О проведении идентификации сельскохозяйственных животных на территории Мангистауской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы көлемінде ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру туралы Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңы және Ауыл шаруашылығы Министрінің "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру туралы" № 164 2 сәуір 2003 жылғы бұйрығы негізінде, ШЕШЕМІН :
Тармақ 1
1. Облыс көлеміндегі барлық селолық округтердегі ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (Сейбағытов.Д.) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Маңғыстау облыстық аумақтық басқармасы (Берішбаев.С. келісім бойынша) аудан, қала әкімдерімен бірлесіп халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі аудандық аумақтық басқармаларымен бірігіп, (келісім бойынша): - меншік нысанына қарамастан малдарды бірдейлендіру жұмысын өз аумақтарында талапқа сай ұйымдастырсын; - село, кенттерге тиісті нөмірлер беріп, әр малға паспорт шығартып, бірдейлендіру белгілерімен қамтамасыз етіп, село әкімі, статистика маманы, малдәрігерлік инспекторларды, мал иелерін және қоғамдық жұмысқа қатынасушыларды жұмысқа тартсын; - бірдейлендірудің қорытындысын компьютерлік ақпарға кіргізсін.
Тармақ 4
4. Облыстық статистика басқармасына (Иванова Г.В. келісім бойынша) малдардың дұрыс есебін жүргізуді бақылау және есепке алу міндеттелсін.
Тармақ 5
5. Облыстық ішкі істер басқармасына (Шахманов С.Г.) малдардың тасымалы кезінде тиісті құжаттарын қатаң талап ету тапсырылсын.
Тармақ 6
6. Аталған шара 2004 жылдың бірінші жарты жылдығында аяқталсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалысын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С. Керелбаевқа жүктелсін.