О координационно–методическом совете по правовой пропаганде и правовому всеобучу в районе Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауданда құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқуларды үйлестіру – әдістемелік кеңесі туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында жалпы құқықтық оқуларды ауыстыру жөніндегі іс-шаралар туралы» № 2347 қаулысына сәйкес әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауданда құқтық насихат пен жалпы құқықтық оқуларды үйлестіру – әдістемелік кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
Тармақ 2
2. Кеңестің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Кеңестің жеке құрамы заңнамада белгіленген тәртіпте аудандық мәслихаттың бекітілуіне ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының орынбасары В.Г. Ерашоваға жүктелсін.
Басқа 5. Ауданда құқтық насихат пен жалпы құқықтық оқуларды үйлестіру – әдістемелік кеңесінің ЕРЕЖЕЛЕРІ
Аудан әкімдігінің 2003 жылғы 3 қарашадағы «Ауданда құқтық насихат пен жалпы құқықтық оқуларды үйлестіру – әдістемелік кеңесі туралы» № 320/11 қаулысымен бекітілді Ауданда құқтық насихат пен жалпы құқықтық оқуларды үйлестіру – әдістемелік кеңесінің ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ауданда құқтық насихат пен жалпы құқықтық оқуларды үйлестіру – әдістемелік кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) аудан атқарушы органдарының мекемелерінің, ұйымдарының құқтық насихат пен жалпы оқыту жөніндегі қызметінің ведомствоаралық үйлесімдігін қамтамасыз ететін – консультативтік – кеңесші орган болып табылады. Кеңестің қызметін Павлодар облыс бойынша әділет басқармасы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы «Әділет органдары туралы» Заңына және осы ережеге сәйкес реттейді.
Тармақ 2
2. Аудандық соттың, аудан әкімі аппаратының, аудан прокуратурасының, аудандық ішкі саясат бөлімінің, аудандық ішкі істер бөлімінің, аудандық газетінің өкілдері Кеңес мүшелері болып табылады. Кеңес өкілдерінің өкілеттілігін өзге тұлғаларға беру тек кеңес төрағасының ойы арқылы жүзеге асырылады. Аудан әкімі аппаратының басшысы кеңес төрағасы болып табылады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері
2. Кеңестің негізгі міндеттері
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) аудан атқарушы органдарының мекемелерінің, ұйымдарының құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқыту жөніндегі қызметінің өзара ведомствоаралық үйлесімдігін қамтамасыз еті;
Тармақша 2
2) аудан атқарушы органдары мекемелерінің, ұйымдарының құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқыту жөніндегі қызметін орындау;
Тармақша 3
3) аудан атқарушы органдарының мекемелерінің, ұйымдарының құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу Кеңестің негізгі міндеттері болып табылады.
Тармақ 4
4. Өзара ақпарат алмасу, құқықтық насихат және жалпы құқықтық оқулар саласындағы жұмыстың жағдайын бірлесіп талдау, аудан атқарғандарымен, мекемелерімен және ұйымдарымен бірлесе іс шараларын ұйымдастыру және өткізу Кеңес қызметінің әр түрлері болып табылады.
Тарау 3. 3. Кеңестің функциялары
3. Кеңестің функциялары
Тармақ 5
5. Кеңес мына функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) аудан кәсіпорындары мен мекемелеріндегі құқықтық насихат жалпы құқықтық оқулар саласындағы жұмыстың жағдайымен байланысты, осы мәселелер бойынша кәсіпорындар мен мекеме басшылары ақпараттарын тыңдайды, құқықтық насихат және жалпы құқықтық оқулар нысандары мен әдістерін жетілдіру жөнінде қажетті ұсыныстар, шолулар мен ұсынымдар дайындайды, оны жүзеге асыруда көрсетеді.
Тармақша 2
2) аудан атқарушы органдарының мекемелері, ұйымдары дәрістік бағдарламаларының тақырыптық бағытын және кәсіптік мазмұнын дайындайды;
Тармақша 3
3) аудан атқарушы органдарына, мекемелеріне, ұйымдарына тақырыптық жоспарлар құруға және құқықтық тақырыптағы материалдарды жариялауға тәжірибелік көмек көрсетеді;
Тармақша 4
4) Кеңестің құзіретіне енетін өзге де қызметтерді атқарады.
Тарау 4. 4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Кеңес жарты жылдық жоспарға сәйкес жұмыс істейді. Кеңес мәжілісі тоқсанына бір рет өткізіледі.
Тармақ 7
7. Мәжіліс төрағаның немесе оның ұсынысы бойынша Кеңес мүшелері бірінің басшылығымен өтеді.
Тармақ 8
8. Кеңестің барлық мүшелерінің тең жартысы қатысқан жағдайда болып саналады.
Тармақ 9
9. Талқылау нәтижелері мен ұсынымдары Кеңес мәжілісінен кейін ішінде толтырылып, хаттамаға тіркеледі. Хаттамаға Кеңес төрағасы мен хатшы қол қойып, барлық қажетті құжаттармен қоса Кеңес мүшелеріне жіберіледі.