Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Алматинской области Күшін жойған
Басқа 0
Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңының 7-бабы, 2-тармағының 17-10-тармақшасына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі №280 бұйрығымен бекітілген, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19123 болып тіркелген) 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» №460 заңының 35-1-бабы, 3-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін;
Тармақ 2
2. «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте төмендегілерді;
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқасын ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жолдауды;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ол ресми жарияланғаннан кейін, Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы қаулыға қол қойылғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде оны Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық сүйемелдеу және ТҚК жұмысын ұйымдастыру бөлімдеріне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды Алматы облысы әкімінің орынбасары А. Дәндібаевқа жүктелсін.
Облыс әкімдігінің «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының бірқатар мәселелері туралы 2022 жылғы «___» _________ №____ қаулысына келісім парағы
Енгізілді:
Облыстың кәсіпкерлік және
индустриалдық-инновациялық
даму басқарма басшысы К. Бақытұлы
Келісілді:
Облыс әкімінің бірінші
орынбасары Л. Тұрлашов
Облыс әкімінің орынбасары А. Дәндібаев
Облыс әкімінің орынбасары Н. Құдайбергенов
Облыс әкімінің орынбасары Р. Рақымбеков
Облыс әкімінің аппарат басшысы Т. Сарсембаев
Облыстық экономика және бюджеттік
жоспарлау басқарма басшысы А. Ораз
Облыстың қаржы басқарма басшысы Б. Ұзақова
Облыс әкімінің аппараты
мемлекеттік-құқықтық сүйемелдеу
және ТҚК жұмысын ұйымдастыру
бөлім басшысы С. Джумашев
Облыс әкімінің аппараты
құжаттамамен қамтамасыз ету
және бақылау бөлім басшысы Г. Жорабаева
Басқа 8
«Бекітемін» «Алматы облысы әкімінің аппараты» ММ басшысы _______________ Т. Сарсембаев «____» _________ 2022 жыл
Облыс әкімдігінің «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамын қоғамының бірқатар мәселелері туралы 2022 жылғы «___» _________ №____ қаулысына тарату парағы
1. Облыс әкімінің орынбасары А.М.Дәндібаевқа – 1 дана.
2. Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасына – 1 дана.
3. Мемлекеттік-құқықтық сүйемелдеу және ТҚК жұмысын ұйымдастыру бөліміне – 1 дана.
4. «Қонаев» ӘКК» АҚ-на – 1 дана.
Облыстың кәсіпкерлік және
индустриалдық-инновациялық даму
басқармасы басшысы Қ. Бахытұлы
Жіберілді «____»_____________2022 ж.
Облыс әкімінің аппараты
құжаттамамен қамтамасыз ету
және бақылау бөлім басшысы Г. Жорабаева
Басқа 9
Алматы облысы әкімдігінің
2022 жылғы «____» ________
№ ____ қаулысына қосымша
Алматы облысында
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру
қағидалары
Тармақ 1
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі осы қағидалар (әрі қарай – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңының 7-бабы, 2-тармағының 17-10)-тармақшасына, Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі №280 бұйрығымен бекітілген, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларының (Қазақстан Республикасының нормативтік актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19123 болып тіркелген) 2-тармағына сәйкес әзірленген және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру тәртібін анықтайды.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда келесі түсініктер пайдаланылады:
Тармақша 1
1) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры – Алматы облысының аумағында агро-азық-түлік нарығына реттеуші әсер ету және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылған азық-түлік тауарларының жедел қоры;
Тармақша 2
2) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту – азық-түлік тауарларын сақтау мерзімдері өткенге дейін сату немесе азық-түлік тауарларын сақтау мерзімдері өткенге дейін, кейіннен жаңа сақтау мерзімімен немесе келесі жылғы егін түсімінен азық-түлік тауарларының осындай көлемін жеткізумен өнім берушіге қайтару;
Тармақша 3
3) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалану – азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан тауарлық интервенциялар жүргізу және азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту мақсатында азық-түлік тауарларын өткізу;
Тармақша 4
4) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру – сатып алу интервенциялары, азық-түлік тауарларын азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына орналастыру және сақтау;
Тармақша 5
5) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары – тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін, адамның физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыратын азық-түлік тауарлары;
Тармақша 6
6) мамандандырылған ұйымдар – тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1279 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаны белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын ұйымдар;
Тармақша 7
7) сатып алу интервенциялары – мамандандырылған ұйымдардың Алматы облысының аумағында баға арзандаған, Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмалары аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу жөніндегі іс-шаралар;
Тармақша 8
8) тауарлық интервенциялар – баға өскен кезде ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүрігізілетін, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларынан ішкі нарықта азық-түлік тауарларын өткізу жөніндегі іс-шаралар;
Тармақша 9
9) шекті сауда үстемесі – ішкі сауда субъектілерінің азық-түлік тауарларын соңғы тұтынушыларға өткізу кезінде бағаны анықтау үшін қалыптастырылатын сауда үстемесі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктері Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін тиімді және уақытында қолдануды қамтамасыз ету мақсатында, Алматы облысының әкімі Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияны (әрі қарай – Комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.
