңістіктік деректер мен геосервистердің метадеректері Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік геопорталында орналастырылуға тиіс.
Тармақ 2
2. Арнаулы, топографиялық карталар мен жоспарларда бейнеленуге жататын жергілікті жер объектілері туралы кеңістіктік деректердің иелері болып табылатын орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтың геодезиялық және картографиялық жұмыстарын бюджет қаражаты есебінен орындайтын геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің сұрау салулары бойынша картографиялық және геодезиялық материалдардың көшірмелерін уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен береді.
Бап 20
20-бап. Ұлттық кеңістіктік деректер қоры
Тармақ 1
1. Ұлттық кеңістіктік деректер қоры уәкілетті органның қарамағында болады және оны мемлекеттік кәсіпорын жүргізеді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кеңістіктік деректер қоры Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағында болады.
Тармақ 3
3. Ұлттық кеңістіктік деректер қорын жүргізу кезінде мемлекеттік кәсіпорын:
Тармақша 1
1) жоспарланатын жұмыс учаскелерінде жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенуі туралы мәліметтерді геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне беруді;
Тармақша 2
2) кеңістіктік деректерді, метадеректерді қабылдау мен интероперабельділігі тұрғысынан тексеруді және оларды Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік геопорталында орналастыруды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының кезекші анықтамалық картасын жүргізуді;
Тармақша 4
4) геодезиялық пункттерді есепке алуды, тұрақты жұмыс істейтін референциялы станциялар желісінің тұтастығын бақылауды;
Тармақша 5
5) мемлекеттік геодезиялық желілердің тұрақты жұмыс істейтін референциялы станциялар арқылы дәлдігі жоғары спутниктік позициялау мәліметтерін геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне беруді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы географиялық атауларының дерекқорын жүргізуді;
Тармақша 7
7) Ұлттық кеңістіктік деректер қорының құрамына жатқызылған материалдар мен деректерді есепке алуды, жинауды, сақтауды және олардың сақталуын қамтамасыз етуді;
Тармақша 8
8) әкімшілік-аумақтық бірліктер шекараларының дерекқорын жүргізуді жүзеге асырады.
Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар әкімшілік-аумақтық бірліктер мен географиялық объектілердің шекараларын, атауын өзгерту туралы шешімдердің көшірмелерін Ұлттық кеңістіктік деректер қорына ұсынуға міндетті.
Тармақ 4
4. Ұлттық кеңістіктік деректер қорының геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауы және мәліметтерді ұсыну географиялық цифрлық жүйе арқылы және (немесе) қағаз түрінде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құрамына жатқызылған, Ұлттық кеңістіктік деректер қорының цифрлық және (немесе) аналогтық түрдегі кеңістіктік деректері «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақталады.
Тармақ 6
6. Бюджет қаражатының есебінен геодезиялық және картографиялық қызмет нәтижесінде алынған және Ұлттық кеңістіктік деректер қорының құрамына жатқызылған, цифрлық және (немесе) аналогтық түрдегі кеңістіктік деректер мемлекеттік меншікте болады және иеліктен шығаруға жатпайды, сондай-ақ оларды басқа мемлекеттерге тұрақты сақтауға әкетуге болмайды.
Тармақ 7
7. Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтердің бағаларын уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген тәртіппен белгілейді.
Тармақ 8
8. Геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыратын субъектілер өздері бюджет қаражаты есебінен жасаған материалдар мен деректер көшірмелерінің бір данасын Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасына сәйкес Ұлттық кеңістіктік деректер қорына өтеусіз ұсынуға міндетті.
Материалдар мен деректердің тізбесі, оларды Ұлттық кеңістіктік деректер қорына ұсынудың тәртібі Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларында белгіленеді.
Тармақ 9
9. Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын материалдарымен және деректерімен жұмыс Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасы сақтала отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілері алынған, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге, оларды жария етпеуге және уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде қайтаруға міндетті.
