Об утверждении Правил оценки потребностей лица с инвалидностью согласно классификатору технических вспомогательных (компенсаторных) средств, специальных средств передвижения и услуг, предоставляемых лицам с инвалидностью Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші
(орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес
мүгедектігі бар адамның қажеттіліктерін бағалау
қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектігі бар адамның қажеттіліктерін бағалау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші
(орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектігі бар адамның қажеттіліктерін бағалау
қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
202 жылғы « » .
№ қаулысымен
бекітілген
Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші
(орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектігі бар адамның қажеттіліктерін бағалау
қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектігі бар адамның қажеттіліктерін бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және мүгедектігі бар адамның техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын (бұдан әрі – оңалту құралдары), санаторий-курорттық емдеуді жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының көрсететін қызметтерін (бұдан әрі – оңалту қызметтерін көрсету) қажет етуін бағалау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) арнаулы жүріп-тұру құралдары (бұдан әрі – кресло-арбалар) – мүгедектігі бар адамдардың белсенді және баяу жүріп-тұруына арналған техникалық көмек түрі;
Тармақша 2
2) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) – мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеп (белгілемей), куәландырылатын адамның организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларын қажет етуін айқындау;
Тармақша 3
3) медициналық және психологиялық-педагогикалық диагностика – әртүрлі кемшіліктерді анықтау және емдеудің, оқыту мен тәрбиелеудің барабар жағдайларын айқындау үшін балалардың психофизикалық дамуын кешенді пәнаралық бағалау;
Тармақша 4
4) медициналық куәландыру – жеке тұлғаны онда аурудың болу немесе болмау фактісін анықтау немесе растау, денсаулық жағдайын айқындау мақсатында зерттеп-қарау;
Тармақша 5
5) мультипәндік топ – пациент организмінің функциялары мен құрылымдарының бұзылу сипатына, оның клиникалық жай-күйінің ауырлығына байланысты қалыптастырылатын әртүрлі мамандар тобы;
Тармақша 6
6) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) – мүгедектігі бар адамды оңалтуды жүргізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;
Тармақша 7
7) міндетті гигиеналық құралдар – табиғи физиологиялық мұқтаждықтарды және қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған құралдар;
Тармақша 8
8) мүгедектігі бар адамның оңалту әлеуеті – медициналық, психологиялық және әлеуметтік факторларды талдау негізінде адамның организмінің бұзылған функциялары мен қабілеттерін қалпына келтірудің нақты мүмкіндіктерінің көрсеткіші;
Тармақша 9
9) оңалту болжамы – оңалту әлеуетін іске асырудың болжамды ықтималдығы және мүгедектігі бар адамның қоғамға интеграциялануының болжамды деңгейі;
Тармақша 10
10) оңалту-сараптамалық диагностика – оңалту әлеуетін, оңалту болжамын бағалау;
Тармақша 11
11) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі – ПМПК) – балаларды зерттеп-қарауды және оларға консультация беруді, ерекше білім беру қажеттіліктерін және білім алу үшін арнаулы жағдайларды бағалауды, білім беру бағдарламасын айқындауды жүзеге асыратын, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға жолдайтын білім беру ұйымы;
Тармақша 12
12) протездік-ортопедиялық көмек – мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету және оларды пайдалануға үйрету жөніндегі медициналық-техникалық көмектің мамандандырылған түрі;
Тармақша 13
13) протездік-ортопедиялық құралдар – кем аяқ-қолды немесе дененің басқа да бөліктерін алмастыратын, аурудың немесе денсаулыққа зақым келудің салдарынан организмнің бұзылған немесе жоғалған функцияларының орнын толтыратын құралдар;
Тармақша 14
14) санаторий-курорттық емдеу – адамдардың санаторий-курорттық ұйымда уақытша болуы жағдайларында жүргізілетін медициналық оңалту түрі;
Тармақша 15