Тармақ 6
6. Комиссия Төрағасы Алматы облысы әкімінің орынбасары болады, Комиссия мүшелері кәсіпкерлік, сауда және ауыл шаруашылығы басқармаларының (бөлімдерінің) қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және қоғамдық ұйымдар бірлестіктерінің өкілдері болып табылады. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүргізеді.
Тармақ 7
7. Комиссияның сандық құрамы тақ болуы тиіс және тоғыз адамнан кем болмауы тиіс. Бұл ретте, комиссия мүшелерінің үштен екісі жеке кәсіпкерлік субъектілері мен қоғамдық ұйымдар бірлестіктерінің өкілдері болуы тиіс. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
Тармақ 8
8. Комиссияның құзыретіне төмендегілер кіреді:
Тармақша 1
1) Алматы облысының аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шешім қабылдау;
Тармақша 2
2) азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі тетіктерді іске асыру мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізімін және олар бойынша шекті сауда үстемесін анықтау;
Тармақша 3
3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына сәйкес, қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін анықтау;
Тармақша 4
4) мамандандырылған ұйымның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін анықтау жөніндегі ұсынысын қарастыру. 9. Комиссияны құруды және оның жұмысын ұйымдастыруды Алматы облысының жергілікті атқарушы органы қамтамасыз етеді.
10.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін Алматы облысының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаны белгілеу жөніндегі шаралардан басқа, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымнан азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарт жасау арқылы қызметтерді сатып алуды жүргізеді.
Тармақ 10-1
10-1. Үш жылдық кезеңге жасалған Азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін, Алматы облысының әкімдігі мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорының ауысатын активтері туралы заттай және ақшалай сипаттағы міндеттемелері көрсетілген қосымша келісім жасасады.
Тұрақтандыру қоры таратылған жағдайда, мамандандырылған ұйым азық-түлік тауарларын сатып алуға пайдаланылған бюджет қаражатының жергілікті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Егер, мамандандырылған ұйымның шешімі бойынша азық-түлік тауарлары сатып алынған бағасынан төмен бағада өткізілген болса, онда сатып алу және өткізу бағасының айырмасын алып тастағандағы сома қайтарылады.
Тармақ 10-2
10-2. Мамандандырылған ұйымның тұрақтандыру қорын пайдалану кезінде туындаған үстеме, коммуналдық және басқа да шығыстары, жыл сайын, азық-түлік тауарларына белгіленген және нарықтық бағалар арасындағы айырма есебінен жабылады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті баға белгілеу жөніндегі шаралардан бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың (әрі қарай – мамандандырылған ұйым) тізімі Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіледі.
Тармақ 12
12. Алматы облысының әкімдігі ай сайын, айдың 20-на дейін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөніндегі тетіктерді іске асыру тәртібі
2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөніндегі тетіктерді іске асыру тәртібі
Тармақ 13
13. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында Алматы облысының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандырудың келесі тетіктерін іске асырады:
Тармақша 1
1) тұрақтандыру қорларының қызметі;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру.
Тармақ 13-1
13-1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қаржыландыру көзі болып, Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары бөлетін, оның ішінде бұрын азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға бөлінген ақша қаражаттары табылады.
Тармақ 14
14. Үлгілік қағидалармен регламенттелмеген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың ерекшеліктері (бөлшектері) Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың осы қағидаларымен анықталады.
Тармақ 3
Тарау 3. 3. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қоры
қызметінің тәртібі
3. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қоры
қызметінің тәртібі
Тармақ 15
15. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларының қызметі өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану тәсілімен жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі тетіктерді іске асыру мақсатында, Комиссия сұраныс пен ұсыныстың өңірлік теңгерімінің (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамсыздандырылу, олардың тауар қозғалысы, қорлардың болуы), егістік алқаптары (жоспарлы), болжамды егін түсімі, өткен күнтізбелік жылы орын алған бағалар туралы мәліметтердің, басқа да мәліметтердің, сондай-ақ шекті сауда үстемесінің негізінде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімін анықтайды.
Тармақ 17
17. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алу үшін қажетті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімін бекіту туралы» №145 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімінен қалыптастырылады.
Тармақ 18
18. Мамандандырылған ұйым өткізетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» заңының 19-бабы, 1-тармағына сәйкес, Статистика жұмыстарының жоспары бойынша Алматы облысының мемлекеттік статистика органдарымен қалыптастырылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының ресми нарықтық мәнінен 10 немесе одан да көп пайызға төмен ұстауды ескерумен қалыптастырылады.
Тармақ 19
19. Комиссия Алматы облысының әкіміне сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізімін және олар бойынша шекті сауда үстемесін бекіту туралы ұсыныстар енгізеді.
Тармақ 20
20. Алматы облысының әкімдігі Комиссия ұсынысының негізінде сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізімі мен шекті сауда үстемесін бекітеді.
