Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по области Ұлытау Күшін жойған
Басқа 0
Ұлытау облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабының 2-тармағының 17-10) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелген) бұйрығының 2-тармағына сәйкес Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлытау облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бірінші орынбасарына жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ұлытау облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидалары
Ұлытау облысы әкімдігінің
2023 жылғы «16» қаңтардағы
№ 44/01 қаулысына қосымша
Ұлытау облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидалары Ұлытау облысы бойынша (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 39) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры – облыс аумағында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған азық-түлiк тауарларының жедел қоры;
Тармақша 2
2) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту – азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды өткізу немесе жаңа сақталу мерзімімен немесе келесі жылдың жаңа егінінен дәл сондай көлемдегі азық-түлік тауарларын кейін жеткізе отырып, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды қайтару;
Тармақша 3
3) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру – сатып алу интервенциялары, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын орналастыру және сақтау;
Тармақша 4
4) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалану – тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу;
Тармақша 5
5) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары – тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін, олардың есебінен адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарлары;
Тармақша 5-1
5-1) ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші – ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;ө
Тармақша 6
6) мамандандырылған ұйым – «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы»;
Тармақша 7
7) сатып алу интервенциялары – облыс аумағында, бағалар төмендеген кезде, Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай енгізілгенде, мамандандырылған ұйымның азық-түлік тауарларын сатып алу жөніндегі іс-шаралар;
Тармақша 8
8) тауар интервенциялары – бағалар өскен кезде ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларынан ішкі нарықта азық-түлік тауарларын өткізу жөніндегі іс-шаралар;
Тармақша 8-1
8-1) тіркелген баға – өндіруге, сақтауға, табиғи кемуге (кебуге), межелі орынға дейін жеткізуге кеткен шығындарды, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнының 10 (оң) пайызынан аспайтын маржалық табысты ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасы;
Тармақша 8-2
8-2) форвард – сатып алушы (немесе сатушы) болашақта келісілген шарттармен базалық активті сатып алудың (немесе сатудың) белгілі бір мерзімі өткеннен кейін өзіне міндеттеме алатын туынды қаржы құралы;
Тармақша 9
9) шекті сауда үстемесі – ішкі сауда субъектілерінің түпкілікті тұтынушыларға азық-түлік таурларын өткізу кезінде бағаны айқындау үшін қалыптастырылатын сауда үстемесі.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына сәйкес іске асырылады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің тиімді және уақтылы қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында Ұлытау облысы әкімінің өкімімен Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады және оның құрамы бекітіледі.
Тармақ 5
5. Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Комиссияның төрағасы болып табылады, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармаларының, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері Комиссия мүшелері болып табылады. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Комиссияның сандық құрамы тақ болуы және кемінде тоғыз адамнан тұруы тиіс. Бұл ретте комиссия мүшелерінің үштен екісі жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болуы тиіс. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
Тармақ 7
7. Комиссияның құзыретіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Ұлытау облысы аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шешім қабылдау;
Тармақша 2
2) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын құру және пайдалану тетігін іске асыру мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін анықтау;
Тармақша 3
3) осы Қағидаларға сәйкес қарыз беруге кәсіпкерлік субъектісін анықтау;
Тармақша 4
4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін анықтау бойынша мамандандырылған ұйымның ұсыныстарын қарау.
Тармақ 8
8. Комиссияның құрылуы мен жұмысын ұйымдастыруды «Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Басқарма) қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін әкімдік әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарт жасасу жолымен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.
Тармақ 9-1
9-1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі үш жылдық кезеңге Басқарма мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорының заттай және ақшалай мәндегі өтпелі активтері туралы міндеттемелері көрсетілген қосымша келісім жасасады.
Тұрақтандыру қоры таратылған жағдайда, мамандандырылған ұйым азық-түлік тауарларын сатып алу үшін пайдаланылған бюджет қаражатының жергілікті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Егер, мамандандырылған ұйымның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өткізу сатып алу бағасынан төмен баға бойынша жүзеге асырылса, онда соманың қайтарылуы сатып алу және өткізу бағаларының айырмасын шегере отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 9-2
9-2. Мамандырылған ұйымның тұрақтандыру қорын пайдалану кезінде туындаған үстеме, коммуналдық және басқа да шығыстары жыл сайын азық-түлік тауарларының белгіленген және нарықтық бағаларының айырмасы есебінен жабылады.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандырылған ұйымдардың (бұдан әрі – мамандырылған ұйым) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тармақ 11
11. Басқарма Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне:
Тармақша 1
1) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20 – күніне дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің іске асырылу барысы туралы ақпаратты;
Тармақша 2
2) көкөніс өнімдерінің форвардтық шарттары шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыруға бір ай қалғанда алдын ала төлем сомасын, өткізу нүктелерін және (немесе) сауда объектілерін көрсете отырып, жеткізу графигін көрсете отырып, сатып алынатын көкөніс өнімдерінің көлемі туралы ақпаратты;
Тармақша 3
3) форвардтық шарттар шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді түпкілікті қаржыландырғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде өткізу нүктелерін және (немесе) сауда объектілерін көрсете отырып, сатып алынған көкөніс өнімдерінің көлемі, жеткізу графиктері туралы ақпаратты береді.
