Об утверждении Инструкции по проведению конкурса на замещение вакантной должности частного нотариуса Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшiн конкурс өткiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасының негiзiнде БҰЙЫРАМЫH:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшiн конкурс өткiзу жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Аумақтық әдiлет органдарының бастықтары бекiтiлген Нұсқаулықтың тиiсiнше қолданылуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет бірінші вице-министрі И.Д.Меркельге жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастан күшiне енедi.
Басқа 5. Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшiн конкурс өткiзу жөнiнде нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 259 бұйрығымен бекiтiлген Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшiн конкурс өткiзу жөнiнде нұсқаулық
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық жекеше нотариустардың бос орнына орналасуға конкурстық iрiктеу өткiзудiң (бұдан әрi - Конкурс) өткізу жөніндегі аумақтық әділет органдарының әрекетін егжей-тегжейлі көрсетеді.
Тармақ 2
2. Жекеше нотариустардың бос орнына орналасуға конкурстық іріктеу нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар адамдар және жеке нотариаттық практикамен айналысқысы келетіндердің арасынан жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Бос лауазым ретiнде нотариусты нотариаттық палата мүшелерiнiң қатарынан шығаруға және оны есептiк тiркеуден алып тастауға байланысты, сондай-ақ жекеше нотариустың қосымша бірлігін "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабы 7-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрі бекіткен жағдайда құралған бос орын танылады.
Тармақ 4
4. Конкурстық комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) бос орын құралғаны туралы мәліметті аумақтық әділет органдары нотариаттық палатадан жекеше нотариустың оның қатарынан шығарылғаны және жекеше нотариусты есептік тіркеуден алып тастағаны туралы мәліметті алған күннен бастап, сондай-ақ жекеше нотариустың қосымша бірлігін бекіткен жағдайда бес күн мерзімде ұсынады.
Тармақ 2. 2. Конкурстық комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастыру тәртiбi
2. Конкурстық комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастыру тәртiбi
Тармақ 5
5. Комиссияны аумақтық әділет органы нотариаттық палатамен бірлесе отырып құрады.
Тармақ 6
6. Комиссия құрамын аумақтық әділет органы нотариаттық палатаның келісімі бойынша бекітеді.
Тармақ 7
7.
Тармақ 8
8. Аумақтық әділет органы бос орындар туралы мәліметтерін Комиссияға ұсынуына қарай Комиссия отырысын өткізуге бастамашылық етеді.
Тармақ 9
9. Комиссия қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету аумақтық әділет органына жүктеледі.
Тармақ 10
10. Аумақтық әділет органы нотариаттық палатамен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық нотариаттық палатасымен бірлесе отырып әзірленген Конкурстық комиссиясы туралы Үлгі ережесінің негізінде Комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді.
Тармақ 11
11.
Тармақ 12
12.
Тармақ 13
13.
Тармақ 3. 3. Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшiн конкурсты ұйымдастыру және өткiзу
3. Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшiн конкурсты ұйымдастыру және өткiзу
Тармақ 14
14. Аумақтық әділет органы:
Тармақша 1
1) жекеше нотариустың бос орынына орналасу үшін конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялайды;
Тармақша 2
2) Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан (бұдан әрі - үміткерлер) құжаттарды қабылдауды ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) үміткерлерге Комиссия шешімін береді.
Тармақ 15
15.
Тармақ 16
16. Конкурсқа:
Тармақша 1
1) алынып тасталды ;
Тармақша 2
2) Заңның 12-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен iс-әрекет жасауға қабiлетсiз не iс-әрекет жасауға қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 41-бабына және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 52-бабына сәйкес заңды күшiне енген сот шешiмiмен белгiлi бiр мерзiм iшiнде нотариаттық қызметпен айналысу құқығынан айырылған;
Тармақша 4
4) Заңның 6-бабының 1-тармақшасының екінші абзацына сәйкес өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiппен соттылығы алынбаған;
Тармақша 5
5) Заңның 6-бабының 1-тармағының үшінші абзацына сәйкес өзiне қатысты ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық iс тоқтатылған;
Тармақша 6
6) Заңның 6-бабының 1-тармағының үшінші абзацына сәйкес лицензиясы керi қайтарылып алынғандықтан не нотариаттық iс-әрекет жасау кезiнде Қазақстан Республикасының заңдарының бұзылуына жол бергенi үшiн мемлекеттік нотариус қызметiнен босатылғандықтан нотариаттық қызметтi тоқтатқан адам осындай оқиға болғаннан кейiн үш жыл бойы жiберiлмейдi.
Тармақ 17
17. Аумақтық әдiлет органы бос орын пайда болғаны туралы мәлiметті алған күннен бастап он күн мерзiмде хабарландыру жариялайды.
Тармақ 18
18. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жарияланады.
Тармақ 19
19. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтердi: аумақтық әдiлет органының орналасқан жерi, пошталық мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетiлген толық атауын; нотариаттық округтiң атауы және жекеше нотариустың бос орны пайда болған қаланы, ауданды көрсетудi; жекеше нотариусқа қойылатын біліктiлік талаптарына сәйкес айқындалған үмiткерге негізгi талапты; құжаттарды қабылдау тәртібi және мерзiмдерін: конкурсты өткiзу орнын: Комиссияның қарауына ұсынылған құжаттардың тізбесін қамтиды. Хабарландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қосымша ақпаратты қамтуы мүмкін.
