О некоторых вопросах обеспечения финансовой стабильности Республики Казахстан Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығының 1-1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне Қазақстан Республикасынан қолма-қол Ресей рублін әкетуге рұқсат етілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (келісу бойынша) бірлесіп осы қаулының 1-тармағын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және күнтізбелік алпыс күн ішінде қолданылады.