Об установлении публичного сервитута на земельные участки Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 1135, № 1136, № 1137, № 1138, № 1139, № 1140 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Рудныйсоколовстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне инженерлік коммуникацияларды жүргізу және пайдалану үшін қауымдық сервитуттар белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. «Рудныйсоколовстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Әкімдіктің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 27 қаулысына қосымша «Рудныйсоколовстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Тармақша 1
1) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы, № 162 үй мекенжайында электрмен жабдықтау инженерлік коммуникацияларын жүргізу және пайдалану үшін, жалпы алаңы 0,0756 гектар;
Тармақша 2
2) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы, № 162 үй мекенжайында су құбыры инженерлік коммуникацияларын жүргізу және пайдалану үшін, жалпы алаңы 0,1153 гектар;
Тармақша 3
3) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы, № 162 үй мекенжайында газ құбыры инженерлік коммуникацияларын жүргізу және пайдалану үшін, жалпы алаңы 0,0180 гектар;
Тармақша 4
4) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы, № 162 үй мекенжайында кәріз инженерлік коммуникацияларын жүргізу және пайдалану үшін, жалпы алаңы 0,1065 гектар;
Тармақша 5
5) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы, № 162 үй мекенжайында телефонмен жабдықтау инженерлік коммуникацияларын жүргізу және пайдалану үшін, жалпы алаңы 0,0241 гектар;
Тармақша 6
6) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы, № 162 үй мекенжайында жылу желісі инженерлік коммуникацияларын жүргізу және пайдалану үшін, жалпы алаңы 0,0192 гектар.