Об утверждении Типового положения о дисциплинарном совете при акимах областей, городов Акмолы и Алматы Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстардың, Ақмола және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы тәртiптiк кеңестер туралы үлгi ереженi бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.03.1999 № 218 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Облыстардың, Ақмола және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы тәртiптiк кеңестер туралы үлгi ереже бекiтiлсiн.
Басқа 1. Облыстардың, Ақмола және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы тәртiптiк кеңестер туралы ҮЛГI ЕРЕЖЕЛЕР
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1547 қаулысымен бекiтiлген Облыстардың, Ақмола және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы тәртiптiк кеңестер туралы ҮЛГI ЕРЕЖЕЛЕР Осы Үлгi ереже облыстардың, Ақмола және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы тәртiптiк кеңестердiң өкiлеттiгiн, қызметiн ұйымдастыру мен тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 1
1. Облыстардың, Ақмола және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы тәртiптiк кеңестер (бұдан әрi - Кеңес) мемлекеттiк тәртiптi нығайту және жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының жауапкершiлiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн қарайтын консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметiнде заңдылық, объективтiлiк және әдiлеттiлiк принциптерiн басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) тиiсiнше облыстың, Ақмола және Алматы қалаларының әкiмiнiң (бұдан әрi - әкiм) қарауына тәртiптiк терiс қылықтарға, соның iшiнде билiк пен қызмет бабын асыра пайдалануға, қызмет этикасы ережелерiн бұзуға жол берген жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарын тәртiптiк жауапқа тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
Тармақша 2
2) әкiм үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде мемлекеттiк тәртiптi нығайту, жергiлiктi атқарушы органдардың маслихаттар аппараттарының лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет туралы заң талаптары мен қызмет этикасы ережелерiн сақтауын қамтамасыз ету жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстарды талдап жасау;
Тармақша 3
3) жергiлiктi атқарушы органдардың, маслихаттар аппараттарының лауазымды адамдарының билiктi немесе қызмет бабын асыра пайдалану фактiлерi туралы азаматтардың өтiнiш-арыздарын, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қарау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Жоғарғы тәртiптiк кеңесiнiң қарауына мемлекеттiк тәртiптi нығайтуға және мемлекеттiк қызметтiң жұмыс iстеуiнiң пәрмендiлiгiн арттыруға бағытталған ұсыныстарды енгiзу.
Тармақ 4
4. Кеңестiң құрамын әкiм құрады және ол Төраға мен Кеңес мүшелерiнен тұрады, олар: мәслихат депутаттары, жергiлiктi жұртшылықтың беделдi өкiлдерi, лауазымы бойынша - облыс (Ақмола және Алматы қалаларының) прокуроры, аумақтық әдiлет басқармасының бастығы. Кеңес Төрағасын Республиканың Жоғары тәртiптiк кеңесi Төрағасымен алдын ала келiскеннен кейiн әкiм тағайындайды. Кеңес Төрағасының лауазымы мемлекеттiк қызметшi лауазымы болып табылады. Кеңес мүшелерi өз мiндеттерiн қоғамдық негiзде жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Кеңес Төрағасы:
Тармақша 1
1) Кеңестiң жеке құрамы туралы ұсынысты әкiмнiң қарауына енгiзедi;
Тармақша 2
2) Кеңес қызметiн ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;
Тармақша 3
3) Кеңес отырыстарының күн тәртiбiн белгiлейдi;
Тармақша 4
4) Кеңес отырысын шақырады және оған төрағалық етедi. Кеңес Төрағасы болмағанда отырыстарда оның өкiлеттiгi бойынша Кеңес мүшелерiнiң бiрi төрағалық етедi;
Тармақша 5
5) Кеңес мүшелерiнiң арасынан Кеңес отырысында қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны белгiлейдi;
Тармақша 6
6) республиканың Жоғарғы тәртiптiк кеңесiнiң алдында Кеңес жұмысының қорытындылары туралы жүйелi түрде есеп бередi;
Тармақша 7
7) оқтын-оқтын (жарты жылда бiр рет) Кеңес жұмысының қорытындылары туралы әкiмге хабарлап отырады;
Тармақша 8
8) Кеңестiң регламентiн оның бекiтуiне ұсынады;
Тармақша 9
9) осы үлгi ережеде, заңдарда, Кеңес Регламентiнде көзделген өзге өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Кеңес отырыстары:
Тармақша 1
1) оларға Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды деп есептеледi;
Тармақша 2
2) қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жылына кемiнде төрт рет өткiзiледi;
Тармақша 3
3) ашық түрде өткiзiледi. Қажет болған жағдайда, егер мәселенi қарау мемлекеттiк құпияларға қатысты болса, онда Кеңес Төрағасының шешiмi бойынша жабық отырыстар жүргiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 7
7. Кеңес шешiмдерi отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының жай көпшiлiк даусымен қабылдайды. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушiнiң дауысы шешушi дауыс болып табылады.
