Об утверждении Порядка предоставления информации номинальным держателем Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нақтылы ұстаушының ақпарат беру тәртібін бекіту туралы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Нақтылы ұстаушы мен клиент арасында жасалған нақтылы ұстау туралы шартқа сәйкес нақтылы ұстаушыға өздері туралы мәліметтерді ашу құқығын бермеген клиенттер туралы мәліметтерді қоспағанда тіркеушінің және орталық депозитарийдің талап етуі бойынша қырық сегіз сағат ішінде нақтылы ұстаушының оның нақтылы ұстаушының оның нақтылы ұстауында бағалы қағаздары бар клиенттер туралы мәліметтерді ұсынатыны белгіленсін.
Тармақ 2
2. Нақтылы ұстаушы тіркеушінің және орталық депозитарийдің талабын алған күнге, егер аталған талапта өзге күн көрсетілмесе, клиенттер туралы мәліметтер бар ақпаратты жасайды.
Тармақ 3
3. Нақтылы ұстаушы тіркеушінің және орталық депозитариймен келісім бойынша қағазға басылған немесе электрондық тасымалдағышта клиенттер туралы ақпарат ұсынады.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Қазақтан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақтан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақтан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақтан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, сауда-саттық ұйымдастырушыларға, өзін-өзі реттейтін ұйымдарға, орталық депозитарийге, "Қазақтан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Тармақ 6
6. Қазақтан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы Қазақтан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақтан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақтан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.