Об установлении размера и утверждении Правил выплаты ежемесячной пожизненной стипендии академику Национальной академии наук Республики Казахстан, достигшему пенсионного возраста Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшерін белгілеу және оны төлеу қағидаларын бекіту туралы «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшері 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойы ай сайын стипендия төлеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы « » № қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойы ай сайын стипендия төлеу қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойы ай сайын стипендия төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының (бұдан әрі – ҰҒА) зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияны белгілеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі –ғылым саласында зор жетістіктері бар, уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және шарттарда ҰҒА сайлайтын ғалым.
Тармақ 3
3. Өмір бойғы ай сайынғы стипендия (бұдан әрі – стипендия) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ҰҒА академигіне белгіленеді.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) стипендия төлеуді қаржылай қамтамасыз етуді;
Тармақша 2
2) стипендияның төленуін есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Стипендия алуға үміткер ҰҒА академигі ҰҒА-ға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) еркін нысанда стипендияны төлеуге өтініш;
Тармақша 2
2) ҰҒА академигі мәртебесін растайтын құжат (ҰҒА академигі мәртебесін беру туралы ҰҒА отырысының хаттамасынан үзінді);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі);
Тармақша 4
4) екінші деңгейдегі банк айқындайтын нысан бойынша шоттың болуы туралы банк анықтамасы.
Тармақ 6
6. Үміткер осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ҰҒА оларды қарау үшін уәкілетті органға жібереді. Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде өтінішті қарайды, мақұлдайды не оны қайтарады. Мақұлдаған жағдайда уәкілетті орган стипендия тағайындау туралы тиісті бұйрық шығарады, онда төлем мерзімі басталатын күн көрсетіледі, бас тартылған жағдайда ҰҒА-ға бас тарту себептері көрсетілген хат жібереді.
Тармақ 7
7. Стипендияны уәкілетті орган ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы күніне дейін осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ағымдағы шотқа аудару жолымен төлейді.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган стипендия тағайындаудан өтінішке құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған не анық емес ақпарат ұсынылған жағдайда бас тартады.
Тармақ 9
9. Стипендия төлеу:
Тармақша 1
1) ҰҒА академигі қайтыс болған (қайтыс болу туралы анықтама/куәлік);
Тармақша 2
2) ҰҒА академигі хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланған;
Тармақша 3
3) ҰҒА құрамынан шығарылған (ҰҒА төралқасы отырысының хаттамасынан үзінді);
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған жағдайларда тоқтатылады.
Тармақ 10
10. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген жағдайлардың бірі орын алған кезде ҰҒА ақпарат алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органды стипендия төлеуді тоқтату қажеттігі туралы негіздемесін көрсете отырып жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 11
11. Хабарламаны алған кезде уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде тиісті бұйрық шығарады және стипендия төлеуді тоқтатады. _____________________