О приеме и пребывании детей, содержащихся за счет средств районного бюджета, в государственном коммунальном казенном предприятии «Детский центр развития «Капелька» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Капелька» балалар даму орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында аудандық бюджет қаражаты есебінен күтілетін балаларды қабылдау және күту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 708 «Жалпы білім беретін және мектепке дейінгі білім ұйымдарының қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2000 жылғы 9 тамызда № 1216 болып тіркелді) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ереженің 2-бөліміне сәйкес, «Капелька» балалар даму орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында аудандық бюджет қаражаты есебінен күтілетін топтардағы балаларды қабылдау және күту тәртібін анықтау мақсатында Қостанай ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1-қосымшаға сәйкес «Капелька» балалар даму орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында аудандық бюджет қаражаты есебінен күтілетін топтардағы балаларды қабылдау және күту туралы азаматтардың арыздарын қарастыру жөнінде комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихаттың сессиясының бекітуіне енгізілсін.
Тармақ 3
3. «Капелька» балалар даму орталығы»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында аудандық бюджет қаражаты есебінен күтілетін топтардағы балаларды қабылдау және күту ережесі бекітілсін (2-қосымша).
Тармақ 4
4. «Капелька» балалар даму орталығы»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында жаз кезінде жұқпалы құрт ауруы анықталған, құрт ауыруының қатері азайып айығуға жақындаған түрлерімен балаларды қабылдау және күту ережесі бекітілсін (3-қосымша).
Тармақ 5
5. Осы қаулының іске асуына бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиновқа жүктелсін.
Басқа 6. «Капелька» балалар даму орталығы»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында аудандық бюджет қаражатынан күтілетін топтарға балаларды қабылдау және күту туралы арыздарды қарастыру жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімиятының 2003 жылғы 3 қарашадағы № 441 қаулысына 1-қосымша «Капелька» балалар даму орталығы»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында аудандық бюджет қаражатынан күтілетін топтарға балаларды қабылдау және күту туралы арыздарды қарастыру жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ Нұрғазинов Асан Қорғанбекұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Қалиев Асыл Аманжолұлы - «Қостанай аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі Комиссия мүшелері: Алехина Вера Ивановна - көп балалы отбасылар комитетінің төрағасы (келісім бойынша) Жүсіпов Мұқаш Ыбырайұлы - «Қостанай ауданының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Климовская Любовь Терентьевна - «Қостанай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Михайличенко Виктор Ильич - «Аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері (келісім бойынша) Ұсенова Жібек Топайқызы - «Қостанай аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы
Басқа 7. «Капелька» балалар даму орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында аудандық бюджеті қаражатынан күтілетін топтарға балаларды қабылдау және күту ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімиятының 2003 жылғы 3 қарашадағы № 441 қаулысына 2-қосымша «Капелька» балалар даму орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында аудандық бюджеті қаражатынан күтілетін топтарға балаларды қабылдау және күту ЕРЕЖЕСІ Осы Ереже «Капелька» балалар даму орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында аудандық бюджеті қаражатынан күтілетін топтарға балаларды қабылдау мен күту тәртібін анықтайды.
Тармақ 1
1. «Капелька» балалар даму орталығы»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынға балаларды анықтау туралы азаматтардың арыздарын қабылдап есептеуді «Қостанай аудандық білім бөлімі»мемлекеттік мекемесі» жүргізеді, мектепке дейінгі мекемесіне кіргізу үшін жолдамаларды ресімдеп беруді Қостанай ауданы әкімияты мен құрылған «Капелька» балалар даму орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында аудандық бюджет қаражатынан күтілетін топтарға балаларды қабылдау мен күту туралы арыздарды қарастыру жөніндегі комиссия іске асырады (әрі қарай комиссия).
Тармақ 2
2. Балаларды қабылдау комиссияның жолдамасы негізінде мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның директорымен жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Баланың өсуі тарихынан шығару, эпидемиологиялық қоршаған ортасы туралы санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің анықтамасы болса ғана комиссиямен жолдама беріледі.
