Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Зайсанскому району Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зайсан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы №417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18883 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Тұрғын үй сертификатының мөлшері
Зайсан аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 27-18/1 шешіміне 1 қосымша Тұрғын үй сертификатының мөлшері
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;
Тармақ 2
2. Әлеуметтік қолдау ретінде қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде.
Басқа 6. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
Зайсан аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 27-18/1 шешіміне 2 қосымша Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
Тармақша 1
1) Мүгедектігі бар балалар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
Тармақша 2
2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
Тармақша 3
3) толық емес отбасылар;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану Қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 32546 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру және ветеринарияның салаларындағы бюджеттiк ұйымдарында еңбек қызметтерін жүзеге асыратын қажетті мамандар.