Бап 21
21-бап. Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы
Тармақ 1
1. Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) базалық және тақырыптық кеңістіктік деректерді, оның ішінде цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жасаудың, жинаудың, сақтаудың, сәйкестендірудің, ұсыну мен таратудың жалпы қағидаларын белгілейтін нормативтік техникалық құжаттар, мемлекетаралық стандарттар;
Тармақша 2
2) мемлекеттік геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық желілер;
Тармақша 3
3) кеңістіктік деректердің жинақтары;
Тармақша 4
4) метадеректер;
Тармақша 5
5) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілері үшін тұрақты жұмыс істейтін референциялы станциялардың деректеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз етудің цифрлық жүйесі;
Тармақша 6
6) бірыңғай цифрлық картографиялық негіз;
Тармақша 7
7) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік геопорталы.
Тармақ 2
2. Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидаларына сәйкес кеңістіктік деректердің жинақтарын алмасудың және ұсынудың бірыңғай форматтарын қолдану арқылы интероперабельділікті қамтамасыз ету талаптары ескеріле отырып қалыптастырылады.
Бап 22
22-бап. Кеңістіктік деректердің жинақтары
Тармақ 1
1. Кеңістіктік деректердің жинақтары Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына кеңістіктік деректерді ұсыну қағидаларында белгіленген тәртіппен Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына енгізіледі. Кеңістіктік деректердің әрбір жинағына және осы жинақтарға арналған сервистерге міндетті түрде метадеректер қоса беріледі.
Тармақ 2
2. Кеңістіктік деректердің жинақтарына қол жеткізу геосервистер арқылы не пайдаланушыға уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеңістіктік деректерді беру арқылы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 3
3. Бюджет қаражатының есебінен қалыптастырылатын базалық кеңістіктік деректердің жинақтары мен тақырыптық кеңістіктік деректердің жинақтары Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының негіз қалаушы құрауыштары болып табылады.
Тармақ 4
4. Тақырыптық кеңістіктік деректердің жинақтары базалық кеңістіктік деректердің жинақтары ескеріле отырып жасалады және жаңартылып отырады.
Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына енгізілетін тақырыптық кеңістіктік деректердің жинақтары мемлекеттік цифрлық ресурстардың мәліметтерінен, мемлекеттік кадастрлардың, тіркелімдердің, тізілімдердің, дерекқорлардың, оның ішінде мемлекеттік географиялық цифрлық жүйелер мен ресурстардың құрамынан қалыптастырылады.
Тармақ 5
5. Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына енгізілген базалық және тақырыптық кеңістіктік деректер жинақтарының мемлекеттік географиялық цифрлық жүйелер мен ресурстарды жасау және (немесе) жаңарту кезінде пайдаланылуы міндетті болып табылады.
Тармақ 6
6. Өзге ақпараттық көздердің мәліметтерінен қалыптастырылған базалық және тақырыптық кеңістіктік деректердің жинақтары осындай жинақтар иелерінің Ұлттық кеңістіктік деректер қорына жіберілетін өтінімдері бойынша Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының құрамына енгізілуі мүмкін.
Тармақ 7
7. Ұлттық кеңістіктік деректер қорына мәліметтер ұсынған геодезиялық және картографиялық қызметтің субъектілері Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымына енгізілген кеңістіктік деректер жинақтарының толықтығы, анықтығы және өзектілігі үшін жауапты болады.
Ұлттық кеңістіктік деректер қорын жүргізуге уәкілеттік берілген мемлекеттік кәсіпорын кеңістіктік деректердің интероперабельділігі мен оларды Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік геопорталында орналастыру үшін жауапты болады.
Бап 23
23-бап. Метадеректер
Тармақ 1
1. Метадеректер Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының құрамына енгізілген кеңістіктік деректердің жинақтары мен осы жинақтарға арналған геосервистерге қалыптастырылады.
Тармақ 2
2. Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік геопорталында метадеректерді орналастыруды және оларға қол жеткізуді Ұлттық кеңістіктік деректер қорын жүргізуге уәкілеттік берілген мемлекеттік кәсіпорын қамтамасыз етеді.