Тармақ 21
21. Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тікелей өндірушілерден, оның ішінде форвардтық шарттар мен офтейк-контрактілер жасау арқылы сатып алынады. Егер өндіруші өнімді тікелей өткізбеген жағдайда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары азық-түлік тауарларын өткізуге маманданған көтерме сауда жеткізушілерінен (дистрибьютерлерден) сатып алынады.
Тармақ 22
22. Өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарлары Қазақстан Республикасының «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» заңының 18 және 19-баптарына сәйкес, оларды сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сай болулары тиіс.
Тармақ 23
23. Мамандандылырған ұйым статистикалық мәліметтер мен басқа да көздер негізінде, өңірдің азық-түлік тауарларының ішкі нарығына және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нарығына (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамсыздандырылу, олардың тауар қозғалысы, қорлардың болуы, бағасына) тұрақты талдау жүргізеді, өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының көлемін анықтайды және сатып алу интервенциялары туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 23-1
23-1. Мамандандырылған ұйымның сатып алу интервенциялары туралы шешімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін тиімді және уақытында қолдануды қамтамасыз ету мақсатында қабылданады.
Тармақ 24
24. Өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалану мамандандырылған ұйыммен тауарлық интервенцияларды жүргізу және азық-түлік тауарларын жаңарту арқылы жүргізіледі.
Тармақ 25
25. Мамандандырылған ұйым баға деңгейі артқан жағдайда, агро-азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету қажет болған кезде, 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тауарлық интервенция жүргізу туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 26
26. Мамандандырылған ұйым өңірлік тұрақтандыру қорын уақытында жаңартып тұру мақсатында, тұрақты негізде, өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларының сақтау мерзімдерін қамтамасыз етеді.
Тармақ 27
27. Өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту азық-түлік тауарларының сақтау мерзімдері өткенге дейін, өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу немесе азық-түлік тауарларын сақтау мерзімі өткенге дейін, жаңа сақтау мерзімімен немесе келесі жылдың жаңа егін түсімінен осындай азық-түлік көлемін жеткізумен, жеткізушіге қайтару арқылы жүргізіледі.
Тармақ 28
28. Өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын тауарлық интервенция, азық-түлік тауарларын жаңарту үшін өткізуді мамандандырылған ұйым өзінің өткізу орындары және (немесе) азық-түлік тауарларын өткізетін сауда объектілері арқылы, сондай-ақ өңдеу кәсіпорындары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өндірісі үшін шекті сауда үстемесі шегінде жүргізеді.
Тармақ 29
29. Осы орайда, өңдеу кәсіпорынымен өндірілген дайын азық-түлік тауарының бағасы Алматы облысының әкімімен бекітілген, шекті жол берілетін бөлшек сауда бағасынан аспайды және мамандандырылған ұйымның өңдеу кәсіпорынымен жасалған өткізу туралы шартта көрсетіледі.
Тармақ 30
30. Алматы облысының әкімдігі мамандандырылған ұйыммен бірге, бұқаралық ақпарат құралдары, Алматы облысы әкімдігінің және мамандандырылған ұйымның ресми сайттары арқылы халыққа тауарлық интервенцияларды жүргізетін сауда объектілерінің орналасқан жері, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі туралы ақпаратты жеткізу жөніндегі ақпараттық жұмысты жүргізеді.
Тармақ 4
Тарау 4. 4. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қоры
қызметінің тәртібі
4. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қоры
қызметінің тәртібі
Тармақ 31
31. Алматы облысының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында, мамандандырылған ұйымдар арқылы Комиссиямен анықталатын азық-түлік тауарларының тізіміне сәйкес, кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз береді. Қарыз беру қарыз шартын жасау арқылы қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және ақылы негізде жүргізіледі.
Тармақ 32
32. Бағаны тұрақтандыру мамандандырылған ұйымның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген төмендетілген бөлшек/көтерме сауда бағаларын белгілеу арқылы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 33
33. Қарыз беру үшін Комиссия Кәсіпкерлік субъектісін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында белгіленген, кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (критерилерге) сәйкес анықтайды.
Тармақ 34
34. Комиссия кәсіпкерлік субъектісін анықтағаннан кейін мамандандырылған ұйым кәсіпкерлік субъектісіне қарыз береді.
Тармақ 35
35. Кәсіпкерлік субъектісі мамандандырылған ұйымға қарызды қайтару жөніндегі міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынады. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету: кепіл, банктік кепілдеме, сақтандыру шарты, үшінші тұлғалардың кепілдемесі/кепілгерлігі түрінде беріледі. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, заңнамамен белгіленген жазбаша нысанда рәсімделеді.
Тармақ 36
36. Қарызды беру талаптары мамандандырылған ұйым мен кәсіпкерлік субъектісінің арасында жасалатын қарыз шартымен белгіленеді.
Тармақ 38
38. Қарыз мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыруға берілмейді.
Тармақ 39
39. Қарыз тек ұлттық валютада ғана беріледі.