Тарау 2. 2-тарау. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру бойынша тетіктерді іске асыру тәртібі
2-тарау. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру бойынша тетіктерді іске асыру тәртібі
Тармақ 12
12. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында Басқарма әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырудың:
Тармақша 1
1) тұрақтандыру қорларының қызметі;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тетіктерін іске асырады.
Тармақ 12-1
12-1. Басқарма бөлетін, оның ішінде бұдан бұрын азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға бөлінген қаражат әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қаржыландыру көзі болып табылады.
Тармақ 12-2
12-2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде көкөніс өнімдерін өндіру үшін ауылшартауарынөндірушілерді қаржыландыру кезінде тіркелген бағаны белгілей отырып, форвард қолданылады.
Көкөніс өнімдерін өндіру үшін ауылшартауарынөндірушілерді қаржыландыру форвардтық шарттың жалпы сомасының 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде алдын ала төлем және көкөніс өнімін жеткізгеннен кейін түпкілікті есеп айырысу шарттарында жүзеге асырылады
Тармақ 12-3
12-3. Форвардтық шарттар шеңберінде сатып алынатын көкөніс өнімінің көлемі Комиссия шешіміне сәйкес өңірлік сұраныс негізінде облыс (қалалық немесе жалпы) халқының үш айлық қажеттілігінің 50 пайызына дейін қалыптастырылады.
Тармақ 12-4
12-4. Мамандандырылған ұйым ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді форвардтық шарттар шеңберінде:
2023 жылғы 10 қаңтарға дейін 2023 жылы ерте шығатын көкөніс өнімдерін өндіру және 2023 жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін;
2023 жылғы 1 ақпанға дейін 2023 жылғы күзгі түсімнің көкөніс өнімдерін өндіру және 2024 жылдың қысқы-көктемгі кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін;
2023 жылғы 1 тамызға дейін 2024 жылы ерте шығатын көкөніс өнімдерін өндіру және 2024 жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін;
2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін 2024 жылғы күзгі түсімнің көкөніс өнімдерін өндіру және 2025 жылдың қысқы-көктемгі кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін қаржыландыруды жүзеге асырады.
2024 жылдан бастап және одан кейінгі жылдары ауылшартауарынөндірушілерді көкөніс өнімдерін өндіру үшін қаржыландыру мынадай мерзімдерде жүзеге асырылады:
ағымдағы қаржы жылының 1 тамызына дейін келесі жылдың қысқы-көктемгі кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін;
ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегіне дейін келесі жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде халықты өніммен қамтамасыз ету үшін.
Тармақ 12-5
12-5. Мамандандырылған ұйым көкөніс өнімдерін сатуды бастағанға дейін ауылшартауарынөндірушілерде немесе басқа қоймаларда сақтауды жүзеге асырады. Сақтау шығындарын есептеу жергілікті атқарушы органдардың өңірдегі сақтаудың ұқсас түрлеріндегі сақтаудың орташа құны туралы деректері негізінде жүргізіледі.
Тармақ 12-6
12-6. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде көкөніс өнімдерін жеткізу мамандандырылған ұйым облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп маусымаралық кезеңде (қысқы-көктемгі кезең: ақпан, наурыз, сәуір; көктемгі-жазғы кезең: мамыр, маусым, шілде) қалыптастыратын график негізінде не ішкі нарықа реттеушілік әсер ету қажет болған жағдайда басқа кезеңдерде жүзеге асырылады.
Тармақ 12-7
12-7. Мамандандырылған ұйымдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп форвардтық шарт жасалған сәттен бастап көкөніс өнімдерін өндіру циклінің барлық кезеңдерінде егістікке бара отырып, ауылшартауарынөндірушілердің қызметіне мониторингті жүзеге асырады.
Тармақ 12-8
12-8. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктері шеңберінде сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 және 19-баптарына сәйкес сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 1. 1 - параграф. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорлары қызметінің тәртібі
1 - параграф. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорлары қызметінің тәртібі
Тармақ 13
13. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларының қызметі өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі тетікті іске асыру мақсатында Комиссия сұраныс пен ұсыныстың өңірлік балансының (өндіріс көлемі, азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, запастардың болуы), егіс алаңдары (жоспарлы), егіннің болжамды шығымы, өткен күнтізбелік жыл ішінде қалыптасқан бағалар туралы мәліметтердің, сондай-ақ өзге де мәліметтер негізінде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін, сондай-ақ шекті сауда үстемесін айқындайды.
Тармақ 15
15. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алуға қажетті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген тізімнен қалыптастырылады.
