Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Житикаринскому району Күшін жойған
Басқа 0
Жітіқара ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жітіқара ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Жітіқара ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
Мәслихаттың
2022 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 248
шешіміне
қосымша
Жітіқара ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
Атауы
Есептік бірлік
Теңге
(қосылған құн салығысыз)
Жайлы үйлер
1 тұрғын айына
402,82
Жайлы емес үйлер
1 тұрғын айына
419,60
Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф
1 м3
4 028,15