О введении в Республике Казахстан моратория на смертную казнь Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы
Республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
Мемлекеттің қылмыстық саясатын одан әрі ізгілендіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабының 1-тармағына және 40-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында өлім жазасын толық жою туралы мәселе шешілгенге дейін оны орындауға мораторий енгізілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі он күн мерзімде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне осы Жарлықтың 1-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруды, оның ішінде 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза туралы қағидаларын қолданысқа енгізуді қамтамасыз ететін заң жобасын енгізсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қылмыстық жазалау шаралары ретінде өлім жазасын көздейтін, күшіне енген сот үкімдерінің заңдылығын және негізділігін тексерсін.
Тармақ 4
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.