Тармақ 8
8. Кеңес өз құзыретiнiң шегiнде:
Тармақша 1
1) өз отырыстарында жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын тыңдауға;
Тармақша 2
2) жергiлiктi атқарушы органдардан, мәслихаттар аппараттарынан, Республика Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың және орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнен, сондай-ақ ұйымдардан қажеттi құжаттарды, материалдар мен ақпараттарды сұратуға;
Тармақша 3
3) жергiлiктi атқарушы органдарға, мәслихаттар аппараттарына орындауға мiндеттi тапсырмалар беруге;
Тармақша 4
4) тиiстi лауазымды адамдардан ауызша және жазбаша түсiнiктемелер талап етуге;
Тармақша 5
5) тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың, мәслихаттар аппараттарының басшыларынан мемлекеттiк қызметшiлердiң билiктi немесе қызмет бабын асыра пайдалануы, қызмет этикасы ережелерiн бұзуы фактiлерi бойынша тексерiстер мен қызметтен тексерулер жүргiзудi талап етуге;
Тармақша 6
6) штаттан тыс инспекторлар ретiнде жергiлiктi жұртшылықтың беделдi және кәсiби даярлығы бар өкiлдерiн тексерiстер, қызметтiк тексерулер жүргiзуге қатысу үшiн тартуға құқылы.
Тармақ 9
9. Кеңес жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының, олардың орынбасарларының, аталған органдардың, мәслихаттардың лауазымды адамдарының тәртiптiк iстерiн қарайды.
Тармақ 10
10. Азаматтардың өтiнiш-арыздарын, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қарау қорытындылары бойынша Кеңес мүшелерiнiң тексеру жүргiзуi туралы шешiм қабылдауы не оны жүргiзуi жергiлiктi өкiлеттi атқарушы органға немесе лауазымды адамға тексеру қорытындылары туралы Кеңес алдында мiндеттi есеп беретiн етiп тапсыруы мүмкiн.
Тармақ 11
11. Кеңес қарауға қабылдаған тәртiптiк iс екi апта мерзiмде қаралуға тиiс. Кеңес отырысында тәртiптiк iстi қарағанға дейiн iске қатысы бар жағдайлар мен мәлiметтерге алдын ала тексеру жүргiзiледi, тәртiптiк жауапқа тартылып отырған адамнан жазбаша түсiнiктеме алынады. Кеңес отырысында тәртiптiк iстi қарау, әдетте, тәртiптiк жауапқа тартылып отырған адамның қатысуымен жүргiзiледi.
Тармақ 12
12. Тәртiптiк iстi қарау қорытындылары бойынша Кеңес мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдай алады:
Тармақша 1
1) Әкiмге немесе жергiлiктi атқарушы органдардың, мәслихаттар аппараттарының басшыларына тиiстi тәртiптiк жаза қолдануды ұсыну;
Тармақша 2
2) мән-жайы бойынша шешiм қабылдау үшiн тәртiптiк iс материалдарын құзыреттi мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның қарауына жiберу;
Тармақша 3
3) тәртiптiк iстi тоқтату.
Тармақ 13
13. Мемлекеттiк қызметшiнiң iс-әрекетiнде қылмыс белгiлерi болған кезде, Кеңес бұл қызметшiнi заңдарда белгiленген тәртiппен қылмыстық жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн, тиiстi құжаттар мен материалдарды тиiсiнше облыстың, Ақмола және Алматы қалаларының әкiмiне жiбередi.
Тармақ 14
14. Әкiм немесе Кеңес Төрағасы Кеңес шешiмiмен келiспеген жағдайда тиiстi ұсыныспен Республиканың Жоғары тәртiптiк кеңесiне жүгiне алады.
Тармақ 15
15. Кеңес қызметiнiң тәртiбi, оның iшiнде тәртiптiк iстердi қарау тәртiбi осы Үлгi ережемен қатар, Республика заңдарымен және Кеңес Регламентiмен айқындалады.
Тармақ 16
16. Кеңес қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi әкiм аппаратының тиiстi құрылымдық бөлiмшелерi жүзеге асырады.