Қолданыстағы ред. 31.10.2003

Сайрам ауданының әкімияты жанындағы құқық бұзушылықтардың әлеуметтік алдын алу кеңесі туралы от 31.10.2003 г. № 702 (Сайрам ауданының әкімияты жанындағы құқық бұзушылықтардың әлеуметтік алдын алу кеңесі туралы)

0

Сайрам ауданының әкімияты жанындағы құқық бұзушылықтардың
әлеуметтік алдын алу кеңесі туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 31 бабының негізінде, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 12 шілдедегі N 355 "Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты жанындағы Құқық бұзушылықтардың әлеуметтік алдын алу кеңесі туралы" қаулысына сәйкес, құқық бұзушылықтардың әлеуметтік алдын алу мәселелеріндегі құқық қорғау және мемлекеттік органдарының өзара іс-әрекет етуін жақсарту мақсатында:

1

1. Сайрам ауданының әкімияты жанындағы Құқық бұзушылықтардың
әлеуметтік алдын алу кеңесі құрылсын.

2

2. Сайрам ауданының әкімияты жанындағы Құқық бұзушылықтардың
әлеуметтік алдын алу кеңесі туралы ереже бекітілсін (қосымша).

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімнің орынбасары Ф. Нұрметовке жүктелсін.

4. Сайрам ауданының әкімияты жанындағы құқық бұзушылықтардың әлеуметтік алдын алу кеңесі туралы ЕРЕЖЕ

Сайрам ауданы әкімиятының
2003 жылғы 31 қазандағы N 702
"Сайрам ауданының әкімияты
жанындағы құқық бұзушылықтардың
әлеуметтік алдын алу кеңесі туралы"
аудан әкімиятының қаулысымен бекітілген
Сайрам ауданының әкімияты жанындағы
құқық бұзушылықтардың әлеуметтік
алдын алу кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Сайрам ауданының әкімияты жанындағы Құқық бұзушылықтардың алдын алу кеңесі (әрі қарай Кеңес) құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы көріністердің алдын алу мәселелеріндегі мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелердің өзара іс-әрекет етуін ұйымдастыру мақсатында құрылатын тұрақты жұмыс істейтін консультативтік кеңесші орган.

2

2. Кеңес қызметінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілері және ереже болып табылады.

3

3. Кеңес өз қызметінде аудан әкімиятының алдында жауапты
болады.

2. 2. Кеңесті құру және оның құрылымы

2. Кеңесті құру және оның құрылымы

4

4. Кеңес аудан әкімиятының қаулысымен құрылады. Кеңестің жеке құрамы аудандық мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

5

5. Кеңеске аудан әкімінің орынбасары - төраға басшылық жасайды. Кеңес төрағасының орынбасары Сайрам аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары болып табылады.

6

6. Кеңестердің тұрақты мүшелері білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, ішкі саясат, экономика, қаржы бөлімдерінің меңгерушілері, қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, сондай-ақ аудандық әскери комиссариат өкілдері. Кеңес хатшысы аудан әкімінің аппаратында тұрақты қызмет ететін штаттық лауазымды тұлға.

3. 3. Кеңестің мақсаттары мен міндеттері

3. Кеңестің мақсаттары мен міндеттері

7

7. Кеңестің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

1

1) құқық бұзушылықтардың және қоғамға қарсы көріністердің алдын алуға қатысатын мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіру;

2

2) мүдделі органдардың бостандықтан айыру орындарынан, әлеуметтік емдеу-профилактикалық және оқу-тәрбиелік мекемелерінен оралған тұрақты мекен жайын, туыстық және әлеуметтік байланыстарды жоғалтқан адамдарды әлеуметтік бейімдеу жөніндегі өзара іс-әрекетін ұйымдастыру;

3

3) халық арасында құқықтық тәртіп жағдайы және құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы көріністердің алдын алу жөнінен қабылданған шаралар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бұқаралық ақпарат құралдарын тарту;

4

4) қылмыстардың, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті нығайту мәселелерінде қоғамдық және діни бірлестіктермен, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалармен өзара іс-әрекет ету.

4. 4. Кеңестің құзыреті

4. Кеңестің құзыреті

8

8. Кеңестің құзыретіне мыналар жатады:

1

1) құқық бұзушылықтардың, маскүнемдік пен алкоголизмнің, нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алу жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыруға қатысу;

2

2) құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінен қабылданған шаралар туралы мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының есептерін тыңдау және құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы көріністерді жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған шешімдерді әзірлеу;

3

3) бас бостандығынан айыру орындарынан, арнаулы емдеу-профилактикалық және оқу-тәрбие мекемелерінен оралған, тұрғын жайы, жұмысы жоқ, туыстық және әлеуметтік байланыстардан айырылған, нашақорлық және маскүнемдікпен ауырған азаматтар мәселелерін шешуге мүдделі органдар мен мекемелердің атсалысуын ұйымдастыру;

4

4) денсаулық сақтау органдарына алкоголизм, нашақорлық пен уытқұмарлықпен ауыратын азаматтарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары бойынша өтінішпен шығу;

5

5) құқық бұзушылықтардың, маскүнемдік пен алкоголизмнің, нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алу саласында насихат және социологиялық зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру;

6

6) құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы көріністердің алдын алуға қатысатын әлеуметтік саласындағы мекемелерге тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету, олардың оң тәжірибесін қорытындылау және тарату;

7

7) ішкі істер органдары, денсаулық сақтау, білім беру, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінде есепте тұратын тұлғаларға қатысты жеке профилактикалық жұмыстардың өткізілуін ұйымдастыру.

5. 5. Кеңес жұмысын ұйымдастыру

5. Кеңес жұмысын ұйымдастыру

9

9. Кеңес өз қызметін жұмыс мәжілістері нысанында аудан әкімі бекітетін жыл сайынғы жоспарлардың негізінде жүзеге асады. Қаралатын мәселеге байланысты мәжіліске құқық бұзушылықтардың және қоғамға қарсы көріністердің алдын алуға қатысатын құқық қорғау органдары қызметкерлері және мекемелер мен ұйымдардың басшылары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері шақырылуы мүмкін. Кеңес мәжілістері тоқсанына бір рет өткізіледі. Қажет болған жағдайда кезектен тыс мәжіліс аудан әкімінің, кеңес төрағасының немесе оның елу пайыздан астам мүшелерінің бастамасы бойынша өткізілуі мүмкін.

10

10. Кеңес хатшысы мәжіліс өткізуді дайындауды қамтамасыз етеді, аудан әкімияты, мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамның ұсыныстары негізінде мәжілістің қарауына енгізілетін мәселелердің тізбесін қалыптастырады, хаттама жүргізеді, қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы есеп дайындайды.

11

11. Кеңестің әрбір мәжілісінің қорытындысы бойынша атқарушы органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелері үшін ұсыныс сипатындағы шешімдер қабылдайды. Жалпы міндетті мәні бар немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысы бар шешімдерді қабылдау қажет болған жағдайда Кеңес заңнамада белгіленген тәртіппен аудан әкімі бекітетін, облыстық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтуге және ресми жариялауға жататын нормативтік-құқықтық актінің жобасын әзірлейді.

12

12. Кеңес актілерінің әрекет етуі заңда белгіленген тәртіппен тоқтатылуы немесе күшін жоюы мүмкін.