15) сурдотехникалық құралдар – есту қабілетінің бұзылуын түзеуге және оның орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, оның ішінде дыбысты күшейтетін байланыс және ақпарат беру құралдары;
Тармақша 16
16) техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар – протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдар және міндетті гигиеналық құралдар;
Тармақша 17
17) тифлотехникалық құралдар – мүгедектігі бар адамдардың көру қабілетінің бұзылуы салдарынан жоғалтқан мүмкіндіктерін түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар;
Тармақша 18
18) тыныс-тіршіліктің шектелуі – адамның өзін-өзі қарап-күту, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқу және еңбекпен айналысу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінapa айырылуы;
Тармақша 19
19) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Тарау 2. 2-тарау. Мүгедектігі бар адамның оңалту құралдарын және көрсетілетін қызметтерін қажет етуін бағалауды жүргізу тәртібі
2-тарау. Мүгедектігі бар адамның оңалту құралдарын және көрсетілетін қызметтерін қажет етуін бағалауды жүргізу тәртібі
Тармақ 3
3. Мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына (бұдан әрі – сыныптауыш) сәйкес мүгедектігі бар адамның қажеттіліктерін бағалау «Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10370 болып тіркелген) (бұдан әрі – бұйрық) сәйкес медициналық, медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, мүгедектігі бар адамның құжаттарын қарау, оны қарап-тексеру (жүгінген кезде), организм функцияларының бұзылу және тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесін, оңалту болжамы мен әлеуетін айқындау жолымен жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Сыныптауышқа сәйкес мүгедектігі бар адамның оңалту құралдарын және көрсетілетін қызметтерін қажет етуін бағалауды:
медициналық ұйымдарда емдеуші дәрігер және (немесе) мультипәндік топ Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес тыныс-тіршілігінің шектелуіне әкелетін организм функциялары тұрақты бұзылған және пациентті МӘС-ке жіберген кезде, сондай-ақ санаторий-курорттық емдеу алдында санаторий-курорттық картаны толтыру кезінде;
мүмкіндіктері шектеулі балаларды диагностикалау және психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру кезінде ПМПК мамандары;
ОЖБ әзірлеу үшін оңалту-сараптамалық диагностика және МӘС жүргізу кезінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің МӘС бөлімдерінің (бұдан әрі – МӘС бөлімдері) мамандары жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Мүгедектігі бар адамның қажеттіліктеріне жүргізілген бағалау негізінде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген тұлғалар сыныптауышқа сәйкес оңалту құралдарына және көрсетілетін қызметтеріне ұсынымдар қалыптастырылады, олар ОЖБ-да көрсетіледі.
Мүгедектігі бар балалардың оңалту құралдарын және көрсетілетін қызметтерін қажет етуін бағалау кезінде олардың психофизикалық және психо-сөйлеудегі даму деңгейі және ПМПК ұсынымдары ескеріледі.
Тармақ 6
6. Мүгедектігі бар адамның оңалту құралдары мен көрсетілетін қызметтерін қажет етуі оның қажеттіліктеріне сәйкес тұрмыстық, қоғамдық, кәсіптік қызметті орындаудағы жоғалтқан қабілеттерін қалпына келтіру немесе орнын толтыру мүмкіндігі, сондай-ақ оларды пайдалануының нақты мүмкіндіктері ескеріле отырып бағаланады.
Тармақ 7
7. Мүгедектігі бар адамның протездік-ортопедиялық құралдарды және протездік-ортопедиялық көмекті қажет етуін айқындау кезінде:
Тармақша 1
1) қолының құрылымы мен функциялары, оның ішінде қолының ұшын пайдалануы;
Тармақша 2
2) аяқтарының құрылымы мен функциялары, оның ішінде жүруінің, қысқа қашықтыққа жүруінің, тұрғын үй шегінде жүріп-тұруының шектелу дәрежесі;
Тармақша 3
3) қарапайым және күрделі еркін қозғалыстарын, тұру және жүру кезіндегі тепе-теңдігін бақылау;
Тармақша 4
4) омыртқаның статодинамикалық функциялары;
Тармақша 5
5) статикалық-кинетикалық функциялар;
Тармақша 6
6) анатомиялық кемістіктері;
Тармақша 7
7) көру функциялары;
Тармақша 8
8) зияткерлік функциялары;
Тармақша 9
9) сана, бағдарлану функциялары және жаһандық психоәлеуметтік функциялар;
Тармақша 10
10) жүрек-қантамыр жүйесінің, тыныс алу жүйесінің, несеп-жыныс жүйесінің функциялары және зат алмасуының бұзылуы;
Тармақша 11
11) антропометриялық деректер бағаланады.
