Об образовании комиссии по вопросам малого и среднего бизнеса Күшін жойған
Басқа 0
Шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 тамыздағы № 883 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан шағын және орта бизнес
мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» қаулысының 3-тармағына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімияты КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі
комиссия туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Заңдарда белгіленген тәртіп бойынша шағын және орта бизнес
мәселелері жөніндегі комиссияның арнайы құрамы Қостанай облысы
мәслихатының сессиясына бекітуге ұсынылсын.
Басқа 4. Шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2003 жылғы 21 қарашадағы
№ 260 шешіміне
қосымша
Шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) Қостанай облысы әкімінің жанындағы консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнес саласындағы қызметті реттейтін өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Републикасынын Заңын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуына
жәрдемдесу;
Тармақша 2
2) тиісті мемлекеттік органдар үшін салык ауыртпалығын азайту мәселелері жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 3
3) меншікті және активтерді жария ету мәселелері жөнінде ұсыныстар
енгізу;
Тармақша 4
4) несие ресурстарына қол жеткізуді жеңілдету жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөнінде ұсынымдар даярлау;
Тармақша 5
5) әкімшілік рәсімдер мен рұқсаттарды оңайлату мәселелері жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;
Тармақша 6
6) шағын және орта бизнесті қолдау аймақтық орталықтарын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 7
7) ауылда шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының аймақтық және жергілікті органдары үшін шағын және орта бизнес мәселелері жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 9
9) кәсіпкерлердің коғамдық ұйымдарынын сындарлы бастамаларын қолдау, әрбір кәсіпкердің экономикалык дамыған мемлекетті құрудағы және республика азаматтарының әл-ауқатын арттырудағы белсенді өміршең ұстанымын насихаттау;
Тармақша 10
10) шағын және орта бизнесті қолдау мен қорғау жөніндегі мақсатты бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге, үйлестіруге және іске асыруға жәрдемдесу.
Тармақ 4
4. Комиссияның оған жүктелген міндеттерге сәйкес негізгі функциялары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) шағын және орта бизнесті дамыту мен колдаудың аймақтык және салалық бағдарламаларын әзірлеуге, үйлестіру мен іске асыруды қамтамасыз етуге қатысу;
Тармақша 2
2) аймақтардың өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге бағытталған бағдарламаларды іске асыруға шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерін, олардың бірлестіктерін, одақтары мен қауымдастықтарын тарта отырып, оларды әзірлеуге қатысу;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіппен шағын және орта бизнестің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын бастамашылықпен даярлауды және сараптауды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) Қостанай облысы әкімиятінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын даярлау мен шағын және орта кәсіпорындарға, кәсіпкерлердің одақтарына, бірлестіктеріне, қауымдастықтарына ұйымдастыру, қаржылық, материалдық-техникалық көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен шағын және орта бизнес өкілдерін тарту;
Тармақша 5
5) шағын және орта бизнестің салалық, кәсіптік және аумақтық одақтарымен, қауымдастықтарымен және бірлестіктерімен, басқа да кәсіпкерлік құрылымдармен өзара бірлесе іс-қимыл жасасу;
Тармақша 6
6) шағын және орта бизнес саласында келісілген шешімдер шығару үшін үәкілетті мемлекеттік органмен, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдауды
жүзеге асыратын басқа да мемлекеттік органдармен тұрақты өзара бірлескен іс- қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) тиісті мемлекеттік органдар, кәсіпкерлердің коғамдык ұйымдары
өкілдерінің, сондай-ақ кәсіпкерлердің өздерінің қатысуымен тақырыптык отырыстар өткізу;
Тармақша 8
8) заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпкерлердің мүдделерін білдіру және заңды құқықтарын қорғау;
Тармақша 9
9) заңнамада белгіленген тәртіппен комиссияда жұмыс жасау үшін ғалымдардың, беделді кәсіпкерлердің, басқару органдары өкілдерінің және басқа да мамандардың ішінен сарапшылар мен консультанттарды тарту;
Тармақша 10
10) белгіленген тәртіппен орталық және жергілікті атқарушы органдардан қажетті ақпараттық, талдау, анықтамалық-статистикалық материалдарды, сондай-ақ ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерді алу;
Тармақша 11
11) шағын және орта бизнесті дамытуға кедергі жасайтын проблемаларды зерделеу үшін кызығушылық білдіретін мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлердін қоғамдық ұйымдардың және сол кәсіпкерлердін санынан арнайы қоғамдық топтар құру.
Тарау 3. 3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Комиссияны төраға - Қостанай облысы әкімінің орынбасары басқарады. Комиссия төрағасының болмаған жағдайында оның функциясын төрағаның орынбасары атқарады.
Тармақ 6
6. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қостанай облысының экономика және сауда департаментіне жүктеледі.
Тармақ 7
7. Комиссияның жұмысшы органы:
Тармақша 1
1) комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады;
Тармақша 2
2) комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;
Тармақша 3
3) комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.
Тармақ 8
8. Комиссияның отырыстарында карау үшін мәселелер тізбесі қажеттігіне қарай жасалады және оны төраға бекітеді.
Тармақ 9
9. Бекітілген тізбе комиссия мүшелеріне тізім бойынша таратылады.
Тармақ 10
10. Комиссия отырыстарының нәтижелері бойынша хаттама жасалады, оған төраға қол қояды. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен жай көпшілік дауыспен қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
Тармақ 11
11. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.
Тармақ 12
12. Комиссия мүшелері ерекше пікір білдіруге құқылы, ол білдірілген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуға және комиссия отырысының хаттамасына
қоса берілуге тиіс.
Тармақ 13
13. Комиссияның отырыстары қажеттігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен сирек емес жүргізіледі және оларды төраға шақырады. Шұғыл шешім қабылдау қажет жағдайларда, төрағаның шақыруымен комиссияның кезектен тыс отырысы өткізілуі мүмкін.
Тармақ 14
14. Төрағаның шақыруы бойынша комиссияның отырыстарында сондай-ак мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары және басқа да лауазымды тұлғалары, өтініштері каралатын кәсіпкерлер мен олардын қоғамдык ұйымдарының өкілдері қатысуы мүмкін.