Об образовании Межведомственной комиссии по вопросам борьбы с правонарушениями и преступностью при акимате города Алматы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласының Әкiмшiлiгi жанындағы құқық бұзушылық және қылмыскерлiкпен күрес мәселесi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияны құру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 2 шiлдедегi N 507 "Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы құқық бұзушылық және қылмыскерлiкпен күрес мәселесi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияны құру туралы" қаулысына сай, атқарушы, құқық қорғау және басқа мүдделi ұйымдардың құқық бұзушылық және қылмыскерлiкпен күрес жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27 бабы 21 тармағы негiзiнде оның пәрмендiлiгiн арттыру мақсатында Алматы қаласының Әкiмшiлiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Алматы қаласының Әкiмшiлiгi жанындағы құқық бұзушылық және қылмыскерлiкпен күрес мәселесi жөнiндегi ақылдасушы-кеңестiк орган ведомствоаралық комиссия құрылсын (бұдан әрi Комиссия).
Тармақ 2
2. Комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Алматы қаласы Әкiмi жанындағы қылмыскерлiк және жемқорлықпен күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесi таратылсын.
Тармақ 4
4. Алматы қаласы Әкiмiнiң 2000 жылғы 16 мамырдағы N 468 "Қылмыскерлiкпен және жемқорлықпен күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесi туралы" шешiмiнiң, 2003 жылғы 3 ақпандағы N 12 "Алматы қаласы Әкiмiнiң 2000 жылғы 16 мамырдағы N 468 "Қылмыскерлiкпен және жемқорлықпен күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесi туралы" шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" шешiмiнiң күшi жойылды деп саналсын.
Басқа 5
Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2003 жылғы "17" қарашадағы N 5/683 қаулысымен бекiтiлдi Алматы қаласының Әкiмшiлiгi жанындағы Құқық бұзушылық және қылмыскерлiкпен күрес мәселесi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Алматы қаласының Әкiмшiлiгi жанындағы Құқық бұзушылық және қылмыскерлiкпен күрес мәселесi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi Комиссия) Алматы қаласы Әкiмшiлiгi жанындағы ақылдасушы-кеңестiк орган болып табылады және атқарушы, құқық қорғау және басқа мүдделi ұйымдардың құқық бұзушылық және қылмыскерлiкпен күрес жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу, олардың қызметiн үйлестiру, сондай-ақ оның пәрмендiлiгiн арттыру мақсатында құрылған.
Тармақ 1.2
1.2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Заңдарын, Президент пен ел Үкiметiнiң актiлерiн, Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң қаулыларын және Алматы қаласы Әкiмiнiң шешiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi
Тармақ 2.1
2.1. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) атқарушы, құқық қорғау және басқа мүдделi ұйымдардың құқық бұзушылық және қылмыскерлiкпен күрес жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу, сондай-ақ оның пәрмендiлiгiн арттыру мақсатында ведомствоаралық қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) қылмыскерлiкпен күрес жағдайының талдамасы;
Тармақша 3
3) атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдарға мына мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдамалар әзiрлеу: құқық қорғау және қылмыскерлiкпен күрес саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру; құқық қорғау және қылмыскерлiкпен күрестi күшейтуге бағытталған мемлекеттiк органдардың ұйымдық шараларын қабылдауы, оның тиiмдiлiгiн арттыру; құқық бұзушылық және қылмыспен күрес саласында қолданыстағы заңды жетiлдiру.
Тарау 3. 3. Комиссияның құқықтары
3. Комиссияның құқықтары
Тармақ 3.1
3.1. Комиссия оған жүктелген мiндеттердi белгiленген заң тәртiбiнде жүзеге асыруда мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) оның құзыретiне кiретiн ұсынымдарды әзiрлеп ұсыныстарын берсiн;
Тармақша 2
2) белгiленген заң тәртiбiнде мемлекеттiк және басқа органдардан Комиссияның мiндетiн жүзеге асыруға қажеттi материалдарды сұрастыру;
Тармақша 3
3) Комиссияның мәжiлiсiне атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдардың басшыларын Комиссияның мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша шақыру және тыңдау;
Тармақша 4
4) уақытша және тұрақты жұмыс iстейтiн сараптау және жұмыс топтарын ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) мынадай ұсыныс енгiзу: қылмыскерлiкпен күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесi бойынша заңнамаларды жетiлдiру; iшкi iстер органдарының құрылымдарын жетiлдiру, оның қызметiнiң басым бағыттарын анықтау; заңнамаларға сәйкес қылмыскерлiкпен күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесi бойынша тиiстi шаралар қолдану; Қазақстан Республикасының қылмыскерлiкпен күрес мәселесi бойынша заңдардың және басқа нормалық-құқықтық актiлердiң орындалуын қамтамасыз етпеген жағдайда атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдардың басшылары мен лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi;
Тармақша 6
6) оның құзыретiне кiретiн өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тарау 4. 4. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
4. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 4.1
4.1. Комиссия жұмысына басшылықты оның төрағасы болып табылатын Алматы қаласының Әкiмi жүзеге асырады.
Тармақ 4.2
4.2. Комиссияның жеке құрамын Алматы қаласының Әкiмi бекiтедi. Комиссияның мәжiлiсiне шақырылған тұлғалар қатыса алады.
Тармақ 4.3
4.3. Комиссия жұмысы жоспарға сай жүзеге асырылады.
Тармақ 4.4
4.4. Комиссия мәжiлiсi қажетiне қарай оның мүшелерiнiң екiден үш мүшелерiнiң қатысуымен жүргiзiледi.
Тармақ 4.5
4.5. Күн тәртiбiндегi мәселе бойынша шешiм ашық дауыспен қабылданады және қабылданды деп есептеледi егер оған Комиссия мүшелерiнiң көпшiлiгi дауыс берген жағдайда. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
Тармақ 4.6
4.6. Комиссия шешiмi хаттамамен ресiмделедi, оны белгiленген тәртiпте жұмыс органы әзiрлеп, Комиссия төрағасы қол қояды және қаланың барлық мүдделi мемлекеттiк және өзге органдарына жiберiледi.
Тармақ 4.7
4.7. Комиссияның жұмыс органы Алматы қаласы Әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық бөлiмi болып табылады, мүдделi мемлекеттiк органдар мен өзге ұйымдар берген құжаттар негiзiнде Комиссия мәжiлiсiнiң күн тәртiбi бойынша қажеттi материалдарды бередi және белгiленген тәртiпте Комиссия қабылдаған шешiмдердiң орындалуын қамтамасыз етедi.