О проведении месячника пожарной безопасности Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу туралы Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін күшейту, пәтер иелері кооперативтерінің қызметкерлерін өрттердің, сондай-ақ олардың ықтимал зардаптарының алдын алу жөніндегі ұйымдастыру техникалық іс-шараларды жүргізуге қатысуға тарту мақсатында, "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы N 48-1 Заңының8-бабы негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2003 жылдың 15 қарашадан 15 желтоқсанға дейін тұрғын үйлердің өртке қарсы үлгілі жағдайы үшін өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған, тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі айлығы туралы ереже және өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу жөніндегі комиссия құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қала әкімдігінің осы қаулысының атқарылуын бақылау қала әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық және тұрғын үйлерді есепке алу бөлімінің бастығы С. Д. Әшеловке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Қала әкімдігінің осы қаулысы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 5. Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі айлығы туралы ЕРЕЖЕ
Қала әкімдігінің 2003 жылғы 7 қазандағы № 546 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі айлығы туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Өрт қауіпсіздігі айлығының негізі мақсаты азаматтардың меншігі мен жеке мүлкін өрттен қорғау болып табылады. 2. Айлық ұйымдастыру техникалық тапсырмаларды орындау, бұған жұртшылықты тарту, өрттердің алдын алуда оның рөлін күшейту, сондай ақ олардың ықтимал зардаптарын шектеу есебінен тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған өрттің алдын алу жұмысының әсерлілігін жоғарылату мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 2. 2. Айлықты ұйымдастыру және өткізу
2. Айлықты ұйымдастыру және өткізу
Тармақ 3
3. Өрт қауіпсіздігі айлығын ұйымдастыру және өткізу үшін қалалық комиссия құрылады. Өртке қарсы қорғаныс жөніндегі ұйымдастыру жұмысымен айналысатын қызметкерлер комиссия мүшелері болып табылады, олар айлықты насихаттауды жүзеге асырады, оны тұрғын үй қатарларында ұйымдастыру жөнінен жұмыс жүргізеді.
Тармақ 4
4. Комиссия үйлердің өрт қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды жасайды, шарттардың орындалу нәтижелерін қорытады және айлық жеңімпаздарын анықтайды.
Тармақ 3. 3. Өрт қауіпсіздігі айлығының шарттары
3. Өрт қауіпсіздігі айлығының шарттары
Тармақ 5
5. Тұрғын үйлерде өрттердің алдын алу жөніндегі жұмыста ең жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген және мыналарды:
Тармақша 1
1) тұрғын үйлерге арналған өрт қауіпсіздігі ережелерін, Мемлекеттік өрт қадағалау ұйғарымдарын, комиссия ұсыныстарын орындауды;
Тармақша 2
2) тұрғын үй ғимараттарын өрт сөндіргіштермен және басқа да өрт сөндіру құралдарымен жабдықтауды;
Тармақша 3
3) ведомстволық бағынышты тұрғын үй секторындағы өрт сөндірудің бастапқы құралдарын, өрт гидранттарын техникалық әзірлікке келтіруді;
Тармақша 4
4) тұрғын үйлерде өрттердің алдын алу іс-шараларының жүргізілуін, жөндеу қалпына келтіру, пісіру және басқа да от қызуымен жасалатын жұмыстарды жүзеге асырған кезде өртке қарсы режимді қатаң сақтауды;
Тармақша 5
5) пәтерлер иелерімен және пәтер жалдаушылармен өртке қарсы нұсқаулар мен әңгімелерді ұйымдастыруды және өткізуді және тұрғын үйлерді өрт қауіпсіздігі шаралары туралы жаднамалармен, нұсқаулармен қамтамасыз етуді;
Тармақша 6
6) халықты тұрмыста, азаматтардың тұрғылықты жерінде өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқытуды;
Тармақша 7
7) бекітіп берілген тұрғын үй секторында өрт оқиғаларының болмауын;
Тармақша 8
8) пәтер иелерімен және пәтер жалдаушылармен өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту жөнінде жиналыстар өткізуді қамтамасыз еткен ПИК айлық жеңімпазы болып саналады.
Тармақ 6
6. ПИК жүлделі орын осы шарттар орындалған жағдайда бекітіп берілген тұрғын үй секторындағы өртке қарсы жағдайды бағалау кезінде жиналған баллдар ескеріле отырып беріледі.
Тармақ 4. 4. Өртке қарсы жағдайды бағалау әдістемесі
4. Өртке қарсы жағдайды бағалау әдістемесі
Тармақ 7
7. Тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігі жағдайы мыналарды сипаттайтын:
Тармақша 1
1) өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын;
Тармақша 2
2) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінен орындалған ұйымдастыру-алдын алу іс-шараларының көлемін;
Тармақша 3
3) пәтер иелері мен пәтер жалдаушылар арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау жөніндегі көпшілік-үгіт жұмысының жай - күйін;
Тармақша 4
4) әңгімелер мен нұсқаулар жүргізу жолымен тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелеріне азаматтарды оқытуды сипаттайтын көрсеткіштердің мәнімен бағаланады.
Тармақ 8
8. Бағалау баллдық жүйе бойынша жүргізіледі. Тұрғын үйлерге арналған өрт қауіпсіздігі ережелерінің мерзімінде орындалуын қамтамасыз еткен ПИК 30 балл алады өрт қауіпсіздігінің орындалмай қалған әр талабы үшін 2 баллдан алынып тасталады. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі орындалған ұйымдастыру іс-шараларының көлемі мына көрсеткіштердің орындалғандығы үшін берілетін баллдар сомасы ретінде анықталады: рет NN Іс-шаралардың атауы Баллдар сомасы 1. Тұрғын үйлер өрт қауіпсіздігі нұсқауларымен, жаднамалармен, белгілермен толық қамтамасыз етілген 3 2. Шатыр астылары, жертөлелер, техникалық қабаттар, баспалдақ алаңшаларының ұсталуы тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі режимі ережелерінің талаптарына сәйкес келеді 8 3. Эвакуация жолдары көрсеткіштермен және электрмен жарықтандырумен қамтамасыз етілген 3 4. Бекітіліп берілген тұрғын үй секторындағы өрт гидранттары дұрыс күйге келтірілген және көрсеткіштері бар 3 5. ПИК жанында өрт қауіпсіздігі бұрышы жабдықталған. Пәтерлер иелерімен, пәтер жалдаушылармен өрт қауіпсіздігі туралы нұсқамалар қолдары қойдырылып өткізілген 4 Қала әкімі аппаратының басшысы
Басқа 29. Өрт қауіпсіздігі айлығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
Қала әкімдігінің 2003 жылғы 7 қазандағы № 546 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Өрт қауіпсіздігі айлығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ Райымов Нұржан Дүйсенұлы - Семей қаласының мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы, төраға Әшелов Сабыр Даярханұлы - қала әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық және тұрғын үйлерді есепке алу бөлімінің бастығы Лузянин Виктор Владимирович - тұрғын үй-камуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Шегедеков Бағлан Салықұлы - мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас дәрігері Қала әкімі аппаратының басшысы