Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Бородулихинскому району Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бородулиха ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бородулиха ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бородулиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 маусымдағы № 39-5-VI «Бородулиха ауданы Жезкент кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге тарифтерді бекіту туралы» шешімі күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6042 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Бородулиха ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Бородулиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 25-7-VII шешіміне қосымша Бородулиха ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер Атауы Есептік бірлік Теңге (Қосылған құн салығысыз) Жайлы үйлер 1 тұрғын айына 403,00 Жайлы емес үйлер 1 тұрғын айына 456,00 Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф 1 м3 2763,43