О районном консультативном Совете по сотрудничеству и взаимодействию с неправительственными организациями Қолданыста
Басқа 0
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 17 наурыздағы N 253 қаулысын іске асыру мақсатында, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2003 жылдың 23 тамыздағы "Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі облыстық консультативтік Кеңес туралы" N 171 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес құрылысын (бұдан әрі - Кеңес), оның дербес құрамы аудандық мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 2
2. "Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы" Ереже бекітілсін (тіркеледі).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мұрат Ақболатұлы Молдабекке жүктелсін.
Басқа 4. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық
және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық
консультативтік Кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
Аудан әкімдігінің
2003 жылғы 31 қазандағы
N 153 қаулысымен
бекітілді
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық
және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық
консультативтік Кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Консультативтік-кеңесті орган - үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіріп отыру және оған қолдау көрсету мақсатында құрылады.
Тармақ 2
2. Кеңес қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері және осы Ереже құрайды.
Тармақ 3
3. Кеңестің төрағасы аудан әкімінің орынбасары болады. Аудандық Кеңестің құрамына аудан әкімі аппаратының, аудандық мемлекеттік органдарының және бөлімдерінің мамандары кіреді. Кеңестің дербес құрамы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихаттық сеcсиясында бекітіледі.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері
2. Кеңестің негізгі міндеттері
Тармақ 4
4. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кешенді саясатты қалыптастыру үшін басымдықтарды анықтау және ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 2
2) Үкіметтік емес ұйымдарға консультативтік, әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру техникалық қолдау көрсетудің кешенді жүйесін жасауға жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) Жергілікті атқарушы органдардың үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастығы және өзара іс-әрекеттестігі жүйесін жетілдіру;
Тармақша 4
4) Кеңестің құзыретіне кіретін өзекті мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстарын қарау, тиісті ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 5
5) Әлеуметтік маңызы бар жобаларды және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге және қарауға қатысу;
Тармақша 6
6) Үкіметтік емес ұйымдар қызметінің төркінін жан жақты көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста болу;
Тармақша 7
7) Үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысты азаматтардың өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау.
Тарау 3. 3. Кеңестің өкілеттілігі
3. Кеңестің өкілеттілігі
Тармақ 5
5. Кеңес өзінің құзыреті шеңберінде мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) Ауданның атқарушы органдарынан үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысты ақпараттар тыңдайды;
Тармақша 2
2) Ауданның атқарушы органдарынан үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысты ақпараттар сұратады;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерге үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы статистикалық талдау, әдістемелік және де басқа ақпараттық материалдарды жолдайды;
Тармақша 4
4) Кеңес азаматтардан түскен өтініштерді бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қараудың қорытындысы жөніндегі материалдарды осы мәселелер бойынша шешім алу үшін тиісті жергілікті атқарушы органдарға немесе лауазым иелеріне жібереді.
Тарау 4. 4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Кеңес Төрағадан, хатшыдан және Кеңес мүшелерінен құрылады.
Тармақ 7
7. Кеңестің төрағасы Кеңестің мәжілісін жүргізеді, Кеңестің хаттамаларына және басқа да құжаттарына қол қояды, мәжіліске енгізілетін мәселелерді айқындайды, басқа да ұйымдастыру басқарушылық міндеттерді орындайды.
Тармақ 8
8. Кеңестің мәжілісі тоқсан сайын өткізіледі. Кеңестің жұмыс жоспары Кеңес отырысында бекітіледі.
Тармақ 9
9. Кеңестің мүшелері қаралған мәселелерді талқылауға қатысуға, ұсыныстар түсіруге, ескертулер айтуға құқылы.
Тармақ 10
10. Кеңес мүшесінің өз өкілеттігін мәжіліске қатысу үшін басқа адамға беруге құқығы жоқ.
Тармақ 11
11. Кеңестің шешімі ұсыныстық сипатта болады.
Тармақ 12
12. Кеңестің шешімі мәжіліске қатысқан Кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс беру тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болады.
Тармақ 13
13. Кеңес жұмысын ұйымдық жағынан қамтамасыз етуді ұйымдастыру - кадр бөлімі жүзеге асырады.