Бап 24
24-бап. Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік
геопорталы
Тармақ 1
1. Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мемлекеттік геопорталын жүргізуді, бағдарламалық-техникалық жағынан қолдап отыруды және бағдарламалық-техникалық құралдарының кешенін жаңғыртуды уәкілетті орган қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымының құрамына енгізілген кеңістіктік деректер жинақтарының меншік иелері геосервистердің және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де тәсілдердің көмегімен кеңістіктік деректердің жинақтарын өздерінің веб-порталдарында орналастыруға, сондай-ақ оларға пайдаланушылар мен Ұлттық кеңістіктік деректер қорының қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті. Кеңістіктік деректер жинақтарының меншік иесінің өз веб-порталы болмаған жағдайда, ол өзі қалыптастырған кеңістіктік деректер жинақтарын орналастыру және осы жинақтармен басқа да іс-қимылдарды орындау үшін уәкілетті органға өтініш жасауға құқылы.
Бап 25
25-бап. Кеңістіктік деректердің сервистері
Геопорталдардың құрамында кеңістіктік деректердің мынадай сервистері жасалады және оларға қызмет көрсетіледі:
Тармақша 1
1) ақпараттық желілерде кеңістіктік деректер мен кеңістіктік деректердің сервистерін анықтауды қамтамасыз ететін іздеу сервистері;
Тармақша 2
2) кеңістіктік деректер мен метадеректердің көрсетілуін қамтамасыз ететін қарау сервистері;
Тармақша 3
3) кеңістіктік деректерге тікелей қол жеткізуді немесе олардың көшірмелерін алуды қамтамасыз ететін қол жеткізу сервистері;
Тармақша 4
4) кеңістіктік деректердің координаттарын бір координаттар жүйесінен немесе картографиялық проекциядан екіншісіне трансформациялау мен өзгертуді қамтамасыз ететін координаттық операциялардың сервистері;
Тармақша 5
5) басқа сервистермен интероперабельденген деректерді геосервистердің осы Заңға сәйкес пайдаланылуы мүмкін болатындай етіп трансформациялау сервистері.
Бап 26
26-бап. Бірыңғай цифрлық картографиялық негіз
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган бірыңғай цифрлық картографиялық негіздің жасалуы мен жаңартылып отыруын қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Бірыңғай цифрлық картографиялық негізге қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 3
3. Бірыңғай цифрлық картографиялық негіз орталық мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға, жеке және заңды тұлғаларға цифрлық объектілер арқылы беріледі.
Тармақ 4
4. Бірыңғай цифрлық картографиялық негіз мемлекеттік органдардың барлық цифрлық жүйелерінің, оған қоса олардың кадастрларының, географиялық цифрлық жүйелері мен ресурстарының, геопорталдарының, геосервистерінің міндетті картографиялық негізі болып табылады.
Тармақ 5
5. Бірыңғай цифрлық картографиялық негіздің мәліметтерін жаңартып отыру мақсатында мемлекеттік органдардың барлық цифрлық жүйелерінде, оған қоса олардың кадастрларында, географиялық цифрлық жүйелері мен ресурстарында, геопорталдарында, геосервистерінде қамтылған мәліметтер де пайдаланылуы мүмкін.
Тармақ 6
6. Бірыңғай цифрлық картографиялық негіздің мәліметтерін жаңартып отыру мақсатында бірыңғай цифрлық картографиялық негізді жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерімен, оған қоса олардың кадастрларымен, географиялық цифрлық жүйелерімен және ресурстарымен, геопорталдарымен, геосервистерімен өзара іс-қимыл жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Бап 27
27-бап. Картографиялық өнімге авторлық құқық
Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласына жататын картографиялық өнімге авторлық құқық және оған байланысты туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасында реттеледі.
