Қолданыстағы ред. 13.11.2003

Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес құру туралы от 13.11.2003 г. № 123 (Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес құру туралы)

0

Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 23.01.2001 жылғы № 148-2 Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17 наурыз 2003 жылғы "Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" № 253 қаулысын және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 23.08.2003 жылғы "Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі облыстық консультативтік Кеңес құру туралы" облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 28 тамызда № 2269 ретпен тіркелген № 171 қаулысын жүзеге асыру және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі облыстық Кеңес мәжілісінің 18.09.2003 жылғы № 1 хаттамасының 4-бөлімін орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес құрылсын (№ 1 қосымша).

2

2. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес құрамы аудандық Мәслихатқа бекітілуге ұсынылсын.

3

3. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңестің Ережесі бекітілсін (№ 2 қосымша).

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Д. Жұматоваға жүктелсін.

5. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңестің құрамы

Ақжайық аудан әкімдігінің
2003 жылғы 13 қарашадағы
№ 123 қаулысына №1 қосымша
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара
іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңестің
құрамы
1. Өтемісов Шавхат Әнесұлы
- аудан әкімі, Кеңес төрағасы
2. Жұматова Меңзипа Дүйсенбайқызы
- аудан әкімінің орынбасары, төрағаның орынбасары
3. Дәулетова Кәрима Жұбанышқалиқызы
- аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, хатшы
Кеңес мүшелері:
4. Ғабдушев Тілек Александрұлы
- аудандық жастар ұйымының төрағасы (келісімі бойынша)
5. Есқалиев Болат Қосжанұлы
- аудандық "Жайық таңы" газетінің редакторы (келісімі бойынша)
6. Жанғалиева Әмина Базарбайқызы
- Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест қоғамы аудандық бөлімшесінің төрайымы (келісімі бойынша)
7. Қоспаев Қасен Жақауұлы
- аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы (келісімі бойынша)
8. Нұрмұханбетов Зинолла
- Чапаев ауылдық округінің әкімі
9. Сәрсенов Мұрат Бисекешұлы
- аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы (келісімі бойынша)

6. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы ЕРЕЖЕ

№2 қосымша
Аудан әкімдігінің
2003 жылғы 13 қарашадағы
№ 123 қаулысымен бекітілді
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара
іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы
ЕРЕЖЕ

1. 1. Жалпы ереже

1. Жалпы ереже

1

1. Консультативтік-кеңесші орган - үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес (әрі қарай - Кеңес) үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қолдау көрсету мақсатында құрылады.

2

2. Кеңес қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық актілері және осы Ереже құрайды.

3

3. Кеңестің төрағасы - аудан әкімі болады, аудандық Кеңестің құрамына ауданның мемлекеттік органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. Кеңестің дербес құрамы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 6 және 33 баптарына сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері

2. Кеңестің негізгі міндеттері

4

4. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Кеңестің негізгі міндеттері:

1

1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кешенді аймақтық саясат қалыптастыру үшін басымдықтарды анықтау және ұсыныстар әзірлеу;

2

2) үкіметтік емес ұйымдарға консультативтік, әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру- техникалық қолдау көрсетудің кешенді жүйесін жасауға жәрдемдесу;

3

3) жергілікті атқарушы органдардың үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-әрекеттестігі жүйесін жетілдіру;

4

4) Кеңестің құзыретіне кіретін өзекті мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстарын қарау, тиісті ұсынымдар әзірлеу;

5

5) әлеуметтік маңызы бар жобаларды және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге және қарауға қатысу;

6

6) үкіметтік емес сектордың өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге жәрдемдесу, аудандағы үкіметтік емес ұйымдардың ақпараттық мәліметтер базасын қалыптастыру;

7

7) үкіметтік емес ұйымдар қызметінің төркінін жан-жақты көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста болу;

8

8) үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысты азаматтардың өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау;

9

9) үкіметтік емес ұйымдар қызметіне арналған конференцияларға, мәжілістерге, семинарларға қатысу.

3. 3. Кеңестің өкілеттігi

3. Кеңестің өкілеттігi

5

5. Кеңес өзінің құзыреті шеңберінде мыналарға құқылы:

1

1) өзінің мәжілістерінде ауданның атқарушы органдарының басшыларын, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тыңдайды;

2

2) ауданның атқарушы органдарынан үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысты ақпараттар сұратады;

3

3) Кеңестің мәжілістерін әзірлеуге, бағдарламалық құжаттарды даярлауға қатысу үшін беделді және кәсіби даярлығы бар жұртшылықтың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін штаттан тыс сарапшы ретінде тартады;

4

4) мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерге үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы статистикалық, талдау, әдістемелік және басқа да ақпараттық материалдарды жолдайды;

5

5) Кеңес азаматтардан келіп түскен өтініштерді, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қараудың қорытындысы жөніндегі материалдарды осы мәселелер бойынша шешім алу үшін тиісті жергілікті атқарушы органдарға немесе лауазым иелеріне жібереді.

4. 4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

6

6. Кеңес Төрағадан, оның орынбасарынан, хатшыдан және Кеңес мүшелерінен құрылады.

7

7. Кеңестің төрағасы Кеңестің мәжілісін жүргізеді, Кеңестің хаттамаларына және басқа да құжаттарына қол қояды, мәжіліске енгізілетін мәселелерді айқындайды, басқа да ұйымдастыру-басқарушылық міндеттерді орындайды. Кеңестің төрағасы болмаған кезде оның міндетін орынбасары атқарады.

8

8. Кеңестің мәжілісі тоқсан сайын өткізіледі. Кеңестің жұмыс жоспары Кеңес отырысында бекітіледі.

9

9. Кеңес мүшелері қаралған мәселелерді талқылауға қатысуға, ұсыныстар түсіруге, ескертулер айтуға құқылы.

10

10. Кеңес мүшесінің өз өкілеттігін мәжіліске қатысу үшін басқа адамға беруге құқығы жоқ.

11

11. Кеңестің шешімі ұсыныстық сипатта болады.

12

12. Кеңестің шешімі мәжіліске қатысқан Кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс беру тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болады.

13

13. Кеңес жұмысын ұйымдық жағынан қамтамасыз етуді аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімі жүзеге асырады.