Об утверждении Инструкции о порядке списания имущества, закрепленного за государственными коммунальными предприятиями и государственными учреждениями Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығару тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27 - бабына сәйкес Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығару тәртібі туралы
нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.А. Құламбаевқа жүктелсін.
Басқа 3. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығару тәртібі туралы
нұсқаулық
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімиятының
2003 жылғы 27 қарашадағы № 264
қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығару тәртібі туралы
нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Осы Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығару тәртібі туралы нұсқаулық (бұдан әрі — Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық айналымнан айырылған мүлікті қоспағанда, дүлей апаттар мен авариялардың нәтижесінде жарамсыздыққа ұшыраған Қостанай облысының мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығару тәртібін анықтайды.
Нұсқаулық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің негізгі құрал-жабдықтарына (активтеріне) жататын мүлікке таратылады.
Тарау 2. 2. Нұсқаулықта пайдаланатын ұғымдар
2. Нұсқаулықта пайдаланатын ұғымдар
Тармақ 1
1. Осы нұсқаулықта келесі ұғымдар пайдаланылады:
Кәсіпорын - Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген
тәртіпте Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарымен құрылған шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы коммуналдық кәсіпорын;
Мекеме - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарымен құрылған, егер заңнамамен басқа жағдай белгіленбесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме;
Департамент - Қостанай облысының мемлекеттік коммуналдық мүлігін иеленуге, пайдалануға және басшылық жасауға уәкілетті мемлекеттік органы.
Мемлекеттік басқару органы - меншік иесімен уәкілетті, Кәсіпорынмен және (немесе) Мекемемен басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Тарау 3. 3. Ереженің мақсаттары
3. Ереженің мақсаттары
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулықтың мақсаты мемлекеттік мүлікті баскару тиімділігін арттыру болып табылады.
Тарау 4. 4. Мүлікті есептен шығару тәртібі
4. Мүлікті есептен шығару тәртібі
Тармақ 3
3. Кәсіпорынның және Мекеменің мүлігін есептен шығаруы кәсіпорын және Мекеме басшысы бұйрығымен құрылатын Комиссия тұжырымының негізінде жүзеге асырылады.
Кәсіпорында құрылатын Комиссияның құрамына міндетті түрде:
Кәсіпорынның бас инженері немесе басшының орынбасары (Комиссия төрағасы);
бас бухгалтер немесе оның орынбасары (Комиссия мүшесі);
мүліктің сақталуына жауапкершілік жүктелген тұлғалар (Комиссия мүшелері) енгізіледі.
Мекемеде құрылатын Комиссияның қүұрамына міндетті түрде:
Мекеме басшысының орынбасары (Комиссия төрағасы);
бас бухгалтер немесе оның орынбасары, штат кестесі бойынша бас бухгалтер лауазымы болмаған жағдайда — бухгалтерлік есеп жүргізу жүктелген тұлға (Комиссия мүшесі);
мүліктің сақталуына жауапкершілік жүктелген тұлғалар (Комиссия мүшелері) енгізіледі.
Мүліктің жекелеген түрлерін есептен шығаруда Комиссия құрамына тиісті мамандар (сарапшылар) енгізіледі.
Тармақ 4
4. Табиғи және сапалы тозудың салдарынан, қызметінің белгіленген мерзімдері өтелгеннен кейін, дүлей апаттар мен авариялардың нәтижесінде өндірістік мәнін толығымен жоғалтқан, егер оны қалпына келтіру экономикалық жағынан орынсыз немесе мүмкін емес болган мүлік Кәсіпорынның және Мекеменің балансынан шығарылады.
Тармақ 5
5. Кәсіпорындардың мүлкін есептен шығару келесі түрде өткізіледі:
100 пайыз тозғанда мүлікті есептен шығару туралы шешім
Кәсіпорынмен дербес қабылданылады. Бұл жағдайда Кәсіпорын бір апталық мерзімде мүліктің шығуын өндіру туралы Департаментті ескертеді;
100 пайыздан кем мүліктің тозу кезінде оның есептен шығарылуы мемлекеттік басқару органымен және Департаментпен келісу бойынша жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Мекеменің мүлігін есептен шығару Мемлекеттік басқару органымен және Департаментпен келісу бойынша жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Комиссия техникалық құжаттаманы, сонымен қатар бухгалтерлік есеп мәліметтерін қолдана отырып, есептен шығаруға жататын мүлікті тексеріп қарайды және оның қайта қалпына келтіру және одан әрі қолдануға жарамсыздығын анықтайды, осы Нұсқаулықтың 4 тармағында көрсетілген есепке шығарулыдың себептерін айқындайды, есепке арылып отырған мүліктің жекелеген түйіндері, бөлшектері, материалдарын қолдану мүмкіндігін анықтайды, оларды бағалайды, мүліктің мерзімінен бұрын қоданыстан шығарылуына айыпты болған тұлғаларды анықтайды және акт жасайды. Комиссияның қызметі арнайы білімдерді қажет еткен жағдайда, оның құрамына тиісті мамандарды (сарапшыларды) енгізеді.
Департаменттен рұқсат алуға дейін мүлікті ажырату мен бөлшектеуге рұксат етілмейді.
Мүлікті жоюдан алынған барлық бөлшек, торап, қосалқы бөлшек, материал және өзге материалдық құндылықтар (бұдан әрі - материалдар) үш топқа бөлінеді:
Тармақша 1
1) бірінші топ - тікелей қызметі бойынша олардың болжамалы пайдалануының бағасы бойынша бухгалтерлік есептің тиісті шоттар кірісіне алынуға міндетті одан әрі қолдануға жарамды материалдар.
Тармақша 2
2) екінші топ - қайталама шикізат ретінде (қара, түсті және асыл металдар, көнерген материал, отын және т.б.) кіріске алынатын тікелей қызметі бойынша одан әрі қолдануға жарамсыз материалдар.
Тармақша 3
3) үшінші топ — одан әрі қолдануға жарамсыз материалдар. Осы топтың материалдары жойылуға жатады, бүл туралы акт жасалады.
Тармақ 8
8. Кәсіпорындар мен мекемелердің мүлкін осы Нұсқаулықтың 4 тармағында көрсетілген себептердің салдарынан есептен шығару белгіленген формалардың (ОС-3, ОС-3 бюджет, ОС-4, 443, 444) актілерімен үш данада ресімделеді.
Тармақ 9
9. Комиссиямен үш данада жасалған Кәсіпорындар мен Мекемелердің мүлкін есептен шығару актілері келесі құжаттардың тізімімен мемлекеттік басқару органдарына келісуге жіберіледі:
комиссия хаттамасы;
авария жағдайында — тиісті лауазымды тұлға жасаған және бекіткен оқиға актісінің көшірмесі.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік басқару органымен келісілген жағдайда көрсетілген құжаттар жазбаша рұқсат алу үшін Департаментке жіберіледі. Актінің, комиссия хаттамасы және (немесе) уақиға акті көшірмесінің бір данасы Департаментте қалады, ал қалған екеуі Кәсіпорын немес Мекемеге беріледі.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік басқару органымен келісілмеген немесе Департамент рұқсат беруден бас тартқан жағдайда дәлелденуімен құжаттардың пакеті Кәсіпорын немесе Мекемеге қайтарылады.
Тарау 5. 5. Қорытынды ережелер
5. Қорытынды ережелер
Тармақ 12
12. Осы Нұсқаулықты бұзған жағдайда бұған айыпты тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленгендей жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 13
13. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес шешіледі.