Об утверждении Положения о Министерстве экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы 📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.03.1999 № 347 қаулысымен. "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығының негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгi туралы ереже; Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлiгiнiң қарауындағы мекемелер мен ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 мамырдағы N 876 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Басқа 3. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 қарашадағы N 1622 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгi туралы ЕРЕЖЕ
Тарау i. I. Миссиясы
I. Миссиясы Қоғам мен қоршаған ортаның өзара қатынасын үйлестiру.
Тарау ii. II. Жалпы ережелер
II. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау орталық атқарушы органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Министрлiк өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Министрлiк пен оның аумақтық органдарының өздерiнiң құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi Қазақстан Республикасының барлық министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының, ұйымдарының, ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан жеке және заңды тұлғаларының атқаруы үшiн мiндеттi.
Тармақ 4
4. Министрлiк Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi беретiн өзiнiң және ведомстволық бағыныстағы бөлiмшелерiнiң иелiгiндегi мүлiктерге иелiк ету, пайдалану және билiк жасау құқығын жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Министрлiк заңды тұлға болып табылады, банкте бюджеттiк және ағымдағы шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттiк тiлде өзiнiң атауы жазылған мөрi болады.
Тармақ 6
6. Министрлiктiң орталық аппаратының құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Тармақ 7
7. Министрлiк пен оның құрылымдық бөлiмшелерiн ұстау республикалық бюджетте көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
Тарау iii. III. Басымдықтары
III. Басымдықтары Экологиялық қауiпсiз қоршаған ортаны құру. Табиғи ресурстары тепе-теңдiкте пайдалану. Жануарлар және өсiмдiктер әлемiнiң биологиялық алуан түрлiлiгiн сақтау. Экологиялық оқу-ағарту.
Тарау iv. IV. Тапсырмалары
IV. Тапсырмалары
Тармақ 8
8. Қоршаған ортаны тұрақты жақсартуды және табиғи ресурстарды тепе-теңдiкте пайдалануды қамтамасыз ету.
Тармақ 9
9. Қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғауды мемлекеттiк басқару жүйесiн оңтайландыру.
Тармақ 10
10. Барлық табиғатты пайдаланушылардың, қоғамдық, оның iшiнде халықаралық қорлардың табиғатты қорғау бағдарламаларын бiрдей қаржыландыру жүйесiн құру.
Тармақ 11
11. Қоршаған ортаның жай-күйiн бақылауды және мониторингiн қамтамасыз ету.
Тармақ 12
12. Экология және табиғи ресурстар саласында оқу-ағарту жүйесiн дамыту.
Тарау v. V. Функциялары
V. Функциялары
Тармақ 13
13. Республикалық табиғатты қорғау қорының қаражаты мен мемлекеттiк геологиялық зерделеу қаражатын пайдалану жөнiндегi жұмыстарға тапсырысшы болу.
Тармақ 14
14. Барлық шаруашылық жүргiзушi объектiлердiң қоршаған ортаны, оның iшiнде жер қойнауын қорғау жөнiндегi талаптарды сақтауына бақылау жүргiзу.
Тармақ 15
15. Қоршаған ортаны қорғау аясында мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу.
Тармақ 16
16. Қоршаған ортаның гидрометеорологиялық жағдайы мен экологиялық ахуалына мониторингтi жүзеге асыру.
Тармақ 17
17. Жер қойнауларындағы пайдалы қазбаларға сараптама жүргiзу және олардың қорларын бекiту.
Тармақ 18
18. Экологиялық және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласында оқу-ағарту жөнiнде ақпараттық-талдау жұмысын ұйымдастыру.
Тарау vi. VI. Құқықтары
VI. Құқықтары
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен республикалық табиғатты қорғау қорына басшылықты, табиғатты қорғаудың жергiлiктi бюджеттен тыс қорларының қызметi мен олардың мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру.
Тармақ 20
20. Олардың еңбегiне республикалық табиғатты қорғау қорының қаражатынан ақы төлеу арқылы кен орындарының қорларын бекiту кезiнде экологиялық сараптама жасау үшiн сарапшыларды тарту.