Тармақ 8
8. Мүгедектігі бар адамның сурдотехникалық құралдарды қажет етуін айқындау кезінде:
Тармақша 1
1) зияткерлік функциялары;
Тармақша 2
2) жас және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, базалық жазу және оқу дағдылары;
Тармақша 3
3) көру функциялары;
Тармақша 4
4) құлақ протезіне көрсеткіштер, оны жүргізу және тиімділігі;
Тармақша 5
5) кохлеарлық имплантация операциясын жүргізу және оның тиімділігі бағаланады.
Тармақ 9
9. Мүгедектігі бар адамдардың тифлотехникалық құралдарды қажет етуін айқындау кезінде:
Тармақша 1
1) зияткерлік функциялары;
Тармақша 2
2) сана, бағдарлану функциялары және жаһандық психоәлеуметтік функциялар;
Тармақша 3
3) жазу және оқу дағдылары, оның ішінде Брайль бойынша;
Тармақша 4
4) есту функциясы;
Тармақша 5
5) қолының құрылымы мен функциялары, оның ішінде қолының ұшын пайдалануы, қол саусақтарын сезінуі және дәл қозғалыстарды жүзеге асыруы;
Тармақша 6
6) аяғының құрылымы мен функциялары;
Тармақша 7
7) вестибулярлық функциялар;
Тармақша 8
8) көмірсу алмасуының функциялары;
Тармақша 9
9) артериялық қысым функциялары;
Тармақша 10
10) көзге қабысатын құрылымдардың функциялары бағаланады.
Тармақ 10
10. Жүріп-тұру функцияларының бұзылуы абсолютті және (немесе) ауыр болған жағдайда мүгедектігі бар адамның арнаулы жүріп-тұру құралдарын және міндетті гигиеналық құралдарды (санитариялық жарақтандырылған кресло-орындық, дәретхана бөлмелеріне арналған қайырмалы тіреуіш тұтқалар, ванна бөлмелеріне арналған тұтқалар) қажет етуін айқындау кезінде мыналар бағаланады:
Тармақша 1
1) омыртқа осіне (отырған күйде) жүктеме патологиялық процестің өршуіне әкелетін аурулар мен жарақаттардың, сондай-ақ олардың салдарының болуы;
Тармақша 2
2) өздігінен жүріп-тұру қабілетінің шектелу дәрежесі;
Тармақша 3
3) зияткерлік функциялар және мотивация функциялары;
Тармақша 4
4) қолының функциялары және бұлшық ет тонусы;
Тармақша 5
5) жақсы көретін көздің көру функциясы;
Тармақша 6
6) отырғандағы қалпын және тепе-теңдікті, еркін және еріксіз қозғалыс функцияларын бақылау;
Тармақша 7
7) ақыл-есі бұзылатын эпилептикалық (құрысу) ұстамалардың болуы;
Тармақша 8
8) есту функциялары;
Тармақша 9
9) тұрғын үйді жобалауға, салуға және қоршаған ортаны жайластыруға байланысты кедергілер (кресло-арбаны пайдалану үшін қоршаған ортаның қолжетімділігі);
Тармақша 10
10) ұзақ қашықтықты еңсеру мақсатында иінтіректі жетегі бар кресло-арбаны пайдалану саласындағы пациенттің тәжірибесі;
Тармақша 11
11) тыныс-тіршіліктің белсенді салаларындағы өмір салты: білім, жұмыс, демалыс және бос уақыт;
Тармақша 12
12) физиологиялық параметрлер:
бөксенің шетінен тізенің ішке бүгілетін жеріне дейінгі аралық;
жамбас буындарының сүйек доғалары арасындағы аралық;
өкшеден бүгілген жамбас деңгейіне дейінгі аралық (артқы жағы бойынша);
орындықтың бетінен арқалығы биіктігінің талап етілетін деңгейіне дейінгі аралық;
орындық бетінен 90 градус бұрышпен бүгілген шынтаққа дейінгі аралық;
антропометриялық деректер (салмақ, бел және жамбас көлемі).
