Об утверждении Правил определения классной квалификации сотрудников и военнослужащих органов гражданской защиты Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 153-тармағына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағы 174) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 320 бұйрығымен бекітілген Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 153 - тармағына және «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16 - тармағының 174) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметкерлер мен әскери қызметшілер) сыныптық біліктілігін айқындау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау сыныптық біліктілікті беруді, растауды, төмендетуді немесе алып тастауды, қалпына келтіруді қамтиды. Бұл ретте сыныптық біліктілікті қалпына келтіру осы Қағидалардың 29-тармағында аталған тұлғаларға қатысты жүргізіледі.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Қызметкерлердің және әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін беру туралы шешімді осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген тәртіппен құрылған қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау бойынша азаматтық қорғау органдарының біліктілік комиссиялары (бұдан әрі - біліктілік комиссиясы) шығарған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін беру туралы актінің (бұдан әрі – акт) негізінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ТЖМ) орталық аппаратының, ТЖМ ведомстволарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне, ТЖМ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Төтенше жағдайлар департаменттерінің (бұдан әрі - ТЖМ ТЖД) бастықтарына және олардың орынбасарларына, ТЖМ-ның оқу орнының бастығына және оның орынбасарларына, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері командирлеріне (бұдан әрі – әскери бөлімдер) және олардың орынбасарларына қатысты - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі (бұдан әрі – Министр) немесе оның міндеттерін атқарушы;
Тармақша 2
2) ТЖМ ТЖД, ТЖМ ТЖД Төтенше жағдайлар басқармаларының (бөлімдерінің) қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне, ТЖМ ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастықтары мен олардың орынбасарларына қатысты - ТЖМ ТЖД бастықтары немесе олардың міндеттерін атқарушылар;
Тармақша 2-1
2-1) ТЖМ ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкерлеріне қатысты - ТЖМ ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастықтары немесе олардың міндеттерін атқарушылар;
Тармақша 3
3) әскери бөлімдердің әскери қызметшілеріне қатысты - әскери бөлімдердің командирлері немесе олардың міндеттерін атқарушылар;
Тармақша 4
4) ТЖМ оқу орнының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қатысты - ТЖМ-ның оқу орнының бастығы немесе оның міндеттерін атқарушы қабылдайды. Бұл ретте осы Қағидалардың 17, 26, 27 және 29-тармағында санамаланған адамдардың сыныптық біліктілігін растау, төмендету немесе алып тастау, қалпына келтіру осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген тұлғалардың бұйрығымен біліктілік комиссиясының қарауынсыз жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету немесе алып тастау, қалпына келтіру туралы шешім осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген адамдардың бұйрықтарымен (бұдан әрі - бұйрық) ресімделеді. Бұйрықтың көшірмесі лауазымдық айлықақыға үстемеақы есептеу немесе оның мөлшерін өзгерту не үстемеақыны алып тастау үшін тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде азаматтық қорғау органдарының (бұдан әрі – АҚО) қаржы бөлімшесіне жолданады. Бұйрыққа қол қойылған күн, қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау күні болып есептеледі. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау туралы мәліметтер бұйрықтың күні мен нөмірі көрсетіле отырып, қызметкерлер мен әскери қызметшілердің жеке істерінің қызметтік тізімдеріне енгізіледі.
Тармақ 6
6. Сыныптық біліктіліктері үшін қызметкерлер мен әскери қызметшілерге «Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбпү қаулысына 29-қосымшаға сәйкес үстемеақы белгіленеді.
Тармақ 6-1
6-1. Бір АҚО-дан екіншісіне ауысу тәртібімен қызметке келген АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қолда бар сыныптық біліктілігі тиісті үстемеақымен сақталады.
Тармақ 6-2
6-2. Бала күтімі бойынша демалыстағы АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қолда бар сыныптық біліктілігі бала күтімі бойынша демалыстың барлық кезеңінде үстемеақысыз сақталады.