Тармақ 21
21. Атқарушы органдардан, сондай-ақ меншiк нысандарына қарамастан заңды және жеке тұлғалардан жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды өндiру және пайдалану мәселелерi жөнiнде қажеттi ақпарат алу.
Тармақ 22
22. Өз құзыретiнiң шегiнде табиғатты қорғау талаптарын бұзушыларды жауаптылыққа тарту жөнiнде шаралар қолдану, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы мәселелердi қарау, шаруашылық және өзге де қызметтердi шектеу, тоқтата тұру және тоқтату, табиғат қорғау заңдарында белгiленген талаптарды орындамаған объектiлердi пайдаланудан шығару, сондай-ақ талап-арыз ұсыну және табиғат қорғау заңдары талаптарының бұзылуы туралы iстер бойынша сот талқылауларында мемлекеттiң атынан талапкер ретiнде қатысу.
Тармақ 23
23. Қоршаған ортаны ластауға (оның iшiнде зиянды заттарды көмуге және қалдық суларды ағызуға, пайдалы қазбалар жұмыстары алаңдарының құрылысын салуға) қалдықтарды төгуге, орналастыруға рұқсат беру және оны тоқтату.
Тармақ 24
24. Қоршаған ортаны, экологияны және табиғи ресурстарды қорғау мәселелерi жөнiнде карталар, кiтаптар, журналдар, газеттер, ақпараттық бюллетеньдер, теле және бейне фильмдер және т.б. шығару.
Тармақ 25
25. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды, жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылауды, сондай-ақ жануарлар әлемiн (оның iшiнде балықтар мен басқа да су жануарларын) қорғауды мемлекеттiк бақылауды тiкелей жүзеге асыратын Министрлiк жүйесiнiң қызметкерлерiне республикалық табиғатты қорғау қоры мен мемлекеттiк геологиялық зерттеу және жер қойнауын қорғау қорының қаражатынан айырым белгiлерiмен және бiрыңғай үлгiдегi қызметтiк куәлiктермен бiрге техникалық құралдар, жеке қару және нысанды киiм-кешек беру.
Тарау vii. VII. Мiндеттерi
VII. Мiндеттерi
Тармақ 26
26. Елде экологиялық ахуалды нашарлататын кез келген қызмет пен iс-әрекетке жол бермеу.
Тармақ 27
27. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны, оның iшiнде жер қойнауын қорғау саласындағы заңдарын бұзушыларға бiрдей әсер ету шараларын қолдану.
Тармақ 28
28. Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдарының сақталуын қамтамасыз ету.
Тармақ 29
29. Қоршаған орта мен елдiң минералдық-шикiзат базасының жай-күйiн дұрыс бағалауды және оны Үкiметке хабарлап отыруды қамтамасыз ету.
Тармақ 30
30. Елдiң аумағын жоспарлы түрде геологиялық зерделеудi қамтамасыз ету.
Тармақ 31
31. Экологиялық ахуалды сақтау әрi жақсарту және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саясатын болжау.
Тармақ 32
32. Дүниежүзiндегi экологияға бөлiнетiн қаражаттарды тарту.
Тарау viii. VIII. Жауаптылығы
VIII. Жауаптылығы
Тармақ 33
33. Қоршаған ортаның жай-күйi, Қазақстан Республикасы бойынша гидрометеорологиялық деректер туралы ақпараттың дұрыстығы үшiн.
Тармақ 34
34. Елдiң аумағын мемлекеттiк геологиялық зерделеудiң толықтығы мен жер қойнауларындағы пайдалы қазбалардың бекiтiлген қорларының дұрыстығы үшiн.
Тармақ 35
35. Республикалық табиғатты қорғау қоры қаражатының және мемлекеттiк геологиялық зерттеуге бөлiнетiн қаражаттың ұтымды пайдаланылуы үшiн.
Тармақ 36
36. Қоршаған ортаны, оның iшiнде жер қойнауын қорғау саласындағы нақты сараптама үшiн.