Тармақ 11
11. Ауруларға және (немесе) жарақаттардың салдарына байланысты зәрді және/немесе нәжісті ұстамау типі бойынша жамбас органдарының функциялары бұзылған кезде мүгедектігі бар адамның міндетті гигиеналық құралдарды (несеп қабылдағыш, уроқабылдағыш, нәжіс қабылдағыш, жөргек, сіңіргіш жайма (жаялық), катетер, стоманың айналасындағы теріні қорғау мен тегістеуге арналған герметик-паста, стоманың айналасындағы теріні қорғау мен күтуге арналған қорғаныш крем, стома айналасындағы теріні қорғауға мен күтуге арналған сіңіргіш ұнтақ (опа), иісті бейтараптандырғыш, стома айналасындағы немесе санның ортасындағы теріні күтуге және өңдеуге арналған тазартқыш) қажет етуін айқындау кезінде:
Тармақша 1
1) зәр шығару және дефекация функцияларының бұзылу дәрежесі;
Тармақша 2
2) сана, бағдарлану функциялары, жаһандық психоәлеуметтік функциялар;
Тармақша 3
3) өздігінен қозғалу қабілеті;
Тармақша 4
4) нейробұлшық ет, скелеттік және қозғалысқа байланысты функциялар (қозғалыс шектеулері), ішкі ағзалардың функциялары (соматикалық аурулар);
Тармақша 5
5) стомалар кезінде – салу нысаны мен орны;
Тармақша 6
6) стома айналасындағы тері;
Тармақша 7
7) қуықтың өздігінен босау қабілеті;
Тармақша 8
8) антропометриялық деректер (салмағы, бел және жамбас көлемі) бағаланады.
Тармақ 12
12. Мүгедектігі бар адамның санаторий-курорттық емделуді қажет етуін бағалау кезінде пациенттің денсаулық жағдайын бағалау, объективті жай-күйін, алдыңғы емдеудің (амбулаториялық, стационарлық) нәтижелерін, зертханалық, функционалдық, рентгенологиялық және басқа да зерттеулердің деректерін талдау негізінде айқындалатын санаторий-курорттық емдеуге медициналық көрсетілімдердің, оған қарсы көрсетілімдердің бар-жоғы ескеріледі.
Санаторий-курорттық ұйымның бейінін таңдау мәселесін шешу кезінде пациентке санаторий-курорттық емдеу ұсынылған аурудан басқа ілеспе аурулардың бар-жоғы, курортқа бару шарттары, климаттық-географиялық жағдайлардың қарама-қайшылығы, табиғи емдік факторлардың ерекшеліктері және емдеудің басқа да жағдайлары ескеріледі.
Тармақ 13
13. Мүгедектігі бар адамның жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін қажет етуін бағалау кезінде организм функцияларының бұзылуы мен өздігінен жүріп-тұруының шектелуінің айқын көрінуі, жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін ұсынуға бұйрықпен бекітілген медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер ескеріледі.
Тармақ 14
14. Мүгедектігі бар адамның ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін қажет етуін бағалау кезінде есту және сөйлеу функциялары бұзылуының айқын көрінуі, ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтерін ұсынуға бұйрықпен бекітілген медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер, сондай-ақ ымдау тілін меңгеру дағдылары ескеріледі.
________________________________