Нашақорлықпен және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссияның Ережесін бекіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
Нашақорлықпен және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық
комиссияның Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жыл 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"Заңының 31 бабына сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Нашақорлықпен және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссияның Ережесі бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Зұлхашевқа жүктелсін.
Басқа 3
Аудандық әкімияттың
2003 жылғы 26 тамыздағы 62
қаулысына 1 қосымша
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - комиссия) - қолданыстағы заңдармен аудан әкіміне берілген өкілеттіліктерді пайдаланып, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қоғамдық бірлестіктердің нашақорлықпен және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған қызметтерін үйлестіретін кеңесші-консультативтік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін Конституцияға, қолданыстағы заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы N 394 Жарлығымен бекітілген нашақорлықпен және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған Стратегиясына және осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комиссия аудан аумағында міндетті күші бар, қаралатын мәселелердің сипаты мен мазмұнына қарай, өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша қорытындылар береді, Комиссияның хаттамасымен немесе аудандық әкімият қаулысымен рәсімделетін ұсыныстар әзірлейді.
Тармақ 4
4. Комиссия - аудан әкімінің орынбасары болып табылатын төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссия мүшелері болып лауазымына сәйкес аудандық ішкі істер бөлімінің, аудандық салық комитетінің, денсаулық
сақтау бөлімінің және т.б. тиісті құрылымдардың басшылары бола алады. Комиссия мүшелері басқа лауазым иелері, азаматтар және қоғамдық ұйымдар өкілдері де болуы мүмкін.
Тарау 2. 2. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
2. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Комиссияның сандық құрамы және оның сандық құрылымын аудан әкімі бекітеді.
Тармақ 2
2. Комиссия жұмысы алқалық және жариялылық жағдайда жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Комиссия өзінің жұмысын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің қызметтерімен Ережеде көрсетілген негізгі міндеттердің мазмұнына, міндеттеріне және нашақорлықпен, есірткі бизнесіне қарсы күрес бағдарламасында көрсетілген шаралардың негізгі тізбелеріне сәйкес үйлестіріп отырады.
Тармақ 4
4. Комиссия өзінің кезекті мәселелерін тоқсанына бір рет өткізеді. Кезектен тыс мәжілістер аудан әкімінің, комиссия төрағасының немесе комиссияның жалпы санының жартысынан
көбінің бастамасымен шақырылады.
Тармақ 5
5. Комиссияның төрағасы:
Тармақша 1
1) комиссияның қызметін басқарады және қамтамасыз етеді, комиссия мүшелері, мемлекеттік органдар, ұйымдардың лауазым иелері және қоғамдық бірлестіктер орындауға міндетті шешімдер қабылдайды және нұсқаулар береді;
Тармақша 2
2) комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа да органдармен, қоғамдық ұйымдармен, азаматтармен қарым-қатынас жүргізеді;
Тармақша 3
3) комиссияның қызметі үшін есеп береді.
Тармақ 6
6. Комиссия мүшелері:
Тармақша 1
1) комиссияның құзыретіне жататын мәселелерді қарағанда дауыс құқығы бар;
Тармақша 2
2) комиссияның қабылдаған шешімдерімен келіспеген жағдайда, аудан әкімінің қатеріне ауызша немесе жазбаша түрде берілетін өзінің ерекше көзқарасын айтуға құқылы;
Тармақша 3
3) комиссия төрағасының тапсырмаларын орындауға міндетті.
Тарау 3. 3. Негізгі мақсаттары мен функциялары
3. Негізгі мақсаттары мен функциялары
Тармақ 1
1. Комиссия:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихат бекітуге нашақорлықпен, есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық бағдарламаны әзірлейді және аудан әкіміне жолдайды;
Тармақша 2
2) нашақорлықпен, есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық бағдарламаның дұрыс және уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) аудан аумағында есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың деңгейін, құрылымын, жағдайын талдайды және есірткіге қарсы күрес саясатының, соның ішінде есірткі және психотроптық заттарды теріс пайдалануды азайтумен байланысты саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) есірткі және психотроптық заттармен байланысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралардың кешенді жүйесін әзірлеу, ұйымдастыру және жүзеге асыруға қатысады;
Тармақша 5
5) есірткі және психотроптық заттардың заңсыз жасалуын, таратылуын және қолданылуын анықтауға, болдырмауға және жолын кесуге бағытталған құқық қорғау органдармен бірге алдын-алу шараларын жүзеге асыруды ұйымдастырады, сонымен қатар жергілікті жерлерде денсаулық сақтау органдарында есепке алынған нашақорлыққа шалдыққан адамдарды ақтау мәселелерін шешуге ат салысады;
Тармақша 6
6) есірткіге қарсы идеологияны, тұрғындар арасында, бірінші кезекте жасөспірім мен жастар арасында, салауатты өмір салтын насихаттау жүйесін жасақтау және жүзеге асыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен, денсаулық сақтау, мәдениет органдарымен, білім
мекемелерімен мәдениет және имандылық-адамгершілік қағидаларын қалыптастыру саласында жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктермен өзара әрекет етеді.
Тармақ 2
2. Комиссия құқылы:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдардан және ұйымдардан, лауазым иелерінен және қоғамдық бірлестіктерден Стратегияның жүзеге асырылу барысы туралы хабарлама сұратуға;
Тармақша 2
2) аудандық әкімият қарауына нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласындағы өте көкейкесті және үлкен қоғамдық пікір туғызған мәселелерді ұсынуға;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің баяндамаларын және есебін тыңдауға.
Тармақ 3
3. Комиссия міндетті:
Тармақша 1
1) өзі қызметін үйлестіретін мемлекеттік органдардың қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өздерінің құзыретіне кіретін функцияларын жүзеге асыру кезіндегі қызметінің дербестігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) аудандық әкімияттың алдында комиссияның жұмысы, аудандағы есірткіге қатысты қалыптасқан жағдай жөнінде және оны жақсарту шаралары жөнінде есеп беруге.