Тармақ 4
4. Аудандық бюджет қаражатынан күтілетін топтарға балаларды қабылдағанда артықшылық болады:
Тармақша 1
1) көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары;
Тармақша 2
2) жетім-балалар;
Тармақша 3
3) тергеуде болған уақытын кіргізіп сот шешімімен бас бостандықтан айырылған, мәжбүрлеп емделуге бағытталған және балаларының тәрбиесі мен күтуден бас тартқан ата-аналар;
Тармақша 4
4) әлеуметтік қорғауда керектенетін оралман және жалғыз басты аналардың балалары.
Тармақ 5
5. Кәсіпорын мен ата-аналардың немесе оларды ауыстыратын адамдардың арасында шарт бойынша келісілген жағдайларда немесе оның мектепке дейінгі ұйымда болуға кедергі жасайтын баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық келісімі бойынша балаларды бюджеттік топтан шығарылуы 10 күн бұрын ескертіліп мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның директоры жүргізеді.
Тармақ 6
6. Тұрақты және уақытша мектепке дейінгі мекемесіне балалардыњ қабылдауы бос орындар болса ѓана жыл бойы жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Комиссия тоқсан сайын аудандық бюджет қаражатынан мектепке дейінгі мекемесінде күтілетін балалардың тізім құрамына салыстырма тексеріс өткізеді.
Тармақ 8
8. «Капелька» балалар даму орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның топтарында балалардың күтуіне төлем келісілген шартқа сәйкес жасалады.
Тармақ 9
9. «Капелька» балалар даму орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамамен бекітілген қажетті азық-түлік нормалары бойынша балаларға теңгерімді тамақтандыруды қамтамасыз етеді.
Басқа 21. «Капелька» балалар даму орталығы»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның санаторлық тобында жаз кезінен жұқпалы құрт ауруы анықталған, құрт ауруының қатері азайып айығуға жақындаған түрлерімен балаларды қабылдау және күту ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімиятының 2003 жылғы 3 қарашадағы № 441 қаулысына 3-қосымша «Капелька» балалар даму орталығы»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның санаторлық тобында жаз кезінен жұқпалы құрт ауруы анықталған, құрт ауруының қатері азайып айығуға жақындаған түрлерімен балаларды қабылдау және күту ЕРЕЖЕСІ Осы Ереже «Капелька» балалар даму орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның санаторлық тобында жаз кезінен жұқпалы құрт ауруы анықталған, құрт ауруының қатері азайып айығуға жақындаған түрлерімен балаларды қабылдау және күту тәртібін анықтайды.
Тармақ 1
1. Мектепке дейінгі мекеменің санаторлық тобына балаларды анықтау жөніндегі арыздарды қабылдап есептеуді Қостанай аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүргізеді, топқа кіргізу үшін жолдамаларды ресімдеп беруді Қостанай ауданы әкімиятымен құрылған «Капелька» балалар даму орталығы»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында аудандық бюджет қаражатынан күтілетін топтарға балаларды қабылдау мен күту туралы арыздарды қарастыру жөніндегі комиссия іске асырады (әрі қарай - комиссия).
Тармақ 2
2. Баланы санитарлық топқа кіргізуді комиссияның жолдамасы бойынша мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның директоры жүргізеді.
Тармақ 3
3. Баланың өсуі тарихынан шығару, эпидемиологиялық қоршаған ортасы санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің анықтамасы, «Орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның фтизиатрдың қорытындысы ғана болса комиссиямен жолдама беріледі.
Тармақ 4
4. Кәсіпорын мен ата-аналардың немесе оларды ауыстыратын адамдардың арасында шарт бойынша келісілген жағдайларда немесе оның мектепке дейінгі ұйымда болуға кедергі жасайтын баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындысы негізінде комиссияның келісімі бойынша балаларды санаторлық топтан шығарылуы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның директоры жүргізеді.
Тармақ 5
5. Тұрақты және уақытша санаторлық топқа балалардың қабылдауы бос орындар болса ғана жыл бойы жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның санаторлық тобында балалардың күтуіне төлем келісілген шартқа сәйкес жасалады.
Тармақ 7
7. Комиссия тоқсан сайын аудандық бюджет қаражатынан санаторлық топта күтілетін балалардың тізім құрамына салыстырма тексеріс өткізеді.
Тармақ 8
8. «Капелька» балалар даму орталығы»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамамен бекітілген қажетті азық-түлік нормалары бойынша балаларға теңгерімді тамақтандыруды қамтамасыз етеді.