Об организации борьбы с отдельными видами хищных зверей Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жыртқыш аңдардың кейбiр түрлерiне қарсы күрестi ұйымдастыру туралы Соңғы жылдары облыс аумағында жыртқыш аңдардың кейбiр түрлерi санының көбеюi байқалуда, елдi мекендерде олардың ауыл шаруашылық малына шабуылы жиiлеп, таратушысы жыртқыш аңдар болып табылатын құтыру ауруының күрт көбею фактiлерi тiркелдi. " Нормативтiк құқықтық актiлер туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және "Республикадағы жыртқыш аңдардың кейбiр түрлерiнiң санын реттеу шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 5 қыркүйектегi N 1230 қаулысының 2 тармағын орындау үшiн, жыртқыш аңдардың кейбiр түрлерiнiң ауыл шаруашылығына тигiзiп отырған залалын ескере отырып және олардың санын реттеу мақсатында Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Оңтүстiк Қазақстан облысының табиғатты қорғау басқармасы аңшылықты пайдаланушылар мен аңшыларды материалдық ынталандыру мақсатында облыс аумағындағы қасқырлар мен шиебөрiлер санын реттеу мақсатында жыл сайын табиғатты қорғау iс-шараларының жоспарында, белгiленген тәртiпте қарау үшiн, әрбiр олжа жыртқышқа төленетiн сыйақы шығынын қарастырсын (терiнiң құнын есептемегенде), сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарының талаптарына сәйкес жыртқыш аңдардың санын реттеумен байланысты басқа да iс-қимылдар жасасын.
Тармақ 2
2. Қасқырларды және шиебөрiлердi аулауды ынталандыру үшiн әр ересек қасқыр басына 6000 теңге мөлшерiнде, бөлтiрiк басына 2500 теңге және шиебөрi басына 2000 теңге мөлшерiнде сыйақы (терiнiң құнын есептемегенде) белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Қала және аудан әкiмдерi Оңтүстiк Қазақстан облысының орман және жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi басқармасымен (Ү.К.Әмiрәлиев) бiрлесiп:
Тармақша 1
1) аңшылықты пайдаланушылармен бiрге қасқырлар мен шиебөрiлер санын есепке алу және реттеу жұмыстарын ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) қажеттi көлiк және құрал-жабдықтармен жабдықталған арнайы қасқыр аулайтын аңшылар бригадаларын ұйымдастыру жөнiнен шаралар қабылдасын;
Тармақша 3
3) облыс аумағында ауланған қасқырлар терiсiн өңдеу жұмыстарын ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары И.Әбiшевке жүктелсiн.