Тармақ 16
16. Мамандандырылған ұйым өткізетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңы 19-бабының 1-тармағына сәйкес, Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес тиісті Ұлытау облысының статистика департаменті қалыптастыратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының ресми нарықтық мәндерінен 10 немесе одан да көп пайызға төмен бағаларды ұстап тұру ескеріле отырып қалыптастырылады.
Тармақ 17
17. Комиссия Ұлытау облысының әкіміне сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін бекіту туралы ұсынымдар енгізеді.
Тармақ 18
18. Ұлытау облысы әкімдігінің қаулысымен Комиссияның ұсынымдары негізінде сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесі және шекті сауда үстемесі бекітіледі.
Тармақ 19
19. Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу тікелей өндірушілерден, оның ішінде форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасу арқылы жүзеге асырылады. Егер өндіруші өнімді өткізуді тікелей жүзеге асырмаса, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу азық-түлік тауарларын өткізуге маманданған көтерме сауда жеткізушілерінен (дистрибьютерлерден) жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Мамандандырылған ұйым статистикалық деректер және басқа да көздер негізінде өңірдің азық-түлік тауарларының ішкі нарығына және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нарықтарына тұрақты негізде талдау (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, запастардың, бағалардың болуы) жүргізеді, өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының көлемін айқындайды және сатып алу интервенциялары туралы шешімді қабылдайды.
Тармақ 20-1
20-1. Мамандандырылған ұйымның сатып алу интервенциялары туралы шешімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін тиімді және уақтылы қолдануды қамтамасыз ету мақсатында қабылданады.
Тармақ 21
21. Өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалануды тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлік тауарларын жаңарту жолымен мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Мамандандырылған ұйым аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету қажет баға деңгейінің көтерілуі жағдайда, 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, тауар интервенцияларын жүргізу туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 23
23. Мамандандырылған ұйым өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы жаңарту мақсатында тұрақты негізде өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларының сақталу мерзімдерін қамтамасыз етеді.
Тармақ 24
24. Өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу немесе кейін дәл сондай көлемдегі жаңа сақталу мерзімімен немесе келесі жылғы жаңа шығымнан азық-түлік тауарларын жеткізе отырып, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін азық түлік тауарларын қайтару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 25
25. Өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын тауар интервенциялары, азық-түлік тауарларын жаңарту үшін мамандандырылған ұйым өзінің өткізу нүктелері және (немесе) азық-түлік тауарларын өткізетін сауда объектілері арқылы, сондай-ақ өңдеу кәсіпорындары шекті сауда үстемесі шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін өткізуді жүзеге асырады.
Тармақ 26
26. Бұл ретте өңдеу кәсіпорны өндірген дайын азық-түлік тауарының бағасы Ұлытау облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспайды және мамандандырылған ұйымның өңдеу кәсіпорнымен жасасқан өткізу туралы шартында айтылады.
Тармақ 27
27. Басқарма мамандандырылған ұйыммен бірлесіп тауар интервенцияларын жүзеге асыратын сауда объектілерінің орналасқан жері, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті атқарушы органның және мамандандырылған ұйымның ресми сайттары арқылы халықтың назарына жеткізу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізеді.
Тармақ 2. 2 - параграф. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі
2 - параграф. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі
Тармақ 28
28. Басқарма әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру мақсатында мамандандырылған ұйымдар арқылы Комиссия айқындайтын азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз береді. Қарыз беру қарыз шартын жасасу жолымен қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және ақылылық талаптарымен жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. Бағаларды тұрақтандыру мамандандырылған ұйымның әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына белгіленген төмендетілген бөлшек/көтерме сауда бағаларын белгілеу жолымен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 30
30. Комиссия қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын мынадай талаптарға (критерийлерге) сәйкес айқындайды:
жұмыс істеп тұрған сауда объектісінің (объектілерінің) меншігінде не жалдау құқығында (қарыз беру кезеңіне қолданылу мерзімімен) немесе жұмыс істеп тұрған бөлшек сауда субъектісімен өнімді жеткізу шартының (шарттарының) болуы (қарыз беру кезеңіне қолданылу мерзімімен);
арнайы жабдығы бар сақтау инфрақұрылымының меншігінде не жалдау құқығында (қойма құрылыстарының немесе басқа да үй-жайлардың) болуы.
Тармақ 31
31. Комиссия кәсіпкерлік субъектісін айқындағаннан кейін мамандандырылған ұйым кәсіпкерлік субъектісіне қарыз береді.
Тармақ 32
32. Кәсіпкерлік субъектісі мамандандырылған ұйымның қарызын қайтару бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Міндеттемелердің орындалуы кепіл, банктік кепілдендіру, сақтандыру шарты, үшінші тұлғалардың кепілдік/кепілгерлігі түрінде қамтамасыз етіледі. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету заңнамада көзделген жазбаша нысанда ресімделеді.
Тармақ 33
33. Қарыз беру шарттары мамандандырылған ұйым мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалған қарыз шартында белгіленеді.
Тармақ 34
34. Қарыз мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыруға берілмейді.
Тармақ 35
35. Қарыз тек ұлттық валютада беріледі.