Тармақ 6-3
6-3. ТЖМ оқу орнында және уағдаластық шеңберінде шет елдерде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қолда бар сыныптық біліктілігі оқудың және іссапардың барлық кезеңінде үстемеақысыз сақталады.
Тарау 2. 2-тарау. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау тәртібі
2-тарау. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Қызметкерлер мен әскери қызметшілерге сыныптық біліктілік беру және растау тәртібі
1-параграф. Қызметкерлер мен әскери қызметшілерге сыныптық біліктілік беру және растау тәртібі
Тармақ 7
7. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктіліктерін беру осы параграфта көзделген тәртіпте тоқсан сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Қызметкерлер мен әскери қызметшілерге келесі сыныптық біліктіліктер беріледі:
Тармақша 1
1) «2-сыныпты маман» - кемінде бір жыл құқық қорғау қызметінде, арнауы мемлекеттік органдарда, әскери қызметте (мерзімді әскери қызметті қоспағанда) жұмыс өтілі (бұдан әрі – қызмет өтілі) бар қызметкерлер мен әскери қызметшілерге;
Тармақша 2
2) «1-сыныпты маман»: «2-сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, «2-сыныпты маман» сыныптық біліктілігін бергеннен кейін АҚО-да кемінде бір жыл қызмет өтілі бар қызметкерлер мен әскери қызметшілерге; сыныптық біліктіліктері жоқ, дегенімен кемінде үш жыл қызмет өтілі, сондай-ақ АҚО-да кемінде бір жыл қызмет өтілі немесе мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл жұмыс өтілі, сондай-ақ АҚО-да кемінде бір жыл қызмет өтілі бар қызметкерлер мен әскери қызметшілерге;
Тармақша 3
3) «1-сыныпты маман - тәлімгер (шебер)»: «1-сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, «1-сыныпты маман» сыныптық біліктілігін бергеннен кейін АҚО-да кемінде бір жыл қызмет өтілі бар қызметкерлер мен әскери қызметшілерге; сыныптық біліктіліктері жоқ, дегенімен кемінде төрт жыл қызмет өтілі және саяси лауазымдарда кемінде бір жыл, сондай-ақ АҚО-да кемінде бір жыл қызмет өтілі немесе мемлекеттік қызметте кемінде төрт жыл жұмыс өтілі және саяси лауазымдарда кемінде бір жыл, сондай-ақ АҚО-да кемінде бір жыл қызмет өтілі бар қызметкерлер мен әскери қызметшілерге.
Тармақ 9
9. ТЖМ немесе басқа да арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың (бұдан әрі – күштік құрылымдар) оқу орнын бітіргеннен кейін АҚО-ның қызметіне кірген қызметкерлер мен әскери қызметшілерге сыныптық біліктілік беру үшін қызмет мерзімін есептеу АҚО-ның лауазымына тағайындалғаннан кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Қызметкерлер мен әскери қызметшілер сыныптық біліктілік беруге жылына бір рет қана жіберіледі.
Тармақ 11
11. Сыныптық біліктілік беруге:
Тармақша 1
1) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;
Тармақша 2
2) оларға қатысты қызметтік тергеп – тексеру (тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені қарау) немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде - тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе ақтау негіздері бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданғанға дейін;
Тармақша 3
3) АҚО-ның (командирдің (бастықтың), Министрдің) қарамағындағы қызметкерлер мен әскери қызметшілер оларды лауазымға тағайындағанға дейін жол берілмейді.
Тармақ 12
12. Сыныптық біліктілікті беру үшін тоқсан сайын, тиісті тоқсанның соңғы айының бесінші күніне дейін АҚО-ның құрылымдық бөлімшелері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныптық біліктілікті беруге үміткер қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тізімдерін (бұдан әрі - Беруге үміткерлердің тізімдері) АҚО-ның кадр қызметтеріне жолдайды. Бұл ретте тиісті тоқсанның соңғы айының бесінші күнінен кейін АҚО-ның кадр қызметіне жолданған Беруге үміткерлердің тізімдері қарауға жатпайды. АҚО-ның құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары Беруге үміткерлердің тізімдерінің ұсынылуының уақытылығын, объективтілігін және дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 13
13. Тиісті тоқсанның соңғы айының оныншы күніне дейін АҚО-ның кадр қызметтері Беруге үміткерлердің тізімдеріне қосылған қызметкерлер мен әскери қызметшілерді осы Қағидалардың 8, 9, 10 және 11-тармақтарының талаптарына сәйкес келуін зерделейді және сәйкес келген жағдайда, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныптық біліктілік беруге рұқсат етілген қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тізімін қалыптастырады (бұдан әрі – Біліктілік беруге рұқсат етілгендердің тізімі).