Тармақ 20
20. Аумақтық әділет органы хабарландыру жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде үміткерлердің өтініштерін Комиссияға үлгі нысан бойынша, осы Ереженің қосымшасына сәйкес мынадай құжаттарды қабылдайды:
Тармақша 1
1) үмiткердің фотосуреті бар жеке іс парақ (оның нақты тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы мен телефонын және байланыс телефонын көрсете отыра);
Тармақша 2
2) жеке куәлiктің немесе Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатының көшірмесi;
Тармақша 3
3) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның көшiрмесi;
Тармақша 4
4) еңбек кiтапшасының нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
Тармақша 5
5) Комиссияға тапсырғанға дейiн бiр ай бұрын үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден берiлген медициналық анықтама;
Тармақша 6
6) бүкiл республика бойынша мәлiметтердi көрсете отырып, Комиссияға тапсырғанға дейiн бiр ай бұрын тұрғылықты жерi бойынша үмiткерге берiлген соттылығы жоқтығы туралы анықтаманы қоса бередi.
Тармақ 21
21. Аумақтық әділет органы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен үміткердің беделіне (біліктілігін арттыруы, ғылыми дәреже мен атақ берілгені туралы құжаттардан көшірмелер, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат қабылдайды.
Тармақ 22
22. Комиссияға түскен құжаттар аумақтық әдiлет органы кеңсесiнiң арнайы жеке журналында тiркеледi. Өтiнiш тiркелгеннен кейiн үмiткерге аумақтық әдiлет органы үш күн iшiнде ұсынылған құжаттар пакетiнiң толықтығына тексерiс жүргiзедi. Құжаттар дұрыс ресiмделмеген не құжаттар пакетi толық тапсырылмаған жағдайда аумақтық әдiлет органы үмiткерге құжаттарды қабылдау мерзiмi аяқталғанға дейiн белгiленген талаптарға сәйкес құжаттарды алып келудi жазбаша түрде ұсынады.
Тармақ 23
23. Құжаттарды қабылдау конкурс туралы хабарландыруда белгiленген мерзiм аяқталған күнi аяқталады.
Тармақ 24
24.
Тармақ 25
25.
Тармақ 26
26.
Тармақ 27
27. Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлерге аумақтық әділет органы Конкурстың өткізілуіне дейінгі он күннен кешіктірмей Конкурсқа жіберілуі туралы, сонымен қатар әңгімелесудің өтетін жері, күні мен уақыты туралы жазбаша хабарлайды.
Тармақ 28
28. Конкурсқа қатысуға жiберiлмеген Үмiткерлерге тиiстi шешiм қабылданғаннан кейiн аумақтық әділет органы хабардар етедi. Аумақтық әділет органы бұл жағдайда Конкурсқа қатысушыға заңнама нормаларына сiлтемесiмен, сондай-ақ оның Конкурсқа қатысуға жiберiлмеуi туралы шешiмдi қабылдау үшiн негiз болған басқа да дәлелдер мен себептер көрсетiлген Комиссияның дәлелденген шешімін оның енгiзiлген күнiнен бастап бес күн кешiктiрмей береді.
Тармақ 29
29.
Тармақ 30
30.
Тармақ 31
31.
Тармақ 32
32. Заңның 33-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жекеше нотариустың бос лауазымына орналасуға үмiткерлердiң конкурстық iрiктеуден өтуi туралы Комиссияның шешiмi тиiстi нотариаттық округтың нотариаттық палатасы мүшелiгiне жекеше нотариустың бос лауазымына үмiткерлердi қабылдау үшiн және оның аумақтық әдiлет органында есептiк тiркелуiне негiз болып табылады.
Тармақ 33
33. Егер Конкурс Комиссиясының нәтижесiнде бос орынға орналасуға ұсынылатын үмiткерлер iрiктелмеген болса, аумақтық әділет органы қайталама конкурс жариялауы қажет.
Тармақ 34
34. Аумақтық әділет органы жекеше нотариустың бос лауазымына конкурстық іріктеуден өтпеген үміткерге кейінгі конкурстарға қайталама қатысуға кедергі келтіруге құқығы жоқ.
Тармақ 35
35. Комиссия шешiмi сот тәртiбiмен шағымдалуы мүмкiн.
Тармақ 4. 4. Қорытынды ережелер
4. Қорытынды ережелер
Басқа 60. Үлгі өтініш
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 259 бұйрығымен бекiтiлген Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшiн конкурс өткiзу жөнiнде нұсқаулыққа қосымша _____________________облысының конкурстық комиссия төрағасына ______________________________ ______________________________ мекен-жайы: __________________ ______________________________ Үлгі өтініш Менi ________________________________________________________ (бос орын бар нотариаттық округтiң әкiмшілiк-аумақтық бiрлiгi көрсетiледi) _____________ жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшiн конкурсқа қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшiн конкурс өткiзу нұсқаулығының негiзгі талаптарымен таныстым және оларды орындауға мiндеттенемiн. Мен тапсырған құжаттардың түпнұсқалығына өзiмнiң толық жауапкершiлiгiмдi растаймын. _____________                                _____________________ (қолы)                                           (аты-жөнi) "___"___________ 200__ж.