Тармақ 37
37. Халықаралық экологиялық ұйымдардың бюджеттен тыс қаражаттарын елдi экологиялық сауықтыруға белсендi түрде тарту үшiн.
Тармақ 38
38. Халықты экология және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласында тиiмдi насихаттау және оқу-ағарту үшiн.
Тарау ix. IХ. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
IХ. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 39
39. Министрлiк пен оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлiгiнiң бiрыңғай жүйесiн құрайды.
Тармақ 40
40. Министрлiктi Министр басқарады. Министрдi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.
Тармақ 41
41. Министрдiң оның өзiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын орынбасары - вице-министрi болады.
Тармақ 42
42. Министрлiктiң құрамына: Геология және жер қойнауын қорғау комитетi, Қоршаған ортаны қорғау комитетi және Басқару және қаржы департаментi кiредi. 📌 Ескерту. 42-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.04.22. N 382 қаулысымен. Ескерту. 42-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.07.22. N 680 қаулысымен.
Тармақ 43
43. Комитеттер Министрлiктiң құзыретiнiң және өздерiне берiлген өкiлеттiктердiң шегiнде атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi және мемлекеттiк басқарудың iшкi салаларына басшылықты дербес жүзеге асырады.
Тармақ 44
44. Комитеттер туралы ережелердi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Комитеттердiң штаттық саны мен құрылымын Министр бекiтедi.
Тармақ 45
45. Комитеттi Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Төраға басқарады.
Тармақ 46
46. Комитеттiң төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады әрi оған басшылықты жүзеге асырады және комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады.
Тарау x. Х. Министрдiң өкiлеттiгi
Х. Министрдiң өкiлеттiгi
Тармақ 47
47. Министрлiк қызметiнiң стратегиясын, мақсаттары және басымдықтарын айқындау.
Тармақ 48
48. Қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу бағдарламаларын бекiту.
Тармақ 49
49. Қоршаған ортаны қорғау және геологиялық зерттеу салаларында халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасасу.
Тармақ 50
50. Экология және табиғи ресурстар саласындағы насихат жұмысы.
Тармақ 51
51. Министрлiк пен оның аумақтық басқармаларының штат кестесiн бекiту.
Тармақ 52
52. Министрлiктiң құрамында комитеттердiң, департаменттердiң, басқармалардың басшыларын, сондай-ақ Министрлiктiң құрамындағы аумақтық басқармалардың басшыларын, Министрлiктiң аумақтық органдарының басшыларын қызметке тағайындау және босату.
Тармақ 53
53. Бас экологиялық сарапшыны, бас экологиялық инспекторды тағайындау.
Тармақ 54
54. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
Тармақ 55
55. Министрлiктiң жанынан шешiмi Министрдiң бұйрықтарымен өмiрге енгiзiлетiн консультациялық-кеңесушi орган - алқа құрылады. Алқаның сандық құрамын Үкiмет бекiтедi. Алқаның жеке құрамын Министр бекiтедi.
Тармақ 56
56. Жер қойнауын, қоршаған ортаны қорғаудың және табиғи ресурстарды пайдаланудың өзектi мәселелерiн қарау мақсатында Министрлiк ғылыми-техникалық кеңес, мемлекеттiк экологиялық сараптау кеңесiн, басқа да кеңестер мен жұмыс топтарын құрады. Кеңестер туралы ережелер мен олардың жеке құрамын Министр бекiтедi.
Тармақ 57
57. Вице-министр ол болмаған уақытта Министрдi алмастырады, өзiне Министр жүктеген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.
Басқа 71. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың ТIЗБЕСI
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 қарашадағы N 1622 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың ТIЗБЕСI "Қазгидромет" мемлекеттiк кәсiпорны "Қазақстан Республикасының геология, экология және табиғи ресурстар ақпараттық-талдау" орталығы мемлекеттiк кәсiпорны Мамандандырылған гравиметрикалық кәсiпорын 📌 Ескерту. Тiзбеден сөз алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.12.28. N 1338 қаулысымен.