Об утверждении перечня измерений, относящихся к государственному регулированию Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін бекіту туралы
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-3-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелері
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрінің
2022 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 345 және
Қазақстан Республикасының Сауда
және интеграция министрінің
2022 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 509-НҚ бірлескен
бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелері
№
Объектісі мен қолдану саласы көрсетілген өлшем атауы
Метрологиялық талаптар
Ескертпе
Өлшемдер ауқымы
Шекті рұқсат етілген қателігі немесе дәлдік тобы
1
2
3
4
5
Өнеркәсіптік кауіпсіздік саласында
Қысыммен жұмыс істейтін, ыдыстардың жұмыс аумағының температурасын өлшеу (қазан барабаны, резервуар, сыйымдылық)
1.
- ауаның
(0 – 100)°С
Дәлдік тобы 2,5
2.
- судың
(0 – 115)°С
3.
- будың
(115 – 650)°С
4.
- газдың
(- 200 – 0)°С
Қысыммен жұмыс істейтін, ыдыстардың жұмыс аумағының температурасын өлшеу (құбыр)
5.
- судың
(0 – 115)°С
Дәлдік тобы 2,5
6.
- будың
115 – 650) °С
Қысыммен жұмыс істейтін, ыдыстардың жұмыс аумағының қысымын өлшеу (қазан барабаны, резервуар, сыйымдылық))
7.
- ауаның
0 МПа (кгс/см2) – 2,5 МПа (25 кгс/см2)
Дәлдік тобы 2,5 төмен емес
8.
- судың
2,5-нан артық 14 Мпа-ға дейін (25-тен артық 140 кгс/см2 дейін)
Дәлдік тобы 1,5 төмен емес
9.
- будың
14 Мпа-дан артық (140 кгс/см2)
Дәлдік тобы 1,0 төмен емес
10.
- газдың
(0 – 120) МПа
Дәлдік тобы төмен емес: 1) 2,5 – ыдыстың жұмыс қысымда 2,5 МПа дейін (25 кгс/см2); 2) 1,5- ыдыстың жұмыс қысымда 2,5 Мпа жоғары (25 кгс/см2)
11.
Құбырдың жұмыс ортаның қысымын өлшеу (су, бу)
0 МПа (кгс/см2) – 2,5МПа (25 кгс/см2)
Дәлдік тобы 2,5 төмен емес
2,5-нан артық 14 Мпа-ға дейін (25-тен артық 140 кгс/см2 дейін)
Дәлдік тобы 1,5 төмен емес
14 Мпа-дан артық (140 кгс/см2)
Дәлдік тобы 1,0 төмен емес
12.
Қара, түсті, бағалы металдарды және осы металдар негізіндегі қорытпаларды балқыту кезіндегі температураны өлшеу
(0 – 2500) °С
± 2 °С
Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың рұқсат етілген шоғырлануын өлшеу
13.
Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың жаппай шоғырлануын өлшеу
0,5 РЕШ деңгейінде ілеспе компоненттердің қатысуымен зиянды заттардың шоғырлануын іріктеп өлшеу қамтамасыз етілуі тиіс
± 25% бір өлшеумен (бір рет іріктеуден кейін)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 168 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11036 тіркелген)
Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауасының гигиеналық нормативтеріне сәйкес зиянды заттар тізбесі.
Ескертпе:
мм – миллиметр;
см – сантиметр;
м – метр;
г – грамм;
МПа – мегапаскаль;
кгс/см2 – квадрат сантиметрге килограмм-күш;
°С – Цельсий градусы;
РЕШ – рұқсат етілген шоғырлану;
% - пайыз.