О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра обороны Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 785 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29583 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесінде: 1-бөлімнің 1-кіші бөлімінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-кіші бөлім. Астана қаласы»; реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: « 1. Ақмола Астана қаласы, Железнодорожный тұрғын алабы Жабық 68665 2. Ақмола Астана қаласы Жабық Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті »; 2-бөлімде: 1-кіші бөлімде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-кіші бөлім. Шекара қызметіне ведомстволық бағынысты ұйымдар»; мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 39-1 және 39-2-жолдармен толықтырылсын: « 39-1. Алматы қаласы Жетісу ауданы, Көкмайса шағын ауданы Жабық Техника мен қару-жарақты жөндеу басқармасы 39-2. Алматы облысы Іле ауданы, Қараой ауылы Жабық Қызметтік кинология басқармасы »; мынадай мазмұндағы 2-1-кіші бөліммен толықтырылсын: « 2-1-кіші бөлім. Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті 42-1. Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы Жабық құрылымдық бөлімше »; 8-кіші бөлімде: реттік нөмірі 52-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 52. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы Жабық құрылымдық бөлімше »; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 53-1-жолмен толықтырылсын: « 53-1. Түркістан облысы Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті Жабық құрылымдық бөлімше »; 3-бөлімнің 5-кіші бөлімінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «4-кіші бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының орталық бағыныстағы әскери бөлімдері»; реттік нөмірі 63-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 63. Астана қаласы Есіл ауданы, Үркер шағын ауданы Жабық 5573 ».
Тармақ 2
2. «Қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 786 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29582 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесінде: 1-бөлімнің 1-кіші бөлімінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-кіші бөлім. Астана қаласы»; реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: « 1. Ақмола Астана қаласы, Железнодорожный тұрғын алабы Жабық 68665 2. Ақмола Астана қаласы Жабық Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті »; 2-бөлімде: 1-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын: « 1-кіші бөлім. Шекара қызметі 39. Астана қаласы Сарыарқа ауданы Жабық Шекара қызметі »; мынадай мазмұндағы 1-1-кіші бөліммен толықтырылсын: « 1-1-кіші бөлім. Шекара қызметіне ведомстволық бағынысты ұйымдар 39-1. Алматы қаласы Жетісу ауданы, Көкмайса шағын ауданы Жабық Техника мен қару-жарақты жөндеу басқармасы 39-2. Алматы қаласы Түрксіб ауданы Жабық «Алматы» жабдықтау басқармасы 39-3. Алматы облысы Іле ауданы, Қараой ауылы Жабық Қызметтік кинология басқармасы 39-4. Абай облысы Жарма ауданы, Жаңғызтөбе ауылы Оқшауланған «Жаңғызтөбе» жабдықтау басқармасы »; мынадай мазмұндағы 2-1-кіші бөліммен толықтырылсын: « «2-1-кіші бөлім. Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті 42-1. Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы Жабық құрылымдық бөлімше »; мынадай мазмұндағы 7-1-кіші бөліммен толықтырылсын: « 7-1-кіші бөлім. Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 48-1. Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Жабық Департамент »; 10-кіші бөлімде: реттік нөмірі 54-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 54. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы Жабық құрылымдық бөлімше »; мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 55-1, 55-2 және 55-3-жолдармен толықтырылсын: « 55-1. Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Жабық құрылымдық бөлімше 55-2. Шымкент қаласы Абай ауданы Жабық Департамент 55-3. Түркістан облысы Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті Жабық құрылымдық бөлімше »; 3-бөлімнің 3-кіші бөлімінде: реттік нөмірі 62-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 62. Астана қаласы Есіл ауданы, Үркер шағын ауданы Жабық 5573 ».
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті _________________________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі _________________________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі _________________________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі _________________________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі _________________________