Тармақ 15
15. Біліктілік беруге рұқсат етілгендердің тізімі үш жұмыс күні ішінде біліктілік комиссиясының қарауына енгізіледі.
Тармақ 16
16. Сыныптық біліктілік берілген қызметкерлерге және әскери қызметшілерге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызмеркерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктіліктерінің төсбелгілері беріледі.
Тармақ 17
17. Қолда бар сыныптық біліктілік:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) басқа күштік құрылымдардан ауысу (іссапарға жіберу) тәртібімен АҚО-ның қызметіне келген және АҚО лауазымдарына тағайындалған тұлғаларға;
Тармақша 3
3) соттың шешімі бойынша АҚО-ның қызметіне қалпына келтірілген тұлғаларға;
Тармақша 4
4) егер күш құрылымдардан босатылған күннен бастап және АҚО-ға қызметке қабылданған күнге дейін үш айдан астам уақыт өтпесе, күш құрылымдардан босатылған және АҚО-ның қызметіне қайта қабылданған тұлғаларға тиісті үстемеақы белгілене отырып, осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген адамдардың бұйрығымен расталады. Бұл ретте, егер күш құрылымдардан босатылған күннен бастап және АҚО-ға қызметке қабылданған күнге дейін үш айдан астам уақыт өтсе, күш құрылымдардан босатылған және АҚО-ның қызметіне қайта қабылданған тұлғалардың сыныптық біліктілігін айқындау осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 18
Тармақ 19
19. Осы Қағидалардың 17-тармығының 4) тармақшасында көзделген тұлғаларға жоғары тұрған сыныптық біліктіліктерін беру үшін қызмет өтілін есептеу мерзімі АҚО-ның лауазымдарына тағайындалған күннен бастап жүзеге асырылады.
Тармақ 21
Тармақ 25
Тармақ 2. 2-параграф. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін төмендету немесе алып тастау, қалпына келтіру тәртібі
2-параграф. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін төмендету немесе алып тастау, қалпына келтіру тәртібі
Тармақ 26
26. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін бір сатыға төмендету атқаратын лауазымынан босату (лауазымын бір сатыға төмендету) және (немесе) арнаулы атағын төмендету (әскери атағын бір сатыға төмендету) түрінде тәртіптік жаза қолданылған кезде жүргізіледі.
Тармақ 27
27. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің «2-сынып маманы» сыныптық біліктілігі осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген мән-жайлар туындаған жағдайда алып тасталады.
Тармақ 28
Тармақ 29
29. Сыныптық біліктілігі төмендетілген немесе алынып тасталған қызметкерлер мен әскери қызметшілер сыныптық біліктілігі төмендетілген немесе алынып тасталған күннен бастап алты ай өткен соң бұрынғы сыныптық біліктіліктеріне калыпына келтіріледі. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген адамдардың бұйрығына қол қойылған күн сыныптық біліктілікті қалпына келтіру күні болып есептеледі. Біліктілік сыныбындағы қызмет мерзімі біліктілік сыныбын төмендету немесе алып тастау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап үзiледi және біліктілік сыныбын қалпына келтiру туралы бұйрық шығарылған күннен бастап қалпына келтiрiледi. Бұрынғы біліктілік сыныбына қалпына келтіру қызметкердің немесе әскери қызметшінің баянаты негізінде жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау бойынша азаматтық қорғау органдарының біліктілік комиссияларын құру тәртібі
3-тарау. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау бойынша азаматтық қорғау органдарының біліктілік комиссияларын құру тәртібі
Тармақ 30
30. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген тұлғалардың бұйрықтарымен АҚО-ның қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау үшін жұмыс органы АҚО-ның кадр қызметтері болып табылатын біліктілік комиссиялары құрылады. Біліктілік комиссиясының құрамын осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген тұлғалар айқындайды. Біліктілік комиссиясының құрамына біліктілік комиссиясының төрағасы және біліктілік комиссиясының басқа мүшелері кіреді.
