О запрещении торговли горюче-смазочными материалами с автотранспортных средств на территории населенных пунктов области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың елді мекендері аумағында автокөлік құралдарынан жанар-жағар май сатуға тыйым салу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 25 шешімімен.
Соңғы кезде облыстың қалаларында, елді мекендері мен жолдарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қалалық техникалық қадағалау органы 1997 жылғы 31 наурызда бекіткен жанар-жағар май құю жылжымалы автомобиль станцияларын пайдалану тәртібін өрескел бұзып, жанар-жағар май құю жылжымалы автомобиль станцияларынан мұнай өнімдерін сату жағдайлары жиі орын алуда. Мұнайда мемлекеттік өрт сөндіру, санитарлық-экологиялық қызметтер мен салық органдарының талаптары сақталмайды.
Өрт, жарылыс қауптерінің алдын алу және елді мекендердің санитарлық-экологиялық жағынан ластануына жол бермеу мақсатымен:
Тармақ 1
1. 1998 жылғы 1 қарашадан бастап облыстың қалалары мен елді мекендерінің аумағында автокөлік құралдарынан жанар-жағар май сатуға тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Жанар-жағар май құю жылжымалы станциялары, оның ішінде технологиялық қажеттіліктерге арналған стануиялар, Мемлекеттік қалалық техникалық қадағалау органы мен басқа да мемлекеттік бақылау ведомстволардың талаптарын сақтап, елді мекендерден аулақ жерлерде орналастырылатын болсын.
Тармақ 3
3. Облыс төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы, «Павлодаравтожол» қазыналық кәсіпорны, облыс бойынша қоршаған ортаны қорғау басқармасы, облыс бойынша жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет қалалар мен аудандардың әкімдерімен бірлесе отырып жанар-жағар май құю жылжымалы станцияларын пайдалану ережелерінің сақталуына бақылау жасап, ережелерді бұзғандарға пәрменді шаралар қолданатын болсын.
Тармақ 4
4. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімі бірінші орынбасарының бөліміне (М.Ш. Әлинов) жүктелсін.