Ақжайық ауданы аумағында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ережелерін бекіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
Ақжайық ауданы аумағында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001
жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару туралы", № 148-ІІ Заңының 6 бабына және 2001 жылғы 30 қаңтардағы
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы", № 155-ІІ Кодексінің 300, 387
баптарына сәйкес аудандық Мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ақжайық ауданы аумағында жасыл
желектерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру
ережелері бекітілсін (қосымша № 1).
Басқа 2
2003 жылғы 18 қарашадағы
Ақжайық аудандық Мәслихаттың
Кезектен тыс ІІ сесиясының
№ 2-3 шешіміне № 1 қосымша.
Ақжайық ауданы
аумағында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын
көріктендіру
ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Ақжайық ауданы аумағында жасыл желектерді күтіп ұстау мен
қорғау елді мекендердің аумақтарын көркейту ережелері Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы" №155-ІІ Кодексінің негізінде әзірленді.
Осы ережелер Ақжайық ауданы аумағында жасыл желектерді
күтіп ұстау мен қорғау елді мекендерді көріктендіру бағытында заңды
тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтардың жауапкершілігін арттыру
мақсатында, олардың міндеттерін белгілейді.
Тарау 2. 2. Жасыл желектерді
күтіп ұстау мен қорғау
2. Жасыл желектерді
күтіп ұстау мен қорғау
Тармақ 2.1
2.1. Ауданның мемлекеттік ұжымдық, қоғамдық және басқа да
кәсіпорындарды, ұйымдар мен мекемелер, лауазымды адамдар, тұрғындар жасыл
желектерді қорғау мен күтіп ұстау мақсатында мыналарды
орындауға міндетті:
Тармақша 1
1) қоршаған ортаның жағдайын жақсарту мен қорғауға, жасыл
желектерді қорғау шараларын жасауға;
Тармақша 2
2) өз аумағында жасыл желектендіруді ұйымдастыруға.
Тармақ 2.2
2.2. Аудан аумағында жасыл желектерді қорғау мақсатында
мыналар тиым салынады:
Тармақша 1
1) елді мекендердің айналасындағы, жол жиектердегі
ағаштар, көпжылдық өсімдіктер мен көріктік бұтақтарды Заңсыз кесу, бүлдіру мен
жоюға;
Тармақша 2
2) үй жануарларын парк, демалу аймақтарында жаю,
жоғарыдағы объектілердің ішіне, қоршауларына байлауға;
Тармақша 3
3) егілген жасыл желектер мен гүл алаңдарын бүлдіруге;
Тармақша 4
4) малды жасыл желек, ағаш егілген жерлерге бағуға,
таптауға.
Тарау 3. 3. Елді мекендер
аумағын көріктендіру
3. Елді мекендер
аумағын көріктендіру
Тармақ 3.1
3.1. Ауданның мемлекеттік ұжымдық, қоғамдық және басқа да
кәсіпорындары, ұйымдар мен мекемелері, лауазым иелері, тұрғын үйлердің
тұрғындары елді мекендерді көріктендіру мен қалыпты санитарлық жағдайда ұстау
мақсатында төмендегі талаптарды орындауға міндетті:
Тармақша 1
1) Құрылыс әлеуметтік тұрмыстық және мәдени объектілерді
тұрғын үй шарбақ-аулалар мен қоршауларды сәулеттік, санитарлық және өрттен
қорғау ережелеріне сәйкес ұстауға;
Тармақша 2
2) кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелердің атауларын жазып
маңдайшаларын дұрыс безендіруге;
Тармақша 3
3) кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелер, тұрғын үй иелері өз
мекендері орналасқан жердің аумағын көше жиегіне дейін санитарлық талапқа сай
тазалауға;
Тармақша 4
4) өздерінің аумағын көріктендіруді ұйымдастыруға;
Тармақша 5
5) әрбір жеке үй, пәтердің иесі өзінің үй-пәтерінің көше
жақ емес бетінде ауыл округі әкімшілігімен келіскен тұрмыстық қатты (тамақ
қалдықтарынан басқа) қалдықтар жинайтын алаңша жабдықтауға;
Тармақша 6
6) тұрғын үй-жайларды иелері бұзып алатын жағдайда
бұзылған үймен қосымша құрылыстардың орнын тазалап келтіруге.
Тармақ 3.2
3.2. Елді мекендерді көріктендіру мақсатында аудан
аумағында Заңды тұлғаларға, лауазымды адамдар мен азаматтарға төмендегіше тиым
салынады:
Тармақша 1
1) жергілікті атқару органдарының шешімінсіз өз бетімен
дүңгіршектер, шатыр, кіші спорт алаңдарын, жарнама құрылымын, газет және
хабарландыру қалқандарын салу мен аумақты қоршауға, аула шарбағынан тыс жерге
және бетіне құрылыс (дәретхана, құдық, т.б.) салуға;
Тармақша 2
2) адам жүретін жолдарға, көгалдарға, өзен жағасына,
бөгет жыраларға көн-қоқыс, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды тастауға, моншаның
лас суын өзенге, малға пайдаланатын суға төгуге;
Тармақша 3
3) қоқысты, көңді және басқа да өндірістік және тұрмыстық
қалдықтарды өз бетімен лақтырып шашуға;
Тармақша 4
4) жергілікті атқару органдарының рұқсатынсыз ғимараттар
мен тұрғын үй-жайларды бұзуға, жерді қопарып саман тас соғуға.
Тарау 4. 4. Жасыл желектерді ұстау мен қорғау елді мекендердің
аумақтарын көріктендіру ережелерін бұзғандығы үшін жауапкершілік
4. Жасыл желектерді ұстау мен қорғау елді мекендердің
аумақтарын көріктендіру ережелерін бұзғандығы үшін жауапкершілік
Тармақша 1
1) заңды тұлғалар, лауазымды адамдар және азаматтар осы
ережелердің талаптарын орындалмағаны үшін Қазақстан Республикасының
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155-ІІ
Кодексінің 300, 387-ші баптарына сәйкес жауапқа тартылады.
Тармақша 2
2) осы ереженің орындалуын қадағалау жергілікті атқару
органдарына Ақжайық ауданы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас
инспекторға, санитарлық қызметінің мамандарына және аудандық ішкі істер
бөлімдеріне жүктеледі.