О создании районного консультативного Совета по сотрудничеству и взаимодействию с неправительственными организациями Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңесті құру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 17 наурыздағы N 253 Қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын, дербес құрамы бекітуге аудандық мәслихатқа ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Кеңес туралы Ереже бекітілсін (тіркелулі).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В. К. Шохинаға жүктелсін.
Басқа 4. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Аудан әкімдігінің 2003 жылғы 10 қарашадағы N 323 Қаулысымен бекітілді Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) - консультативті-кеңесті орган үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіру және көмек көрсету мақсатында құрылады.
Тармақ 2
2. Кеңес қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық кесімдері, сонымен қатар осы Ереже құрайды.
Тармақ 3
3. Кеңес төрағасы аудан әкімі болып табылады. Аудандық Кеңес құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. Кеңестің дербес құрамы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат сессиясымен бекітіледі.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері
2. Кеңестің негізгі міндеттері
Тармақ 4
4. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша аумақтық кешенді саясатты қалыптастыру үшін ұсыныстар дайындау және басымдықтарды айқындау;
Тармақша 2
2) үкіметтік емес ұйымдарға консультативтік, әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық қолдаудың кешенді жүйесін жетілдіруде көмек көрсету;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жүйесін жетілдіру;
Тармақша 4
4) Кеңес құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың ұсынысын қарастыру, тиісті ұсыныстарды дайындау;
Тармақша 5
5) әлеуметтік маңызы бар жобаларды және бағдарламалық құжаттарды қарастыруға және дайындауға қатысу;
Тармақша 6
6) үкіметтік емес секторлардың мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді өткізуге көмек көрсету, ауданның үкіметтік емес ұйымдарының ақпараттық мәлімет базасын қалыптастыру;
Тармақша 7
7) үкіметтік емес ұйымдардың қызметінің жайын толық көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылы;
Тармақша 8
8) үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысы бар азаматтардың өтінішін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарын қарастыру;
Тармақша 9
9) үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне арналған семинар, кеңес, конференцияларға қатысу.
Тарау 3. 3. Кеңес өкілеттігі
3. Кеңес өкілеттігі
Тармақ 5
5. Кеңес өзінің құзыреті шегінде құқылы:
Тармақша 1
1) үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, ауданның атқарушы органдарының басшыларын өз мәжілістерінде тыңдауға;
Тармақша 2
2) ауданның атқарушы органдарында үкіметтік емес ұйымдарға қатысы бар ақпаратты сұрастыруға;
Тармақша 3
3) Кеңес мәжілісін дайындауға, бағдарламалық құжаттарды өңдеуге қатысу үшін беделді және кәсіби даярлығы бар жұртшылықтың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін штаттан тыс сарапшы ретінде қатыстыруға;
Тармақша 4
4) үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы статистикалық, аналитикалық, әдістемелік және басқа ақпараттық материалдарды мемлекеттік органдарға және қоғамдық бірлестіктерге жіберуге;
Тармақша 5
5) Кеңес азаматтардан түскен өтініштерді, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қараудың қорытындылары бойынша материалдарды істің мәнісі бойынша шешім қабылдау үшін тиісті жергілікті атқарушы органдарға немесе лауазымды тұлғаларға жібере алады.
Тарау 4. 4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Кеңес төрағадан, оның орынбасарларынан, хатшыдан және Кеңес мүшелерінен тұрады.
Тармақ 7
7. Кеңес төрағасы мәжілістерді өткізеді, басқа да ұйымдастыру- басқарушылық міндеттерді орындайды. Кеңес төрағасы болмаған кезде оның міндеттерін орынбасары орындайды.
Тармақ 8
8. Кеңес мәжілісі тоқсан сайын өткізіледі. Жұмыс жоспары Кеңес мәжілісінде бекітіледі.
Тармақ 9
9. Кеңес мүшелері қаралған мәселелерді талқылауға, ұсыныс, ескерту енгізуге құқылы.
Тармақ 10
10. Кеңес мүшелері өз өкілеттігін мәжіліске қатысу үшін басқа адамға беруге құқығы жоқ.
Тармақ 11
11. Кеңес шешімдері ұсыныстық сипатта болады.
Тармақ 12
12. Кеңес шешімді мәжілісте қатысып отырған Кеңес мүшелерінің санынан қарапайым дауыстың көпшілігімен қабылдайды. Дауыстың тепе-теңдігінде төрағалық етушінің дауысы шешуші болып саналады.
Тармақ 13
13. Кеңес жұмысын ұйымдық жағынан қамтамасыз етуді аудан әкімінің аппараты іске асырады.