Об утверждении Правил согласования кандидатур на должности руководящих работников юридических лиц, претендующих на получение лицензии или обладающих лицензиями для осуществления деятельности на рынке ценных бумаг Күшін жойған
Басқа 0
Бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидатураларды келісу ережесін бекіту туралы
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидатураларды келісу ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының барлық мүдделі бөлімшелеріне, "Активтерді Басқарушылар Қауымдастығы" Қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан Тізілім ұстаушылар Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларына жіберсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Басқа 8. Бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидатураларды келісу ережесі
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Бағалы қағаздар рыногында
қызметті жүзеге асыру үшін
лицензия алуға үміткер
немесе лицензиялары бар
заңды тұлғалардың басшы
қызметкерлері лауазымдарына
кандидатураларды келісу
ережесін бекіту туралы"
2003 жылғы 27 қазандағы
N 378 қаулысымен бекітілген
Бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидатураларды келісу ережесі
Осы Ереже "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес жасалынды және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті (бұдан әрі - өтініш беруші (лицензиат)) қоспағанда, Бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидатураларды келісу тәртібін белгілейді.
Тармақ 1
1. Өтініш беруші (лицензиат) басшы қызметкердің кандидатурасын келісу үшін бағалы қағаздар рыногын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) еркін нысанда жасалынған және өтініш берушінің (лицензиаттың) басшысы (оның орынбасары) қол қойған басшы қызметкердің кандидатурасын келісу туралы өтінішті;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің (лицензиаттың) уәкілетті органының басшы қызметкерді сайлау (тағайындау) туралы шешімінің көшірмесін;
Тармақша 3
3) басшы қызметкердің лауазымына кандидаттың жеке куәлігінің (паспортының) көшірмесін;
Тармақша 4
4) кандидатқа жұмыс беруші соңғы ұйымның мөрімен және бірінші басшысының не оның орынбасарының қолымен куәландырылған басшы қызметкердің лауазымына кандидаттың тігілген және беті нөмірленген еңбек кітапшасының көшірмелерін және еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
Тармақша 5
5) басшы қызметкердің лауазымына кандидаттың жоғары білімі туралы дипломының нотариат куәландырған көшірмесін (жоғары білімін растайтын өзге де құжаттар);
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының басшы қызметкер лауазымына кандидаттың соттылығының болмауы немесе одан соттылықты алып тастағандығы туралы анықтамасын береді.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган осы Ереженің 1-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап отыз күн ішінде қарауы тиіс.
Тармақ 3
3. Осы Ереженің 1-тармағында белгіленген құжаттардың толық пакетін бермеген және (немесе) кандидаттың Заңның 54-бабының 2-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, уәкілетті орган осы Ереженің 2-тармағында белгіленген мерзімде басшы қызметкердің лауазымына кандидатураларды келісуге өтініш беруге (лицензиатқа) жазбаша бас тарту хатын жібереді.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган өтініш берушілердің (лицензиаттардың) кандидатуралары келісілген басшы қызметкерлерінің тізілімін жүргізеді.
Тармақ 5
5. Осы қаулымен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешілуі тиіс.