О внесении дополнений в Закон Республики Казахстан "О специальных экономических зонах в Республике Казахстан" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгiзу туралы
"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 1996 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 179-құжат; N 14, 274-құжат; 1998 ж., N 24, 443-құжат; 1999 ж., N 6, 191-құжат; 2001 ж., N 15-16, 224-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) 3-бап "жүйесiне енуiн жандандыру," деген сөздерден кейiн "жаңа технологиялардың бiр немесе бiрнеше сапаларын дамыту," деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) 5-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгi "атқарушы органдардың" деген сөздерден кейiн "немесе аумағында арнайы экономикалық аймақ құрылатын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергілiкті өкiлдi және атқарушы органдарымен келiсе отырып жасалған тиiстi орталық атқарушы органның" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 3
3) 7-бап мынадай мазмұндағы екiнші бөлiкпен толықтырылсын:
"Арнайы экономикалық аймақ орталық атқарушы органның ұсынысы бойынша құрылған жағдайда арнайы экономикалық аймақты басқаруды Қазақстан Республикасының Yкiметі белгiлейтiн орталық атқарушы орган жүзеге асырады.".