Тармақ 31
31. Біліктілік комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ саннан тұрады. Біліктілік комиссиясын Төраға басқарады. Біліктілік комиссияны төрағасы мен мүшелері болмаған кезде олардың өкілеттіктерін оларды алмастыратын адамдар жүзеге асырады.
Тармақ 32
32. Аталған қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау үшін біліктілік комиссияларының төрағалары:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі болып табылады;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында ТЖМ ТЖД бастықтарының орынбасарлары болып табылады;
Тармақша 2-1
2-1) осы Қағидалардың 4-тармағының 2-1) тармақшасында ТЖМ ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастықтарының орынбасарлары болып табылады;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасында әскери бөлімдер командирлерінің орынбасарлары болып табылады;
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың 4-тармағының 4) тармақшасында ТЖМ оқу орны бастығының орынбасары болып табылады.
Тармақ 33
33. Біліктілік комиссиясының мүшелері болып кадр қызметтерінің бастықтары, сондай-ақ заң және қаржы қызметтерінің өкілдері тағайындалады.
Тармақ 34
34. Біліктілік комиссиясының хатшысы АҚО-ның кадр қызметтері қатарынан тағайындалады, оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.
Тармақ 35
35. Біліктілік комиссиясының құрамын өзгерту осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген адамдардың шешімі бойынша біліктілік комиссиясының құрамына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы бұйрық шығару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 36
36. Біліктілік комиссиясы осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген материалды енгізген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде алқалы ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдайды. Егер оған біліктілік комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 37
37. Біліктілік комиссиясының шешімі қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау нәтижелері көрсетілетін актімен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда біліктілік комиссиясының төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 38
38. Актіге біліктілік комиссиясының барлық мүшелері қол қояды және осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген адамдардың қарауына енгізіледі.
Басқа 1. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің дене даярлығы бойынша нормативтер
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларына 1-қосымша Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің дене даярлығы бойынша нормативтер
Басқа 2. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін беру туралы акт
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларына 2-қосымша Нысан Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін беру туралы акт Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін айқындау бойынша біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) құрамында: комиссия төрағасы (лауазымы, арнаулы (әскери) атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) (бұдан әрі - ТАӘ) және комиссияның басқа мүшелері (лауазымы, арнаулы (әскери) атағы, ТАӘ, сыныптық біліктілікті беруге ұсынылған материалды қарап, мынадай шешім шығарады: № Ар­на­у­лы (әс­ке­ри) ата­ғы, те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) Ат­қа­ра­тын ла­у­а­зы­мы Құқық қор­ғау қыз­ме­т­ін­де, ар­на­у­лы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­да, әс­ке­ри қыз­мет­те (мер­зім­ді әс­ке­ри қыз­мет­ті қо­с­па­ған­да) жұ­мыс өті­лі, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­те жұ­мыс өті­лі Аза­мат­тық қор­ғау ор­ган­да­рын­да қыз­мет өті­лі ( аза­мат­тық қор­ғау ор­ган­да­рын­да қай уа­қыт­тан ба­стап (кү­ні, айы, жы­лы)) Қол­да бар сы­нып­тық бі­лік­ті­лік (сы­нып­тық бі­лік­ті­лік­ті бе­ру, рас­тау, тө­мен­де­ту неме­се алу, қал­пы­на кел­ті­ру ту­ра­лы бұй­рық­тың кү­ні мен нө­мі­рі) Ко­мис­сия ше­ші­мі 1. 2. Комиссия төрағасы ___________________________________________________ Комиссия мүшелері _________________________________________________________ Комиссия хатшысы ______________________________________________________ 20___ жыл «____» __________