Тарау 4. 4-тарау. ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
4-тарау. ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Бап 28
28-бап. Геодезиялық және картографиялық қызметті мемлекеттік
бақылау
Тармақ 1
1. Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерінің Қазақстан Республикасының геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында геодезиялық және картографиялық қызметті мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Геодезиялық және картографиялық қызметті мемлекеттік бақылау:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау;
Тармақша 2
2) осы Заңға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауға және олардың нәтижелеріне қойылатын нормативтік техникалық құжаттар талаптарының сақталуына;
Тармақша 2
2) картографиялық материалдарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының бейнеленуіне;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының географиялық объектілердің атаулары туралы заңнамасында белгіленген құжаттарда, картографиялық және өзге де материалдарда географиялық объектілердің атауларын қолдану қағидаларының сақталуына;
Тармақша 4
4) бюджет қаражатының есебінен жасалған материалдар мен деректер көшірмелерінің бір данасының Ұлттық кеңістіктік деректер қорына уақтылы ұсынылуына;
Тармақша 5
5) геодезиялық, картографиялық жұмыстардың, аэроғарыштық түсірілім жұмыстарының деректері мен материалдарын есепке алу, сақтау, көбейту және пайдалану тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді.
Тармақ 3
3. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдары геодезиялық пункттердің сақталуын қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады.
Бап 29
29-бап. Мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай
профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдары геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүргізеді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне белгіленген талаптарды бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу, мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті орган, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдары анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын мемлекеттік бақылау субъектілеріне беру және оларға түсетін әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, оның ішінде Ұлттық кеңістіктік деректер қорынан алынған материалдарды талдау және жинау арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының лауазымды адамдары бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай, бірақ мемлекеттік бақылау субъектісіне оларды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, мемлекеттік бақылау субъектісіне бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жібереді.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген, мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) қолма-қол тәсілмен – алғаны туралы белгі қойыла отырып;
Тармақша 2
2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
Тармақша 3
3) электрондық тәсілмен – уәкілетті органның, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бақылау субъектісі бұрын ұсынған құжаттарда көрсетілген мемлекеттік бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жіберуі арқылы;
Тармақша 4
4) мәтіндік хабарламамен – ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы табыс етілді (алынды) деп есептеледі.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды алған мемлекеттік бақылау субъектісі оны алған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөніндегі ақпаратты оның нақты орындалу мерзімдерін көрсете отырып, беруге міндетті.
Мемлекеттік бақылау субъектісі бұзушылықтарды жою туралы ұсынымның орындалу мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдарына бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты жазбаша түрде беруге міндетті.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жылына екі реттен артық жүргізілмейді.
Бап 30
30-бап. Мемлекеттік геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық
желілердің пункттерін қорғау
Тармақ 1
1. Мемлекеттік геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық желілердің пункттері, оның ішінде осы пункттердің жерүсті белгілері мен орталықтары мемлекеттік меншік болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады.
Геодезиялық пункттерді бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) уәкілетті органның рұқсатымен ғана жүргізіледі.
Геодезиялық пункттердің тығыздығы, қазіргі бар геодезиялық желіні дамыту және жаңарту перспективалары болмаған кезде уәкілетті орган геодезиялық пункттерді бұзудан немесе қайта салудан (орнын ауыстырудан) бас тартуға міндетті.
Тармақ 2
2. Геодезиялық пункттерді орналастыру үшін жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Аумағында геодезиялық пункттер орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылары:
Тармақша 1
1) геодезиялық пункттердің бүліну немесе жойылу жағдайлары туралы уәкілетті органға және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдарына уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен хабарлауға;
Тармақша 2
2) геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу кезінде геодезиялық пункттерге көлікпен (жаяу) кіруге мүмкіндік беруге міндетті.
Тармақ 4
4. Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілері геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындау кезінде геодезиялық пункттердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 5
5. Геодезиялық пункттерді, тұрақты жұмыс істейтін референциялы станцияларды жою немесе бүлдіру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық желілердің пункттеріне келтірілген зиянды өтеуді зиян келтірген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 5. 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 31
31-бап. Қазақстан Республикасының геодезия, картография және
кеңістіктік деректер саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін
жауаптылық
Қазақстан Республикасының геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Бап 32
32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң:
Тармақша 1
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы Заңның аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу туралы хабарлама бөлігіндегі 9-бабының 1-тармағын және 9-бабының 3-тармағын;
Тармақша 2
2) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 10-бабының 4-тармағын, 19-бабының 1-тармағын, 20-бабы 3-тармағының 2) және 5) тармақшаларын, 21, 22, 23, 24, 25 және 26-баптарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.