О создании районного Совета социальной профилактики правонарушений Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын алудың Кеңесін құру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 мамырдағы № 12 хаттамалық шешіміне, облыс әкімдігінің "Облыстық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын алу Кеңесін құру туралы" 2003 жылғы 23 тамыздағы № 176 Қаулысы бойынша және құқық бұзушылықтың алдын алу, жұртшылықтың, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіріп отыру бойынша жұмысты жандандыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын алу Кеңесі құрылсын, оның дербес құрамы бекітуге аудандық мәслихатқа ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын алу Кеңесі туралы тіркелулі Ережесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В. К. Шохинаға жүктелсін.
Басқа 4. Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын-алу Кеңесі туралы Ереже
Аудан әкімідігінің 2003 ж. 10 қарашадағы № 324 қаулысымен бекітілген Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын-алу Кеңесі туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын-алу Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) құқық бұзушылықтың және қоғамға жат көріністердің алдын алу мәселелерінде мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру мақсатында құрылатын тұрақты жұмыс істейтін үйлестіруші орган болып саналады.
Тармақ 2
2. Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын алу Кеңесі қызметінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы, басқа да нормативтік актілер және осы Ереже болып табылады.
Тармақ 3
3. Кеңес өзінің қызметі бойынша жергілікті атқарушы орган алдында жауап береді Кеңес аудандық әкімдікке, жоғарғы Кеңеске есеп береді.
Тарау 2. 2. Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын алу Кеңесін құру және құрылымы
2. Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын алу Кеңесін құру және құрылымы
Тармақ 4
4. Кеңес аудан әкімдігінің қаулысымен құрылады. Кеңестің дербес құрамы аудан әкімінің шешімімен белгіленеді және аудандық мәслихатпен бекітіледі.
Тармақ 5
5. Кеңесті төраға аудан әкімінің орынбасары басқарады. Төрағаның орынбасары болып аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары саналады. Кеңес құрамына оның тұрақты мүшесі ретінде білім, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қаржылық, денсаулық сақтау, мәдениет, әділет бөлімдерінің басшылары, қоғамдық бірлестіктердің және діни конфессиялардың, аудандық әскери комиссариаттың өкілдері кіреді.
Тармақ 6
6. Кеңестің хатшысы аудан әкімі аппаратының тұрақты жұмыс істейтін штаттық лауазымы.
Тарау 3. 3. Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын алу Кеңесінің міндеттері
3. Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын алу Кеңесінің міндеттері
Тармақ 7
7. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар:
Тармақша 1
1) Құқық бұзушылықтың және қоғамға жат көріністердің алдын алуға қатысатын мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіріп отыру;
Тармақша 2
2) бас бостандығын айыру орындарынан, арнаулы емдеу- профилактикалық және оқу-тәрбие мекемелерінен оралған, тұрақты мекен-жайы, туысқандары және әлеуметтік байланыстары жоғалған адамдарды әлеуметті бейімделуі жөніндегі мүдделі органдардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) тұрғындар арасында құқық бұзушылықтың және қоғамға жат көріністердің алдын алуға бағытталған түсінік жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 4
4) қылмыстық, құқық бұзушылықтың алдын алу және құқық тәртібін нығайту мәселелері жөнінде жұртшылықпен және діни бірлестіктермен, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалармен бірлесіп әрекет ету.
Тарау 4. 4. Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын алу Кеңесінің құзыреті
4. Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын алу Кеңесінің құзыреті
Тармақ 8
8. Кеңестің құзыретіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылықтың маскүнемдіктің және ішімдікке салынушылықтың, нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алудың аудандық бағдарламасын әзірлеу және оның орындалуын ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар жайлы мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының есептерін тыңдау және бұзушылық пен қоғамға жат әрекеттердің жасалуына мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған шешімдер шығару;
Тармақша 3
3) салауатты өмір салтын, азаматтарды қорғауға бағытталған заңнамаларды насихаттау, олардың конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету, халыққа құқықтық тәрбие беру;
Тармақша 4
4) полицияның учаскелік пункттерінің қызметіне мониторинг пен бақылау ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) құқық бұзушылықтың және қоғамға жат көріністердің алдын алумен шұғылданатын органдар мен мекемелердің оңды іс-тәжірибесін жинақтау және тарату, оларға әдістемелік, ұйымдық және практикалық көмек көрсету;
Тармақша 6
6) қызметі құқық бұзушылықтың және қоғамға жат әрекеттердің алдын алумен байланысты қоғамдық ұйымдарға көмек көрсету.
Тарау 5. 5. Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын алу Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру
5. Аудандық құқық бұзушылықтың әлеуметтік тұрғыда алдын алу Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 9
9. Кеңес өзінің қызметін жыл сайынғы жоспар негізінде, мәжіліс нысаны ретінде жүзеге асырып отырады, оған қаралатын мәселеге байланысты құқық бұзушылықтың және қоғамға жат көріністердің алдын алуға қатысатын прокуратура мен мекемелердің, ұйымдардың басшылары, сондай қоғамдық бірлестіктердің өкілдері шақырылуы мүмкін. Әлеуметтік тұрғыда алдын алу Кеңесінің мәжілісі тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі. Қажет болған жағдайда аудан Әкімінің, Кеңес төрағасының немесе оның көптеген мүшелерінің талап етуі бойынша кезектен тыс мәжіліс өткізілуі мүмкін.
Тармақша 1
1) Кеңес хатшысы мәжілісті өткізуге әзірлікті қамтамасыз етеді, хаттама жүргізеді, қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы есептер әзірлейді.
Тармақша 2
2) Кеңес әр мәжілістің қорытындысы бойынша ұсыныстық сипаты бар шешім қабылдайды. Қажет болған жағдайда Кеңес жалпыға бірдей маңызы бар немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдер қабылдауға, нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге мүдделілік таныта алады.