Басқа 3. Сыныптық біліктілік беруге үміткер қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тізімдері
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларына 3-қосымша Нысан Сыныптық біліктілік беруге үміткер қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тізімдері № Ар­на­у­лы (әс­ке­ри) ата­ғы, те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) Ат­қа­ра­тын ла­у­а­зы­мы Құқық қор­ғау қыз­ме­т­ін­де, ар­на­у­лы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­да, әс­ке­ри қыз­мет­те (мер­зім­ді әс­ке­ри қыз­мет­ті қо­с­па­ған­да) жұ­мыс өті­лі, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­те жұ­мыс өті­лі Аза­мат­тық қор­ғау ор­ган­да­рын­да қыз­мет өті­лі (аза­мат­тық қор­ғау ор­ган­да­рын­да қай уа­қыт­тан ба­стап (кү­ні, айы, жы­лы)) Қол­да бар сы­нып­тық бі­лік­ті­лік (сы­нып­тық бі­лік­ті­лік­ті бе­ру, рас­тау, тө­мен­де­ту неме­се алып та­стау, қал­пы­на кел­ті­ру ту­ра­лы бұй­рық­тың кү­ні мен нө­мі­рі) Қан­дай сы­нып­тық бі­лік­ті­лік алу­ға үміт­кер 1. 2. Азаматтық қорғау органдарының құрылымдық бөлімшесінің бастығы, қолы және күні.
Басқа 4. Сыныптық біліктілік беруге рұқсат етілген қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тізімі
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларына 4-қосымша Нысан Сыныптық біліктілік беруге рұқсат етілген қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тізімі № Ар­на­у­лы (әс­ке­ри) ата­ғы, те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) Ат­қа­ра­тын ла­у­а­зы­мы Құқық қор­ғау қыз­ме­т­ін­де, ар­на­у­лы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­да, әс­ке­ри қыз­мет­те (мер­зім­ді әс­ке­ри қыз­мет­ті қо­с­па­ған­да) жұ­мыс өті­лі, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­те жұ­мыс өті­лі Аза­мат­тық қор­ғау ор­ган­да­рын­да қыз­мет өті­лі (аза­мат­тық қор­ғау ор­ган­да­рын­да қай уа­қыт­тан ба­стап (кү­ні, айы, жы­лы)) Қол­да бар сы­нып­тық бі­лік­ті­лік (сы­нып­тық бі­лік­ті­лік­ті бе­ру, рас­тау, тө­мен­де­ту неме­се алып та­стау, қал­пы­на кел­ті­ру ту­ра­лы бұй­рық­тың кү­ні мен нө­мі­рі) Қан­дай сы­нып­тық бі­лік­ті­лік алу­ға үміт­кер Сы­нып­тық бі­лік­ті­лік­ті бе­ру­ге жі­бе­ру ту­ра­лы ше­шім (жі­бе­ру­ге негіз) 1. 2. Азаматтық қорғау органдарының кадр қызметінің бастығы, қолы және күні
Басқа 5. Сыныптық біліктілікті беру үшін дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру ведомосі
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларына 5-қосымша Нысан Сыныптық біліктілікті беру үшін дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру ведомосі
Басқа 6. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігінің төсбелгілері
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларына 6-қосымша Нысан Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігінің төсбелгілері «1-сыныпты маман-тәлімгер (шебер)» «1-сыныпты маман» «2-сыныпты маман»
Басқа 6. Сыныптық біліктілігін растауға жататын қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тізімі
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларына 7-қосымша Сыныптық біліктілігін растауға жататын қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тізімі
Басқа 8. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің медициналық жас топтары
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларына 8-қосымша Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің медициналық жас топтары
Басқа 9. Сыныптық біліктілігін төмендетуге немесе алып тастауға жататын қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тізімі
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларына 9-қосымша Сыныптық біліктілігін төмендетуге немесе алып тастауға жататын қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тізімі