Об образовании Общественного совета по средствам массовой информации (информационной политике) при акимате Атбасарского района Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атбасар ауданы әкімдігінің жанында бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөнінде Қоғамдық кеңес құру туралы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңға сәйкес Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің жанында бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөнінде Қоғамдық кеңес кұру. (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігінің жанында бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөнінде Қоғамдық кеңес жөнінде Қағида бекіту.
Тармақ 3
3. Кеңестің арнайы құрамын аудандық мәслихат сессиясында бекітуге енгізу.
Басқа 4
Атбасар ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 21 қазандағы № а-10/303 қаулысымен бекітілді Аудан әкімдігінің жанынан бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөнінде Қоғамдық кеңес ҚАҒИДАСЫ
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігіндегі бұқаралық ақпарат құралдары /ақпараттық саясат/ жөніндегі Қоғамдық кеңес /алдағы - Кеңес/ аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесу органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңестің басты міндеттері болып табылатындар:
Тармақша 1
1) аудан әкімдігіне мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізуге, ауданның қоғамдық қатынастарын жетілдіруге қатысу;
Тармақша 2
2) бұқаралық ақпарат құралдарының жүйелі кешенді сараптау қызметін жөне аудан әкімдігі үшін мемлекеттік саясат жүргізуге және жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындау;
Тармақша 3
3) аудан әкімдігіне бұқаралық ақпарат құралдары саласында заңның орындалуын жетілдіру, атқару органдары мен БАҚ өзара сапалы қарым-қатынасын қамтамасыз ету, сондай-ақ аймақ пен елдің ақпараттық қауіпсіздігі жайлы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 4
4) БАҚ пен оның қызметкерлерінің мемлекеттік және басқа органдармен және ұйымдармен өзара қарым-қатынастағы заңды құқығын және мүдделерін қорғау;
Тармақша 5
5) бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінде кәсіби және жоғары этикалық қағидасын дамытуға көмек беру, БАҚ облысында дау және басқа шиеленіскен жағдайларға қатысу.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілер мен осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. Кеңес құзыры:
Тармақша 1
1) аудан әкімдігіне бағытталғандарды қарауға көмек береді және қарайды және бұқаралық ақпарат құралдары облысындағы заңдардың сақталуы туралы БАҚ қызметі бойынша үндеулерге көмек береді;
Тармақша 2
2) бұқаралық ақпарат құралдары және ақпараттық кеңістіктің жағдайы және дамуы туралы жыл сайынғы және жедел баяндамаларын дайындайды;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралдары облысындағы заңдарды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды және аналитикалық материалдар әзірлейді, БАҚ мен атқару органдарының тиімді өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) аудан әкімдігінің қызметін және мемлекеттік саясатын түсіндіру жөнінде оның ішінде БАҚ үшін жедел-ұсыныс қорытындылары мен ұсыныстарын шығарады.
Тармақ 5
5. Кеңес өз құзыры шегінде құқылы:
Тармақша 1
1) өз кызметіне жүктелгендерді орындау үшін атқарушы мемлекеттік органдардан, лауазымдық тұлғалардан қажетті құжаттар мен материалдар, ақпарат сұрастыру және алу;
Тармақша 2
2) бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңның сақталуы сұрақтары жөнінде БАҚ өкілдерінің, мемлекеттік атқару органдарының лауазымдық тұлғаларын өз отырыстарында тыңдау;
Тармақша 3
3) атқару мемлекеттік органдармен, шығармашылық одақтармен және басқа ұйымдармен өткізілетін мәслихатқа, конференцияға және мәжіліске қатысу үшін өз өкілдерін жолдау;
Тармақша 4
4) БАҚ қызметіне қатысты атқару мемлекеттік орган шешімдеріне баға беру, БАҚ қызметінің сұрақтарымен ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және басқа көмек көрсету;
Тармақша 5
5) БАҚ қызметінің түрлі көріністерімен жұмыс комиссияларын құру, олардың жұмыстарына ғылыми зерттеу, үкіметтік емес және басқа мекемелер мен ұйымдардың жұмысына тарту;
Тармақша 6
6) Кеңес қызметі бойынша материалдарды жергілікті БАҚ жариялау;
Тармақ 6
6. Кеңес отырыстарына және аудан әкімдігінің мәліметіне жеткізілетін ұсыныстар мен қорытындылар Кеңес шешімдері болып табылады.
Тармақ 7
7. Кеңес аудан мәслихатының сессиясымен бекітілген төраға, хатшы мен Кеңес мүшелерінен тұрады. Кеңес төрағасы мен мүшелері қоғамдық бастаудағы олардың жұмыстарына қатысады. Кеңес отырысы оның төрағасымен қажеттілігіне орай, жарты жылда бір рет шақырылады. Кеңес отырысы Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен еқі бөлігі қатысса құқылы болып табылады. Кеңес мүшелері отырыстарға алмастыру құқысыз қатысады. Кеңес шешімдері қатысқан Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігімен қабылданады.
Тармақ 8
8. Кеңес төрағасы Кеңес шешімдері мен басқа құжаттарына қол қояды, отырыстарға енгізілетін сұрақтарды белгілейді, басқа да ұйымдастыру-басқару қызметтерін орындайды. Төраға отырыста жоқ болған кезде, оның тапсырмасымен Кеңес мүшелерінің біреуі төрағалық етеді.
Тармақ 9
9. Қызметін ұйымдастыру және ақпаратпен қамсыздандыру аудан әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімімен орындалады.
Басқа 29
Қосымша Атбасар ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 21 қазандағы № а-10/303 қаулысымен бекітілді Атбасар ауданы әкімдігіндегі бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі Қоғамдық кеңес құрамы
Тармақ 1
1. Боброва Людмила Ивановна – аудан әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасы
Тармақ 2
2. Сүлейменова Махаббат Рыспекқызы – ішкі саясат бөлімінің бас маманы, кеңес хатшысы
Тармақ 3
3. Исабекова Бахыт Зиядақызы – «Простор» мен «Атбасар» газетінің редакторы
Тармақ 4
4. Марунич Людмила Васильевна – Атбасар қ. әкімінің орынбасары
Тармақ 5
5. Файзуллина Бахытжан Уәзірқызы – ішкі саясат бөлімінің бастығы
Тармақ 6
6. Грубушенко Анатолий Михайлович – баспахана директоры (келісімімен)
Тармақ 7
7. Смағұлов Шаймұрат Смағұлұлы – «Салам» радиостанциясы директоры (келісімімен)
Тармақ 8
8. Новиков Василий Дмитриевич – мәдениет бөлімінің меңгерушісі
Тармақ 9
9. Хитров Владимир Григорьевич – аудандық мәслихат депутаты (келісімімен)